Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-желтоқсан (Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кеш)

 

Тақырыбы: Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-желтоқсан  (Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кеш)

Мақсаты: Тәуелсіздік  күні  туралы  терең   мағлұмат  беру. Тәуелсіздік  үшін  күресіп, желтоқсан  құрбаны  болған  өмірі, ерлігі  жайында  түсіндіру.

Оқушыларды адамгершілікке, ұлтын, Отанын сүюге, тарихта болған

оқиғалардың мәнін түсінуге, ұлтжандыққа, жолдастыққа тәрбиелеу

Түрі: Әдеби- музыкалық монтаж

Өтетін орны: Акт залы

Көрнекілігі: Қазақстан  Республикасының  картасы, Н. Ә. Назарбаевтың

суреті,  рәміздер,   нақыл   сөздер,газет, кітаптар. Мақал – мәтелдер.

 

1-жүргізуші: — Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және осы жиынның қонақтары!

2- жүргізуші: « Ар-намысым, қасіретім, қуанышым- желтоқсан» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін!

Әнұран шырқалады.

1- жүргізуші: Туған  жерін  сүймейтін  адам  жоқ. Тек  өз  сезімін  әркім әр

түрлі  жеткізуі  мүмкін.

2-жүргізуші: Туған  жердің  көгілдір  аспаны сенің  кеудең секілді. Сол  аспанның  төсінде  түнде  жарқырап  тұрған  жұлдыздар   сенің  көздерің  секілді.  Сен  сол  туған  жердің  аспанымен  тыныстайсың. Туған  жердің  жарық  күнімен  алысқа  қарайсың.

1-жүргізуші:              Отан  дейміз от  жаққан  жерімізді,

Отан  дейміз  өсірген  елімізді.

Отан  дейміз туған  жер,  атамекен –

Биік  тау,  орман,  тоғай,  көлімізді.

2- жүргізуші:             Отан  дейміз  кең – байтақ  астананы,

Жасыл  жайлау,  жаңа  жол,  жас  қаланы.

Отанның  шеті  де  жоқ,  шегі  де  жоқ,

Ол  бірақ  өз  үйіңнен  басталады.

Бір  оқушы     “Мен  қазақпын  мың  өліп  мың  тірілген” – атты  өлеңін  мәнерлеп  оқиды.

1-жұргізуші:     — Дауылға желтоқсанның желі айналды.

Ашуға мінді алатау кәрі, айбарлы

Күтпеген іс ақыры не болды деп

Күллі әлем алматыға қарай қалды

2-жүргізуші:  — Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы, сол бір айда

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Баяндама «Тәуелсіздік таңы»

Жайлап “Елім -ай”  әні  орындалып  тұрады.

Оқушы:  Қазақтың  ат  тұяғы  басқан,  кіндік  қаны  тамған

жері  өте  үлкен. Жері,  елі  бай  қазақ   халқы  осы  күнге  жету  үшін  талай  қиыншылықтарды  бастан  өткерді.

Қазақ   халқының  дүние  жүзіне  бытырап  кетуіне  негізінен   көршілес  отырған  үлкен  мемлекеттер   кінәлі  еді. Тарих  бетін  үңіле   отырып  осыған  бір  көз  жүгіртейік. Өйткені  өткенін  білмеген  азамат  болашағын  болжай  алмас.

Осыдан  үш  ғасырдай  бұрын  ата – бабамыз  мекен  еткен  ұлан – ғайыр  кең,   әрі  шұрайлы  жерге  көптің  көзі  түсіп,  өз  тұрағына  айналдырмақ  ойлары  болды.  Осы  кезеңде   “Ақтабан  шұбырынды”, “Алакөл  сұлама”  оқиғасын  туғызған  Жоңғар  деген  үлкен  мемлекет  жасаған  шапқыншылық  бүкіл  қазақ  халқын  күйзеліске  ұшыратып,  қысылтаяң  күн  туғызды,  Елде  бірлік  ынтымақ  бұзылып,  әр  ру  өз  тұқымын  аман  алып  қалу  үшін  бас  сауғалап  сан  тарапқа  сенделіп  кете  берді.

“Ақтабан  шұбырынды”  зардабы  басылмай  жатқанда,  алдымыздан  патшалық  Рессей  өз  өктемдігін  көрсетіп,  басып- жаншып  жетіп  келді.

Нағыз  “Тар  жол,  тайғақ  кешу” кезеңі 1930-32  жылдары  басталды.  Елдің  басына  келген  орыс  азаматы  қолдан  аштық  жасап,  халықты  қырғынға  ұшыратты,  одан  аман  қалғанын  репрессия  құрбанына  айналдырды.  Сөйтіп,  тарыдай  шашылған  қазақтар – Маңғолия,  Қытай,  Сібір,  Ауғанстан,  Иран  тіпті  Еуропа  жеріне  дейін  жетті.

