Ұлт болашағы біздің қолымызда

110

Сыныптан тыс жұмыс

 

Тақырыбы: Ұлт болашағы біздің қолымызда

 

Сабақтың мақсаты: 1) сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету; 2) оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетаным-дарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағды-ландыру; 3) болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, басқа тілдерді қадір тұтуға, туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты бі-лімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар.

Әдісі: сұрақ – жауап, ой – қозғау.

Түрі: сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика.

 

Сабақтың барысы

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.

— Жақсы балалар, осындай жақсы сөздермен сабағымызды бастайық.

— Балалар, өздерің байқап отырғандай, біз екі топқа бөлініп отырмыз. Қазір мен алдарыңа қағаздар беремін, ол қағаздарда орындары ауыстырылып берілген сөздер бар, сендер сол сөздердің ретін тауып дұрыс қойсаңдар, өте мағыналы бір сөйлемді оқи алады екенсіңдер. Кәне, дайынбыз ба? Табу реттіліктеріңе қарай топтарыңа ат беріледі.

 

қолында                 ұлт                    білімдінің                   болашағы

Алдарына қағаздар беру.

— Кәне, қай топ бірінші болып тапты екен?

1 топ бірінші боп тапты, ендеше бұл топқа  «Тапқырлар» аты беріледі.

2 топ екінші тапты. Бұл топ «Алғырлар» деп аталады.

— Кәне оқиықшы, қандай сойлем шықты?

«Ұлт болашағы – білімдінің қолында».

Ендеше біздің бүгінгі сайыс сабағымыздың да тақырыбы осылай аталады екен. Бүгін екі топ болып сайысып, білімдерімізді ортаға салайық.

1 кезең «Қызықты төрттілік»

 

Математика     Қазақ тілі      Дүниетану       Ана тілі

— Бұнда өздеріңе таныс төрт пән бойынша бірнешесұрақтар берілген. Пәнді таңдай отырып сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсек 5 ұпай аламыз.

Ал дайынбыз ба? Кезек бірінші топта.

Математика сұрақтары

  1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар. ( мм, см, дм, м, км)
  2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? ( ұзындығы мен енін қосамыз)
  3. 9 бен 4 көбейтіндісі нешеге тең? (36)
  4. Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам билет алды?
  5. Шаршы дегеніміз не? ( барлық қабырғасы тең төртбұрыш)
  6. Өздерің білетін геометриялық фигураларды атап беріңдер. ( шаршы, тіктөрт-           бұрыш, үшбұрыш, сәуле, кесінд т.б.)
  7. Бес тәулікте неше сағат бар?
  8. Бөлудің компоненттерін ата.
  9. Теңдеу дегеніміз не?

Қазақ тілі

  1. Мәтіннің түрлерін атаңдар. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
  2. «Хат» сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша)
  3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
  4. Негізгі сөйлем мүшесін ата. (бастауыш)
  5. Не істеді? Қайтті? Не қылды? Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (баяндауыш)
  6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке, хабарлы, сұраулы, лепті)
  7. Қос бүйірін таянып

Тұратұғын қай әріп?   (Ф)

  1. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап. (ержүрек, батыл,қайсар)
  2. Зат есім дегеніміз қандай сөз табы? (заттың атын білдіретін сөздер)

 

Дүниетану

  1. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 ж 16 жел-тоқсан)
  2. Әр адамның шағын отаны. (Отбасы)
  3. Мемлекеттік Рәміздерді ата. (Ту, Әнұран, Елтаңба)
  4. Әнұранның авторлары кімдер? (Ш. Қалдаяқов, Жүмекен Нәжімеденов, Н. Назар-баев)
  5. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)
  6. Сезім мүшелерін атап бер. (Көз, мұрын, құлақ, тіл, тері)
  7. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта)
  8. Көкжиектің неше тұсы бар? (4 тұсы бар)
  9. Жалпыхалықтың және кәсіптік мерекелерге қандай мерекелерді жатқызуға болады? (Жаңа жыл, 8-наурыз, Конституция күні, ҚР-ң Тәуелсіздік күні және мұғалім, дәрігер, шахтер күндері т.б)

 

Ана тілі

  1. Абылайдың азан шақырып қойған аты? (Әбілмансұр)
  2. «Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз? (Ы. Алтынсарин)
  3. Үш биді ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
  4. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды? (Құралай)
  5. Тұңғыш ғарышкер кім? (Ю. Гагарин)
  6. «Білімдіден шыққан сөз» кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)
  7. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы. (Аңыз)
  8. «Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам айтылған? (Наурыз)
  9. «Әке арманы» мәтінінің негізгі кейіпкерлері кімдер? (Абай мен Әбіш)

— Өте жақсы, балалар, ендеше келесі кезеңге өтелік.

2 кезең «Ұшқыр ой»

— Бұнда бір екі минут ішінде қазір алдарыңа берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек. Ол сөзді қазір алдарыңа беремін және қосымша ақ қағаз беріледі, соған шуламай отырып тез жазыпшығуларың керек.

Атамекен (ата, мекен, емен, теке, неке, кеме т.б)

Болашақ (бол, бақ, бақша, қол, шала, шақ т.б)

3 кезең «Тіл өнері»

— Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер биылдан бастап орыс тілін де оқып үйреніп жатырсыңдар, ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн екен. Орыс тілі – ұлтаралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ.

Сондықтан қазір әр топқа үш жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар. Кәне, дайынбыз ба?

Ендеше тыңдай қойыңдар.

1 – топқа :

  1. Өзі сондай-ақ,

Жесең тәтті-ақ.   (қант – сахар)

  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.   (Аю – медведь)

  1. Жазу жазып жалықпаған

Жаза – жаза арықтаған.      (Бор – мел)

2 – топқа:

  1.   Өзі таудың бөктерінде өседі

Жаңа жылда үй төріне көшеді.    (Шырша – елка)

  1. Білімнен мол сый асы

Балғындардың ұясы.      (Мектеп – школа)

  1. Қабат – қабат қаттама

Ақылың болса аттама.       (Кітап – книга)

4 кезең «Сын сағаты»

Мұнда әр топтың топ басшылары шығады. Мен оларға сұрақтар қоямын. Олар сол сұрақтарға ойланып жауап береді. Өз шешімдерін түсіндіріп айтып береді.

1 – сұрақ. Бүгінгі сабақта «2» алып қалдың. Оған ұстазың да, мамаң да қатты ренжиді. Сен сол ренішті қалай өтер едің?

2 – сұрақ. Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды, не істейсің? Үйіңдегілерге не айтасың?

— Ойлануға бір минут уақыт беріледі, сосын жауаптарыңды тыңдаймыз. Бір ғана сөзбен емес, ойланып, мықты дәлелдермен сөйлеуге тырысыңдар, жарай ма?

— Белгілі бір уақыттан соң, жауаптары тыңдалады.

— Өте жақсы, отыра қойыңдар.

— Міне, балалар төрт кезеңнен тұратын сайысымыз да аяқталды.

Әділқазылар шешімін айтады. Жеңген топты марапаттау.