«Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық»

55

 

«Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық»

Мақсаты: а)оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан тарихы, салт-дәстүрі туралы мәліметтер беру;

ә) оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

б) оқушылардың тапқырлық, шапшаңдық қасиеттерін молайтып, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Барысы:

1 –кезең:Алтын қазына:Киіз үй, ұлы есімдер,салт-дәстүр,тәуелсіздік, қасиетті сан.

2 –кезең:Сөз байлығы елде: «Жалғасын тап», «Ойлан тап».

3 –кезең:Жерұйық: «Туған жер – тұнған шежіре», «Жорға».

 

1- жүргізуші:Қымбатты оқушылар,ұстаздар сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Әр қадамдарыңызға сәттілік тілейміз. 2014жыл –Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік алғанына 23 жыл соған байланысты біздің елімізде әр түрлі шаралар өткізіліп жатыр, соның бірі 7 –сынып арасында өткізілетін «Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық» атты сайыс.

Мұқағали ағамыз айтқандай: Ең бірінші бақытым- Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,-

деп зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

1 – кезең: Асыл қазына

1.Киіз үй

2.Қасиетті сан

3.Наурыз

4.Өнер туралы

5.Тәуелсіздік шежіресі

6.Ұлы есімдер

  1. Салт-дәстүр

8.Қазақстанның жетістіктері

9.Мерекелер

  1. Киіз үй

Сұрақ: Киіз үйдің бөлшектерін атаңдар?

Жауап: уық,шаңырақ,кереге,т.б.

Сұрақ: Киіз үй пайдаланылуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Жауап: Үш қанатты, төрт қанатты, бес қанатты, алты қанатты, он екі қанатты, жиырма қанатты,отыз қанатты.

  1. Қасиетті сандар.

Сұрақ: Бес қаруды атаңыз?

Жауап: Ату, кесу,түйреу,соғу,шабу.

Сұрақ: Жеті қазынаны атаңыз?

Жауап: Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қақпан,майланғыш ау, өткір кездік.

  1. Наурыз.

Сұрақ: Қазақстанда Наурыз қай жылдан бастап тойлана бастады?

Жауап: Қазақстанда Наурыз 1989 жылдан бастап тойланады.

Сұрақ: Наурыз көжеге қосылатын тағамдар.

Жауап: ет, су, сүт, бидай, тұз, тары, құрт.

  1. Өнер туралы.

Сұрақ: Қазақстанда қай өнердің түрі жақсы дамыған?

Жауап: Бейнелеу өнері, сәулет өнері, зергерлік өнер, балалар суреті.

Сұрақ:Қазақ халқының қол өнері.

Жауап: Жүн, киіз басу, зергерлік өнер, өрмек тоқу, кілем тоқу.

  1. Тәуелсіздік шежіресі.

Сұрақ: «Желтоқсан оқиғасы». Қай жылы болды?

Жауап: 1986ж. 16 желтоқсанда.

Сұрақ: Тәуелсіздік қай жылы жарияланды?

Жауап: 1991ж. 16 желтоқсанда.

Сұрақ: Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?

Жауап: Алматы қаласында.

Сұрақ: Оның биіктігі.

Жауап: 28 метр

  1. Ұлы есімдер.

Сұрақ: Ол 1845 жылы дүниеге келген қазақ халқының ұлы ақыны.

Жауап: Абай Құнанбаев.

Сұрақ: 1841 жыл дүниеге келген педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы.

Жауап: Ыбырай Алтынсарин.

  1. Салт-дәстүр.

Сұрақ: Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.

Жауап: Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу.

Сұрақ:Ұлттық ойындардың түрлері

Жауап:Көкпар,қыз қуу,бәйге.

  1. Қазақстанның жетістіктері.

Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет?

Жауап: Қазақстан- көп  ұлтты, егеменді мемлекет.

Сұрақ: Қазақстанның ең үлкен жетістігі.

Жауап: Ұлтаралық келісім мен бейбіт өмір.

  1. Мерекелер.

Сұрақ:  Ата Заң қашан қабылданды?

Жауап: 1995 жылы 30 тамызда.

Сұрақ: Қазақстан тәуелсіз республика болып қашан жарияланды?

Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда.

2-жүргізуші: Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім, — деп сайысымыздың «Сөз байлығы елде» деп аталатын екінші кезеңін бастаймыз.

«Жалғасын тап»

Мақал- мәтелдер сайысы.

1)Туған жердей жер болмас…

(Туған елдей ел болмас).

 

2)Тіл тас жарады,

(Тас жармаса, бас жарады).

 

3)Ел елдің бәрі – жақсы,

(Өз елің бәрінен – жақсы).

 

4)Туған жердің қадірін

(Шетте жүрсең білерсің).

 

5)Жері байдың –

(Елі бай)

 

6)Ұстамен жақын болсаң,

(Ісің бітер).

 

7)Жеті рет пішіп,

(Бір рет кес)

 

8)Ұста пышаққа жарымас,

(Етікші етікке жарымас).

 

1-жүргізуші:Бүгінгі сайысымызға көрермендер де қатыса алады. Ендеше, көрермендерге арналған сайысымыздың кезеңі – «Сіз білесіз бе?» Берілген сұраққа дұрыс жауап берген көрермен ойыншылардың біріне өз ұпайын бере алады.

(Көрермендерге сұрақ)

1)Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаев қашан сайланды?

1991 жылы 1 желтоқсанда.

2) «Невада – Семей» қозғалысы қай жылы басталды?

1989 жылы.

3) «Тіл туралы» Заң қай жылы қабылданды?

1989 жылы 22 қыркүйекте.

4)Республика күні қай күні тойланады?

25 қазанда

2-жүргізуші:Бақытым бар үшінші – Отан деген,

«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

1-жүргізуші:Сайысымыздың үшінші кезеңі «Жерұйық» деп аталады. Бұл кезең «Туған жер – тұнған шежіре» және «Жорға» бөлімдерінен тұрады.

«Туған жер – тұнған шежіре»

(Семей өңірінде туған атақты адамдар мен белгілі жерлері көрсетіледі.Оқушылар «Бұл кім? Ол не?» деген сұрақтарға жауап берулері керек).

«Жорға»

1)Біздің мемлекетіміздің негізгі Заңы.

2)Республикамызға көрші елдер.

3)Елтаңбадағы пырақ нені білдіреді?

4)Семей ядролық полигоны қашан жабылды?

5)Еліміздің туының авторы?

6)Қазақстандағы алғаш суретші.

7)Астана Қазақстандың нешінші астанасы?

8)Қазақтың ұлттық киімдерін ата.

9)Ұлттық тағам түрлерін атаңыз?

10)Мемлекетіміздің елтаңбасының авторлары.

11)Қазақстанда неше облыс бар?

12) «Алтын адам» қай жерден табылды?

13)Ұлттық ойын түрлерін атаңыз?

14)Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қашан бекітілді?

15)Қ.Р. тұңғыш Президенті кім?

16)Қазақстан қандай пайдалы кендерге бай?

17)Тұңғыш ғарышкер.

18)Рәміздерімізді ата.

19)Туымызда не бейнеленген?

20)Мемлекеттік мерекелер.

2 – жүргізуші: Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша «Қазақстан Республикасы» презентациясын көрейік.

«Адам мен адамды, халық пен халықты теңестіретін – білім» деп М. Әуезов атамыз айтқандай сайыскерлерімізге білімнің биік шыңына шығыңыздар демекпіз.

Сайысты қорытындылап, оқушыларды марапатталады.