Жат  жұртта   жүрген  қазақтар  туған  Отанына   жете  алмай,  зарықты.  Ата  жұртын  аңсады.  Ұшқан  құстан  сәлем айтып,  соққан  желден  хабар  сұраумен  болды.  Кейбірі  бөтен  жердің  топырағын  жамылып,  көз  жұмып  жатты.  Олар  ұрпақтарына  тарихи  Отанына  қайта  оралуды  өсиет  етіп  кетті.

1986  жылдың  желтоқсан  айының  17-18  күндері  Қазақстанның  астанасы  Алматы  қаласында  қазақ  студенттерінің  ұлттық  көтеріліске  шығуына  қазақстан  Коммунистік  партиясының  бірінші  хатшысы  Дінмұхаммет  Ахметұлы  Қонаевтың  жұмысынан  босатылып,  орнына  басқа  қаладан  келген  орыс  Геннадий   Колбиннің  тағайындалуы  себепкер  болды.  Г.В. Колбин  Қазақстанның  21- басшысы  болған.

Бұл  көтеріліске  бірнеше   жүздеген  студенттердің  қатысқаны,  оны  тоқтату  үшін  неше  түрлі  күштердің  қолданғаны  белгілі  еді.

Міне  осы   желтоқсанның   ызғары  қазақтың  жастары,  зиялы  азаматтарын  да  таңдандырды.       Бұл  туралы    деманстратциясының  ұйымдастырған  студенттерге  “ұлтшыл”,  ,”бұзақылар’’, ,”ішкіштер’’,   ,,нашақорлар’’  деген  жала  жабылды.   Солардың  қатарында

Меңлібай  Камалиденовте өте  жоғары  белсенділік  көрсетті.

Демонстрацияны  басу  үшін  70  мың  солдат  апарылды  .Олар  қазақ  жастарын  ұрып –соғып, қорлап,  айуандық  жолмен  азаптады,  бірнеше  адамға  ату  жазасын  кесіп,  қаншамасын  темі р  торға  тықты.  Қыз  балаларды   қаланың  сыртына  апарып  қардың  үстіне  отырғызды.  Ондағы  мақсат:  қазақтың  ұрпағын  көбейтпеу  керек  болса  керек.

Бірақ  біздің  жастарымыздың  ой-арманы  орындалып, кеңес

империяасының  темір  құрсауын  тас –талқан  етіп, қазақ  ұлтының  ғана  емес, бұрынғы  кеңес  халқының  азаттық, егемендік , тәуелсіздік  жолындағы  күресіне  жарқын  жол  ашқан, каммунистік  жүйенің  ыдырап,  бұрынғы  социалистік  елдердің  азаттық  алуына  қозғау  салған .

Желтоқсан  оқиғасы  хх  ғасырдағы  ұлт – азаттық  қозғалыстың  ұлы   белесі  ретінде  тарихтың  төрінен  орын  алды .

Желтоқсан  оқиғасының  құрбандары  Ләззат  Асанова , Сәбира  Мұхаметжанова, Ербол  Спатаевтардың  қатарында  жас  өмірін  жалау  еткен  қазақтың , қайсар  ұлы  Қайрат  Рысқұлбеков  халқымыздың  ұлттық  батыры  ретінде  өз  есімін  ел  жадына  мәнгілік  жазып  кетті .   Сол  кезде  Ләззат  небәрі 16  жаста  еді.  Ол  Алматыдағы   көркемсурет  училищесінің   студенті  болса,  Ербол  энергетика  институтының  студенті еді. Ол   ауруханаға  18- желтоқсан  күні  ауыр  жараланып  түскен  22- күні  қайтыс  болды.

Қайрат  Рысқұлбеков  қазақ  хаһарманы. Қайратты  үлкен  қылмыскер  деп  тапқан. 1987  жылы 1- қаңтар  күні  Көктеректе  нағашыларының  үйінде  ұйқтап  жатқанда  ұстап  әкеткен.  Оған  Савицкий  деген  милиционерді  өлтірді  деген  айып  тағылып,  ауыр  жазаға  — өлім  жазасына  кескен. Қайрат  21  жасында   21  күн  сот  алдында  нақақтан  шырылдап,  Сесей  түрмесінің  21- камерасында  21- мамыр  күні  қапылыста    қайтыс  болды.(1988).

1992  жылы  21  ақпанда  ақталды.

Тағы  осылар  сияқты   Көпесбаев Е,  Төсбөкембаев т  есімді  екі  студентті  15, 5  жылға  соттаған.  Т.  Тәшенов,  К.  Кузенбаевтар   15-14  жылға  сотталған.

Көрініс:  Темір  тордың  ішінде  Қайрат  өлең  жазып  отыр.

  • Қаймана қазақ  қамы  үшін ,

Қарусыз  шықтық  алаңға,

Алыстан  әскер  алдырып,

Қырып  салды-ау  табанда.

