«Ана – тіршілік тірегі»

50

 

Тақырыбы: «Ана – тіршілік тірегі»

Мақасаты:

Білімділік: оқушыларды мейрімділікке, аналардың, ұстаздардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуін, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру;

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

Тәрбиелілік: оқушыларды адамгершілкке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Әдісі: сайыс сабақ.

Көрнекілігі:

Даналық сөздер:

“Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана  деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.”

(шарлар,гүлдер, сыйлықтар, магнитафон, (дискСД) фотоапарат

Барысы:

І Мұғалімінің кіріспе сөзі.

Ана,Ана,Ана! Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді?

            Дүниеде ананың мейіріміне,аялы алақанына не жетеді? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында, меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың деген сөз ананың  соншалықты қадірлі екенін  адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Сондықтан бұл сөздің мәнін ананың қабағына кірбің  түсірмей аялап ғұмыр кешу деп ұғамыз. Келесі «Ана –тірішілік тірегі» атты  сайысымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейрім мен нұр  тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Біз бақытты балған шақты балалар,-дей келе анаға арналған әнді  жолдаймыз.

ӘН: ………………………………………………………………

Орындайтын………………………………………………..

Уа арқдақты аналар!

Бүгін біздер жарысайық.

Бір-бірімізбен бақ сынасып

Белсенділік танытайық- деп, бізге әділ бағасын беретін қазыларымызды сайлап, майлап алайық. (Әділқазыларды сайлау)

Әділқазыларымызды сайлап болсақ, сайыстың кезеңдеріне тоқталайын:

Сайыстың жоспары:

І. Таныстыру.

ІІ. «Зерделінің ойы озық» /сұрақ -жауап/

ІІІ. “Өнерлі өрге жүзер” /өз өнерін көрсету/

ІV. “Ас – адамның арқауы” /1 күндік ас мәзірі,  сәндік үстел дайындау/

  1. “Қазақтың салт-дәстүрлері-ай…” /салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтар/

VІ. “Ананың алақанын сипап сезу”

VІІ. “Әлемнің жарығын ,сыйладың сен маған” /жылы лебіздер білдіру/

  • Сайсытың кезеңдерімен танысып болсақ, сайсымызды бастамас бұрын, көңілімізді «Қара жорға» биімен бір серпілтіп алайық.

Би: «Қара жорға»

Орындайтындар:………………………………………………………

  • І кезең: таныстыру:

Өнер қуып аналар өтер  деймін,

Баласымен мұратына жетер деймін.

Бұл сайыста аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

(Аналар өздерін таныстырып болған соң, әділқазылар бағасын береді)

 

ІІ кезең. «Зерделінің ойы озық» (сұрақтарға жауап беру)

8 сұрақ қойылады.

«Жасында байқары оқтың, үлкейгенде айтары жоқ,»- дегендей халқымыздың жас шағында көп нәрсеге зерек салып, байқап жүруге бағдар береді. Ендігі кезекте сынға түскен аналарымыздың берілген сұраққа дәл де нақты жауап берулерін байқайық.

№ 1 тапсырма

  1. Ұлттық аспап? (домбыра)
  2. Жүз жыл? (ғасыр)
  3. Ең киелі құс? (аққу)
  4. 1 аптада неше күн бар? (7)
  5. 1 жылда неше ай бар? (12)
  6. Исламның қасиетті кітабы? (Құран)
  7. Сөз өнері сайысы? (Айтыс)
  8. Тұңғыш ғарышкер кім? (Т. Әубәкіров)

№2 тапсырма

  1. Қасиетті тағам? (нан)
  2. Республикалық рәміздер?(ту, елтаңба, гимн)
  3. Қазақтың ұлы ақыны? (Абай)
  4. Үш биді ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
  5. Қр астанасы қай қала? (Астана)
  6. Үш арсыз? (ұйқы, күлкі, тамақ)
  7. Білім күні? (1 қыркүйек)
  8. 1 жылда неше күн бар? (365-366 күн)

