Қандай философиялық мәселелерге назар аударуға болады? Абай Құнанбайұлы

34

Қандай философиялық мәселелерге назар аударуға болады? Абай Құнанбайұлы

 

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек-ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне  ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

 

Сағаттың өзі-ұры шықылдаған,

өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.

 

Өткен өмір белгісі-осы сыбдыр,

Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.

Ақыл анық байқаған қылығыңды,

Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.

 

Күн жиылып ай болды, он екі ай-жыл,

Жыл жиылып, қартайып қылғаны-Бұл.

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.