Ән-күй (музыка ) сабағы

137

Тақырыбы:     Ән-күй (музыка ) сабағы

 

Мақсаты: а)Тақырып бойынша берілген  жаңа сөздер мен сөз тіркестерін  меңгерту.

                       Сөйлем құрауға, ән айтуға  үйрету.

                   ә) Оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.

                   б) Оқушылардың ән-күй сабағына, ән айту өнеріне деген қызығушылығын

                        тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, домбыра, ұлттық аспаптардың түрлері ,

                                         үнтаспа, слайдтар,  М.Мақатаевтың және Н.Тілендиевтің

                                           портреттері.

 

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

  1. Оқушылардың қарым-қатынасқа психологиялық дайындау
  2. Сәлемдесу ,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
  3. Тіл дамыту минутын өткізу

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Үйге берілген тапсырманы анықтау.
  2. Сұрақ-жауап әдісімен «Пәндер » мәтінінің мазмұнын әңгімелеу
  • Нұрлан мен Гүлнәр нешінші сыныпта оқиды?
  • Олар математика сабағында не істейді?
  • Бейнелеу өнері сабағында не істейді?
  • Музыка сабағында не істейді?
  • Қазақ тілі сабағында не істейді?
  1. Ойын түрінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгергенін тексеру

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

1.Тақырыпты хабарлап айтып, мақсатымен таныстыру ,тақтаға жазу

  —   Қызығушылығын ояту.

  —   Балалар музыканың қандай түрлерін білеміз?

  —  көңілді , марш, мұңлы

  —  Осы музыканы бізге не жеткізеді ?

  —   Музыкалық аспаптар.

— Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?(музыкалық аспаптарды көрсету.)

-Осы музыкалық аспаптардың ең танымалы қай аспап?

—  Домбыра

Олай болса,балалар бүгін маған сабақ жүргізуге қасиетті домбыра көмектеседі.Бұл домбыра жай домбыра емес,сиқырлы домбыра. Бұл домбыра дұрыс жауап естісе өзінен -өзі музыка тартады.

2.Оқулықпен жұмыс :

—  Сөздік жұмысын жүргізу  (жаңа сөздермен таныстыру, сөздік дәптеріне жаздыру)

  1. Дәптермен жұмыс

— Жаңа сөздермен сөйлем құрау,оны жұмыс дәптеріне жаздыру

— 1-жаттығу сөздерді оқу, аудару ,қайталау

—  2 –жаттығу мәтінді оқу , орыс тіліне аудару.

— 3-жаттығу Суретпен жұмыс ұйымдастыру ,сөйлем құрау,әңгімелеу

  1. — Ал енді бүгін біз сендермен ән үйренеміз .

      Әннің аты «Құттықтаймын ,мама ,туған күніңмен!».

      Сөзін жазған :М.Мақатаев,  Әнін жазған : Н. Тілендиев

Өлеңді оқып ,аудару мазмұнын түсіндіру

Өлеңді әнімен орындау

  1. Сабақты бекіту
  • Бүгін қай тақырыппен таныстық ?
  • Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?
  • Қандай жаңа ән үйрендіңдер?
  • Бүгін сабақ жүргізуге қандай аспап көмектесті?

 

  1. Үйге тапсырма:

15 бет жаңа сөздерді ,17 бет 6-жаттығу өлеңді жаттау.

 

  1. Оқушылардың жауабын бағалау