№ 3 тапсырма

  1. Ұлыстың Ұлы күні? (Наурыз)
  2. Ең суық мезгіл? (қыс)
  3. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
  4. Зат есімнің сұрақтары? (Км? не? Кімдер? Нелер? )
  5. Төрт түлікті ата? (Түйе, сиыр, жылқы, қой-ешкі)
  6. Ауыз бекіту айы? (Ораза)
  7. Сөздің көркі не? (мақал)
  8. Қолсыз, аяқсыз, есікті соғады? (жел)

№4 тапсырма

  1. Етістіктің сұрақтары? (Не істеді? не қылды? Қайтты?)
  2. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. Ол не? (кітап)
  3. Анаңның әкесі?(Нағашы ата)
  4. Тәуелсіздік күні? (16-желтоқсан)
  5. Белгілі суретші? (Ә. Қастеев)
  6. Қазақстанның туында не бейнеленген? (Күн, қыран, ою)
  7. 1 дм-де неше см бар? (10)
  8. «Жоқ» сөзінің орысшасы? (нет)

 

(әділқазылардан бағасын сұрау)

Ана-жұмақ, мен-шуақ саябағы,

Ана-шырақ, мен-сұрақ санадағы.

Ана –теңіз, мен-қайық тербетілген,

Ана –бұлақ, мен құрақ жағадағы,- дей келе анларымыздың құрметіне сябақ, сұрақ, қайық пен құраққа теңестірілген балалары өз өнерін көрсетеді.

Күй:………………………………….

Орындайтын:……………………….

 

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты?

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

«Өнерлі өргежүзер» байқауында

Қол соғып, барша халық тамсаныпты.- деп   келесі кезеңге көшсек. Бұл кезең: «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. (Әділқазылар ө бағаларын береді)

 

  • Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,- дей  аналардың күш қайртатын , ақыл-парасатын сынға алар кез келді. Бұл кезең «Ас-адамның арқауы» деп аталады. Аналар өздерінің 1 күндік ас мәзірінің ретін жазып көрсетеді. Ал  ер балалар аналарға арнап сәндік үстел әзірлейді. Бұл жерде тек қана әсемді пен икемдікіті сынға аламыз. Уақыт шектеулі – 5 минут.

  • Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар-, деп ортаға  әнші балдарымызды шақырамыз.

Ән: …………………………………

Орындайтын:………………………………..

(әділқазылардан бағасын сұрау)

Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді  ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді  ардақтайық,ағайын,

Қазақ атты: үлкен,кіші,балдырған, дей келе «қазақтың салт-дәстүрлері –ай » деген кезеңге көшсек.

Салт дәстүрлерге байланысты сұрақтар:

1.Қалжа деген не? (жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ, жақын адамдар да қалжа алып келеді)

  1. Тоқымқағар деген не? (баласы ең алғаш сапарға шығып келгенде жасалатын дәстүр)

3.Тұлым деген не? (баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды, әсіресе қыз балаларға)

4.Ішірткі деген не? (халық емшілері, молдалар дұға жазып беріп, оны ауру адамдарға суға езіп ішкізеді)

 

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып ……………………………………….орындауындағы «………………………….» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі кезең  “Ананың алақанын сипап сезу” деп аталады.

Шарты: аналар мен балалар екі қатарға тұрады, балалар аналарын көрмес үшін көздерін байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлауылы күйі барлық анлардың алақынының арасынан өз анасының алақынын сипап-сезу арқылы табуы керек.

 

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолында,- дей келе сыныптағы ер балалардың өнерін тамашайлаық.

Пародия:……………………………………….

Орындайтын:…………………………………………

 

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын балалардың аналарға арналған ыстық лебіздерін тыңдаңыздар.

 

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

 

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Ананы да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді аналарға береміз.