«Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»

Тақырыбы: «Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»

 

Мақсаты: Стрестік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету

жолдарымен таныстыру

Қажет материалдар: доп, парақ және қаламдар.

 

Жаттығу: «Ең қиыны…»

Психолог: Қолына доп тиген кісі «Емтиханда ең қиыны…» -сөйлемін жалғастырып, келесі қатысушыға допты лақтыру керек.

 

Сауалнама. «Емтиханға дайындық. Стреске қарсы қалай күресуге болады».

 

Мақсаты: Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты білімдерін анықтау.

  1. Қалай ойлайсын, сен стреске бейімсің бе?
  2. Стресс туралы оқыдың ба?
  3. Стрестің белгілерін білесің бе?
  4. Стресс қандай әсер ететінін білесің бе ?
  5. Стресті жеңуге көмектесетін жаттығуларды білесің бе?
  6. ҰБТ туралы ойлағанда сенде қандай сезім пайда болады?

 

Психолог: Оқушы емтихан үстінде қатты  мазасызданады, уайымдайды, қорқады. Осының бәрі ойын жинақтауға, зейінін шоғырландыруға кедергі келтіреді. Бірақ, бұның бәрін реттеуге болады.  Бүгін біздер емтихан үстіндегі стресті жеңуге көмектесетін жаттығулармен танысамыз.

Мазасыздануды төмендетуге арналған бірнеше тәсілдер бар, соның бірі- аутотренинг.

 

 

Жаттығу: «Аутотренинг формуласы».

Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, алақандарыңызды тізеге қойыңыз. «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.

«Менің оң қолым ауыр» -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.

Қайтадан «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.

Содан кейін «Менің сол қолым ауыр» -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.

Қайтадан «Мен сабырлымын. Мен дайынмын, мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін ! » формуласына ойша қайталаңыз.

Денеңізді қалпына келтіру үшін,  жұдырықтарыңды  түйіңдер де, бірнеше рет терең тыныс алыңыз.

Анализ: Жаттығуды орындау қиын болды ма?

 

Қорытындылау. Рефлексия.

Психолог: Бүгін біз мазасыздануды төмендетуге арналған жаттығудың біреуімен ғана-аутотренингпен  таныстық. Келесі сабақта біз басқа да психологиялық жаттығулармен танысамыз.

 

3 сабақ.

 

Тақырыбы: «Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»

 

Мақсаты: Стрестік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету

жолдарымен таныстыру (2 сабақ).

 

 

Жаттығу : «Мазасыздану және сабырлылық»

Мақсаты: Оқушыларға мазасыздану кезінде өзідерін қалай сезінетініне назарын аудару.

Оқушылар көздерін жұмып отырады да, өздерін қатты мазасызданған, қобалжыған сәттерді естеріне түсіреді. Осы кезде не сезініп отырғандарына көңіл аудару қажет.

Содан кейін өздерін жәйлі сезінген кезін естеріне түсіріп, қандай сезімде болғандарына көңіл бөлу керектігі айтылады.

Жаттығуды орындап болған соң  оқушылар оз пікірлерін айтады.

 

Мағлұмат беру.

Мазасыздану- емтихан кезіндегі жадының,  зейіннің нашар болуының басты себебі. Әр адам мазасыздануды басу жолдарын білгені дұрыс. Кейде мазасыздануды төмендету үшін денеңді босансыту да жеткілікті болады. Бұл әдіс релаксация деп аталады. Дененің  бұлшықеттерін босансыту немесе тыныс алу арқылы да релаксация жасауға болады.

 

Диагностикалық жұмыс.

Әдістеме: Реактивті мазасыздануын бағалау.

\Ч. Спилберген, Ю. Ханин\

Мақсаты: Реактивті және тұлғалық мазасыздануын анықтау.

Аты-жөні:                                                    Өткізілген күні:

Нұсқау: Төмендегі берілген пайымдауларды мұқият оқып, дәл осы кезде өзіңізді қалай сезініп отырғаныңызды білдіретін,  оң жағында берілген санның астын сызыңыз. Сұрақтарға ұзақ ойланбаңыз, себебі дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптар болмайды.

А— Жоқ, олай емес;  В— мүмкін, солай;  С-дұрыс;   Д— өте дұрыс;

 

ПайымдауларАВСД
1Мен байсалдымын1234
2Маған еш қауіп төнбейді1234
3Мен мазасызданып отырмын1234
4Мен өкініш сезінемін1234
5Мен өзімді еркін сезінемін1234
6Менің көнілім жоқ1234
7Болады  деген қиыншылдықтарға мазасызданамын1234
8Өзімді сергек сезінемін1234
9Өзіме риза емеспін1234
10Мен өзіме іштей қанағаттанамын1234
11Мен өзіме сенімдімін1234
12Мен мазасызданамын1234
13Мен орын таппай мазасызданамын1234
14Мен қатты қобалжып отырмын1234
15Мен еш толқып отырған жоқпын1234
16Мен ризамын1234
17Мен уайымдап отырмын1234
18Мен қатты қобалжып отырмын1234
19Мен қуаныштымын1234
20Маған бәрі ұнайды1234

 

Әдсітеме: Тұлғалық мазасыздануын бағалау.