Сөйлесем  даусым  жетпейтін,

Кез  болдық  мына  заманға .

Шовинизм  еді  ғой

Басты  себеп  жанжалға .

Осы  кезде  екі  жендет  Қайратты  сот  залына  әкеледі .

Сот  залы

Хатшы :   — Сот  келеді  тұрыңдар !

  • Отырыңдар .

Сот  үкімді  оқиды .

-Алдағы  сот  нәтижесі  бойынша :

Қазақ  КСР Жоғарғы  сот  мәжілісі  залындағы  ашық  сот  отырысында

1987 жылдың  25  мамырдан  16  маусымына  дейін  Қайрат  Ноғайбайұлы  Рысқұлбековтың  айыптау  ісіне  қарай  келіп, жоғарыда  айтылған  оқиғалардың  негізінде  Қазақ  КСР  қылмыстық  істер  жүргізу  кодексінің  287, 299  және  301  бабтарына  сәйкес  сот  алқасы  үкім  етеді.

Қайрат  Ноғайбайұлы  Рысқұлбеков  кінәлі  деп  табылып,  мынадай  қылмыстық  жазаға  тартылсын .

Қазақ  КСР  Қылмыстық  Кодексінің  60-бабы  бойынша  3  жылға  бас  бостандығынан ,  65- бабы  бойынша  15 жылға  бас  бостандығынан  айыруға,  Қазақ  КСР  қылмыстық  кодексінің  171-1 бабы  бойынша  ең  жоғарғы  үкім  өлім  жазасына,  атуға  кесілсін .

Апасы :

  • Жоқ , бұл  үкім  дұрыс  емес .

Менің  балам  ақ, ол  қылмыскер  емес .

Хатшы :

  • Тынышталыңдар! Орындарыңызға отырыңыздар .

Сот :

  • Қайрат Рысқұлбеков  ақтық  сөзің  бар  ма ?

Қайрат :

  • Бар .

Ақтық  сөзін  оқиды .  « Ақтық  сөз >>  өлеңі .

Сот :

  • Бүгінгі сот  жабық .

Екі  жендет  Қайратты  залдан  жетеледі .

Осы  кезде :  Апасы  баласының  соңынан  жүреді .

«Анама» өлеңі  оқылады .

Ән  « Заман- ай ».

1-жүргізуші .   Сот  үкімінен  кейін  Қайрат  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президумына  Мұқашевқа  « Кешірім  беру  туралы сұраныс»  өлеңін  жазды           2 — жүргізуші .Алғашқыда  кешірім  берілмейді .  Одан  соң  ату  жазасы 20 жылға бас бостандығынан айыруға өзгертілді . Өкінішке орай,  Қайрат бұл шешімді естіместен мәңгілікке көз жұмды .

1 –жүргізуші.Қайраттың ақталуы.  – Бүкіл қазақ халқының жеңісі. 1992  жылы ақпан күні республика Жоғарғы сотының  Пленумы болып өтіп, алты алаштың азаматтары  Қайрат Рысқұлбеков, Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаев , Жамбыл Тайжұмаев және басқа да желтоқсан қаһармандары толық ақталды.

2-жүргізуші:  Қайсар  баба  жалғасы,

Өр  намыстың  құлымын.

Бізден  бөлек  қалмашы,

Тәуелсіздік   тұғырым !

1- жүргізуші:   Жүректегі  мақтаным,

Тәуелсіздік – бақ  таңым.

Ұйқылы – ояу  ұлтыма,

Абыройдың  жақ  шамын!

2- жүргізуші:  Тәуелсіздік  тәжіне,  қолымыздан  ұшырып  алған  бақыт  құсына  қол  жеткізген  күні  дүниенің  төрт  бұрышында  шашырап  жүрген  бүкіл  қазақ  қауымы  шексіз  қуанышқа  бөленді.    Рухына  рух,  деміне  дем  берген  тәуелсіздік  олардың  елге  деген  сезімін  одан  сайын  асқақтатып  тарихт  Отанына  оралуға  деген  ықыласын  арттра  түсті.  Тұңғыш  Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев  атамыз  шетелдегі  қандастарға    үндеу  жолдап,  Ұлы  көштің  тез  басталуына  қамшы  болды. Көшіп  үйренген  халқымыз  көп  ұзамай  елге  орала  бастады. ХХІ ғасырдың  басында  да  сол  көш  өз  жалғасын  тауып,  тәуелсіздікпен  қатар  жасасып  келеді.

1-жүргізуші:-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін!

2-жүргізуші:  16-желтоқсан –еліміздің тәуелсіздік  мемлекетке айналған күні. Сол күнмен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Азат елдің біліктік , білімді, жігерлі, зиялы азаматтары болынызда!

1-жүргізуші: Келесі кездескенше, хош сау болыңыздар!