Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: « Дені саудың – жаны сау»

Спорттық ойын-сауық.
Тақырыбы: « Дені саудың – жаны сау»
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау,  орамал, арқан.
Барысы:
Ұйымдастыру

Денсаулық — бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, — деп бүгінгі эстафеталық жарысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Жарысымыз 2 командадан тұрады.
1 команда «Жас ұлан»
2 команда «Достық»

3 команда «Жас қыран»
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Усабаева Нұргүл

2.Нусипбеков Медет

Ал енді, халайық сайысқа қатысушыларды қарсы алайық. Ортаға командаларды шақырамыз.

1  кезең-     Допты апарып қойып келесі әкелу

2  кезең-     Допты аяқ арасына қысып секіру

3  кезең-     Қаппен секіру

4  кезең-     Допты жоғардан беру

 5 кезең-     Допты аяқ арасынан беру

6 кезең-    Допты торға түсіру

7 кезең-    Скакалкамен секіру

8 кезең-    Арқан тартыс

Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Құттықтап,марапаттау.
Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!