\Ч. Спилберген, Ю. Ханин\

Мақсаты: Реактивті және тұлғалық мазасыздануын анықтау.

Аты-жөні:                                                    Өткізілген күні:

Нұсқау: Төмендегі берілген пайымдауларды мұқият оқып, әдетте өзіңізді қалай сезініп отырғаныңызды білдіретін,  оң жағында берілген санның астын сызыңыз. Сұрақтарға ұзақ ойланбаңыз, себебі дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптар болмайды.

А— Жоқ, олай емес;  В— мүмкін, солай;  С-дұрыс;   Д— өте дұрыс;

 

ПайымдауларАВСД
21Мен қанағат тұтамын1234
22Мен әдетте тез шаршаймын1234
23Мен аяқ асты жылай саламын1234
24Мен басқалардан бақытты болғым келеді1234
25Кей уақытта жеделшешім қабылдай алмағандықтан ұтыламын1234
26Әдетте, мен өзімді сергек сезінемін1234
27Мен байсалдымын, сабырлымын және жинақымын1234
28Алда күтіп тұрған қиыншылықтар мені өте мазалайды1234
29Мен болар-болмас нәрсеге мазасызданамын1234
30Мен өте бақыттымын1234
31Не болмасын, бәрін де шын көріп қабылдаймын1234
32Менің өзіме деген сенімім жеткіліксіз1234
33Әдетте мен өзімді қауіпсіздік жағдайда сезінемін1234
34Жанжалды сәттерден, қиын жағдайлардан бойымды аулақ ұстаймын1234
35Менде сарыуайымшылдық-көңілсіздік болады.1234
36Мен ризамын1234
37Кейбір ұсақ-түйек мәселелер көңілді бөліп, толғандырады1234
38Көңілім қалса, қатты ренжеймін, содан кейін ұзақ уақыт ұмыта алмаймын1234
39Мен байсалды, біркелкі адаммын1234
40Өз іс-жұмысымды ойлап, қам жей бастасам, қатты мазасызданамын1234

 

Кілті:

Реактивті мазасыздану (РМ) және тұлғалық мазасыздану (ТМ) мынадай формуламен есептеледі:

            РМ 1 — Е2 +35

Е1 – 3,4,6,7,9,12,13,14,17,18;-пайымдауларының суммасы

Е21,2,5,8,10,11,05,16,19,20;- пайымдауларының суммасы

ТМ1 — Е2 +35

Е1 –22,23,24,25,28,29,31,32,34,37,38,40-пайымдауларының суммасы

Е221,26,27,30,33,35,36,39;- пайымдауларының суммасы

 

Интерпретация.

30-ға дейін –төмен мазасыздану.

31-45-орташа мазасыздану.

46-дан жоғары –жоғары мазасыздану.

 

 

Жаттығу : «Бұлшықеттер  релаксациясы»

Мақсаты: Бұлшықеттерді босансытуды үйрету.

Нұсқау: «Ыңғайланып отырып, алақандарыңды тізелеріңе қойып, көздеріңді жұмып отырыңыз. Бар назарыңызды қолдарыңызға аударыңыз. Қолыңның жылуын сезініңіз. Қолдарың жылы, және ауырлағанын сезінсеңіз, денеңіздің босансығанын белгісі».

Анализ: Қандай сезімдер сізде пайда болды ? Нәтижеге жете алдыңыз ба?

 

 

Жаттығу : «Тыныс алу релаксациясы»

Мақсаты: Тыныс алу арқылы мазасыздануды төмендетуге үйрету.

Нұсқау: Ыңғайланып отырып, көзді жұмып отыру қажет. 4-ке дейін санап жәймен ауаны ішке сорамыз, демді бірнеше секундқа ұстап тұрып, 4-ке дейін санап шығарамыз.

Анализ: Қиындықтар болдыма ? не сезіндіңіз?

 

 

 

Жаттығу : «Бір заттқа назар аудару»

Мақсаты: Медитация арқылы мазасыздануды төмендетуге үйрету.

Нұсқау: «Бір затты таңдап алып, алдыңа қойып, еш нәрсеге алаңдамай 4 минут бойы назарыңызда ұстау керек »

Анализ: Жаттығуды: орындау қиын болды ма ?

Жаттығуды орындауда не кедергі болды ?

 

Рефлексия:

Оқушыларға мына сұрақтарға жауап беру сұралады.

-Өздеріңді қалай сезініп отырсыңдар ?

-Мазасыздануды басу  үшін пайдалынатын қай жаттығу сен үшін тиімді болды деп есептейсің ?

— Қандай қиындықтар кездесті ?