Бояулар сыр шертеді.

48

Бояулар сыр шертеді.

Төлеуғалиев Б.

Қараөзен мектеп-лицейінің сызу, сурет, еңбек пәндерінің мұғалімі.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.

ә) Дамытушылығы: олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру; Ой-өрісін, қиялын, елестету қабілетін қалыптастыру.

б) Тәрбиелілігі: әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру

Әдісі: өз бетімен жұмыс

Көрнекілігі: «Бояулар сыр шертеді» атты сурет көрмесі, өнер жайлы нақыл сөздер, түрлі суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі және таныстыру.

  1. Бағламамен танысу.
  2. Ойын сайыс
  3. Қорытынды.
  4. Танысу бөлімі: әр оқушы өздерін таныстырып, номер алады және әділқазылар алқасымен таныстырады.
  5. Бағдарламамен танысу:
  6. Үй тапсырмасы «Желтоқсан ызғары»
  7. Бейнелеу өнері терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі.
  8. Ертегілер, өлеңдерге иллюстрация жасау.
  9. Достық әзіл сайысы.
  10. Өнер туралы мақал-мәтелдер сайысы.
  11. Ойын-сайыс.
  12. Үй тапсырмасы бойынша «Желтоқсан ызғары» атты тақырыпқа арналған суреттер көрсету, суретті сөйлету.
  13. Билет алу арқылы бейнелеу терминдер сөздігіне жауап беру.
  14. Ертегілерге, өлеңдерге иллюстрация жасау сайысы. Әрбір оқушы билет арқылы қойылған сұрақ-өлең немесе ертегі болса тез арада нобайлар жасайды.
  15. «Достық әзіл» сайысы. Яғни әзіл сурет салады, соңынан суретші түсіндіріп ұтымды жауап береді.
  16. Өнер туралы мақал-мәтелдер сайысы. Оқушылар жазбаша түрде өнер туралы мақалдарды жазбаша қағазға жазу керек, көп жазған адам жеңіске жетеді.
  17. Қорытыныды.

Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз оқушыны оқушыны атайды.

  1. Үйге тапсырма. Жан-жануарлар мен адамдардың нобайларын салу 10 дана.