«Шығармашыл тұлға –елдің ертеңі» шығармашылық байқауы

76

«Шығармашыл тұлға –елдің ертеңі»    шығармашылық байқауы

Ақпаратты таратушы: ұйымдастыру комитеті.

Ұйымдастырушалар: Қосымша білім беру педагогы К.Е.Бақбергенова, оқушылар комитеті

Жарысқа қатысушылар

Биология ғылымы – 1 топ 7 сыныптар

Физика ғылымы – 3 топ 8 сыныптар

Химия ғылымы – 2 топ 8 сыныптар

География ғылымы – 4 топ 9 сыныптар

Математика ғылымы -5 топ 9 сыныптар

  1. Жарыстың мақсаты:
  2. Мектеп оқушысы бейнесін қалыптастыру, оқушылар арасынан өзінше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.
  • Оқушылардың бір жыл бойы алған білімін, ғылым саласындағы жетістіктерін, шығармашылық жұмыстарын, жан-жақтылығын, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігін, интеллектуалдық ойындардағы жетістіктерін көрсете білу және бағалай білуге үйрету.
  1. — Оқушылардың білімге және белгілі бір ғылым саласында ізденуге деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін анықтау және дамыту, жан-жақты дамыған интеллектуалды жеке тұлғаны тәрбиелеу.

 

 

  1. Жарыстың шарттары:
  2. Шығармашылық байқауға қатысуға барлық тілек білдірген тұлғалар қатыса алады.
  3. Жарысқа қатысатын топтар тақырыптарын алдын ала айту керек.
  4. Тақырыптар бойынша жазба жұмыстарын дайындау

Мақсаты

Міндеттері

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Слайдпен жұмыс

  1. Тақырыптары бойынша шығармашылық жұмыстарын қорғау

Сарамандық жұмыс көрсету

  1. Оқушылардың хоббиі

III. Байқаудың қазылар алқасы

Байқаудың қазылар алқасы мектеп директоры, мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасарларынан құралады.

Қазылар алқасы байқауға келіп түскен ізденушілердің шығармашылық жұмыстары мен материалдарды мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:

— өзектілігі;

— жаңашылдығы;

— ерекшелігі;

— кәсібилігі;

— заман талабына лайықтылығы;

10 ұпайлық жүйемен сарапталады.

Жарыс жеңімпаздары ұпай санының ең жоғарғы көрсеткіші бойынша анықталады.

  1. Жеңімпаздарды марапаттау

Жеңімпаз қорытындылары бойынша берілетін жүлделер мен сыйлықтар.