«Үштік одақ» дөңгелек үстел.

184

Тақырыбы: «Үштік одақ» дөңгелек үстел.

Барысы:

Сәлематсыздар ма Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
«Мен үшін өмір керемет» атты бүгінгі ата — ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту үшін ұйымдастырылып отырған кешімізге қош келдіңіздер.

Бала – ата — ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Ата — аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Барлығымыз ортаға шығып айнала шеңбер құрып тұрайық. Қазір мен сіздермен танысу және алдағы жұмыстарымызды жасауға психологиялық дайындық мақсатында « Байланыс» тренингін өткіземін.
Әр қатысушы өзін таныстырып, сөйлемді аяқтау керек.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл….
— Отбасым бақытты болу үшін….
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі….
— Мен қалар едім отбасымның…. жіпті қолдарына бір орап келесі адамға береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір – бірімен қарым — қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата — ана, оқушы, мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс бір жерден босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?
Жақсы барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға бара берулеріңізге болады.
Бұл жұмыс адамдардың арасындағы байланыстың жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.
Келесі тапсырмада ата — ана мінсіз мұғалім, оқушы мінсіз ата — ана, мұғалімдер мінсіз оқушы моделін жасайды.
Плакат таратылып беріледі.
Бұл тапсырманың мақсаты мұғалім ата — ана оқушы үштіктігін әр қырынан талдап Бір – бірінен не талап етілетінін анықтап алу үшін қолданылады.
Құрметті мұғалімдер интерактивті тақтаға назар аударыңыздар

«Шегенің ізі»
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай ойлайсыздар ары қарай не болады?)
«Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», — деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай ойлайды?)
Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», — дейді. ( сіздердің ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)
«Балам, жарайсың, жарадың, — депті, — алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Адамдармен қарым — қатынасыңды бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», — деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?

Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата — ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым — қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру,
Жаттығу: «Жанұя бақыты» жаттығу.
Мақсаты: Ата — ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата — аналардың білімін көтеруге көмектесу.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата — ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

Келесі әдіс тәсіліміз «Алтын тақ» деп аталады. Мына орындық тақтың міндетін атқарады. Осыған отырып армандарын айтқан адамдардың армандары толық орындалады. Мен сіздерді «Алтын таққа» отырып армандарыңыздың орындалуына қадам жасауларыңызды сұраймын.
Бұл тапсырманың мақсаты ата — ана мұғалім оқушы үштігінің бірін — бірінен не күтетіндігін анықтап беру үшін қолданылады.

 

Қорытынды сөзі
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және оқушылар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл — қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!