Мемлекеттік тіл

35

Сабақтың мақсаты: Егеменді елімізідің рухын асқақтататын ұлттық тіл, ұлттық қадір- қасиет екендігін білдіру;

Тіл бүкіл халықтың, ұлттық рухани қазынасын сақтайтын асыл қоймасы.

Сұлу өрнегі мол ана тілімізде жасалған халқымыздың әдеби мұрасы мәңгілікке жалғаса берер баға жетпес байлығымыз.

(күй:

Мұғалім:  Тіл – халық тарихы, тіл — өркениет пен мәдениет, демек әр тіл өз орнында ұлы! өгей бала ғана ана тілін аяққа басады.

Ұлт –тілі асыл қазына. Сол асыл қазынаны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізіп жүрген ата ұрпақтың өкілі сіздер. Сөз кезегін өздеріңе береміз.

1-оқушы:

Тілім менің –тағдырым!

Тағдырыма алаңдаймын таңды ұрып.

Талай сында сан, сан тұрып…

Төрелігі төрге озып дәуірдің,

Тереңдігім қалмас енді тартылып.

 

2- оқушы:

Тілім менің — қуатым!

Тұла бойда туа біте тұнатын.

Тума ойға тұғыр болып тұратын.

Тектілікті теліп берген тәңірім,

Тар қапастан тасты жарып шығатын.

 

3- оқушы:

Тілім менің – бағасы жоқ бақытым!

Бақытымды күзетеді уақытым,

Баламасы бола алмайды ешқашан,

Бар әлемнің жинаса да жақұтын.

 

4- оқушы:

Тілім – менің Айбыным!

Айбыныма қапталдаспа қайғы мұң,

Айбарыммен аулақтатам тайдырып.

Аман тілім жер бетінде мен де аман,

Аспанда аман тұрғанында Ай-күнім.

 

5- оқушы:

Тілім менің — мақтаным!

Мақтанышпен жар салатын шақтамын.

Маңайыма –жыр сандықты ақтарып,

Мың тағзым тілі тірі Ұлтыма,

Ұрпағыңның ұяты үшін сақтадың.

 

Ұлттық тіл -әр халықтың өзіне тән ой-санасын, парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім түисігін, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізетін күре тамыры. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры, жер бетіндегі бар халықтың қасиетті де қастерлі асыл қазынасы.

«Біздің тіл- өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан –жүйеңді жадыратып, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң, қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін, ерге, елге медет болатын тіл», -деп даңқты атамыз Б.Момшұлы айтқандай, тілді құрметтеу, елді құрметтеу, ұлтыңды қастерлеу болып табылады.

Тілдің қасиеттілігін байқау үшін

Скетч:Қатысушылар: Нұрсұлтан, Райымбек – қала маңындағы тұратын оқушылар.

Алмас – шалғай, қазақы ауылдан келген оқушы.

Мырза (Коля) – орыс баласы.

Нұрсұлтан: Мен саған тренировкада бір трюк көрсетем, керемет трюк, мә-ә! Білмейсің ғой оны.

(Алдарынан Алмас шығады)

Райымбек.: Ей, Нұрсұлтан ананы қара мамбет келе жатыр.

Нұрсұлтан: Кім ол? Алмас па, оны неге олай айтасың?

Райымбек.: өй ол орысша білмейді, өткенде бізді позорить еткен. (Алмас жақындайды)

Алмас: Йә, қалайсыңдар, неғып жүрсіңдер?

Райымбек.: Әй давай пошли!

Алмас: тоқтаңдар менде барам, сендер күреске барасыңдар ма?

Нұрсұлтан: аха күреске барамыз, кеттік.  (Алдарынан Коля шығады.)

Райымбек.: о, Коля, как дела?

Коля: Хорошо! Здарова, Алмас!

Алмас: Коля мен орысша білмеймін ғой.

Райымбек.: Ей, я вам прикол покажу, Алмас «тренировка» деші.

Алмас: Три-нив-офка, өй мен дұрыс айта алмадым білем, қойшы соны…

Райымбек.: кетші ей сен, өй колхоз (Алмасты итеріп жібереді)

Коля. Вы зачем смеетесь, зачем его толкаешь?

Райымбек.:Ой. Он русский не знает.

Коля: Ну и что? А что здесь серезного?

(Алмас Райымбек пен Нұрсұлтанның жанына ызаланып жетіп келеді)

Алмас: Әй, сендер қазақсыңдар ма?

Екеуі: Иә, қазақпыз.

Алмас: Жоқ! Сендер мәңгүртсіңдер! Өз ана тілдеріңді сыйламайсыңдар, демек аналарыңды сыйламайсыңдар. Біз еркін елміз, өз тіліміз, өз жеріміз, өз үйіміз бар. Неге өз рухымызды, тілімізді, мәдениетімізді қорғамаймыз? Елбасымыз дамыған елу елдің қатарына кіреміз деп отыр, ал сендер оны түсінбейсіңдер. Сонда елу елдің қатарына басқа тілмен кіреміз бе?  Неге басқа ұлт өкілдеріне өз тілімізді үйретпейміз? Ол туралы заңда бар емес пе? Соны неге орындамаймыз?

Сендер өз тілдеріңді менсінбейсіңде, басқалар не істемейді? Сөйтіп жүріп мамбет, «колхоз» дейсіңдер ал, өздерің ше? Ана тілінен жеріген мәңгүрт екндеріңді білмейсіңдер ме? Егер мен аналарыңа тіл тигізсем, қалай ашуланар едіңдер, ал өздерің сол аналарыңды менсінбей отырсыңдар. Ал жауап беріңдерші осыған. (Райымбек., Нұрсұлтан қызарып бір-біріне қарайды)

Райымбек: Қой кеттік әйтпесе кешігіп қаламыз. (Екеуі кетеді)

Коля: Алмас ты что –то долго говорил?

Алмас: Коля, сен ренжіме, маған қазақша айт, мен түсінбеймін.

Коля: Ну ладно, кеттік, а-то кешйгеміз. Правилно сказал?

Алмас: Жарайсың, Коля, кеттік.

Оқушы:

Тілім менің — ғасырлардан аманат!

Аманатқа адал болсын Қағанат,

Ар-намысқа келтірмейік жаманат.

Қазақ болып туылдың ба, Ендеше,

Өз тіліңді өзгелерге бағалат.

 

Ана сүтімен бойға сіңген киелім,

Тілім барда өзекті ой түиемін.

Бабалардан қалған бізге бой тұмар.

Ана тілім, алдыңа бас иемін.

 

Ән: «Ананың тілі»  Дәуренбекова Әйгерім

 

Анамның тілі – қасиетті менің бақ тілім,

Тарихыңда сенің қаншама жылдар жатты мұң.

Қайыспас елдің қаруы болып келесің,

Таусылмас асыл қазынам менің шаттығым.

 

Тәуелсіз жарқыраған күнім

Таныған қазағымды әлем бүгін.

Болашақ жайған құшақ, болам барыс,

Әлемдік бақ пен Дәулет биігінің.

 

Тіл туралы диолог (Айсара мен Анара)

(Мұқағали ізімен)

  • Тілің, дінің жоғалса, айтшы, досым, не етер едің?
  • Тілім, дінім болмаса мылқау болып өтер едім.
  • Болашағы мұнар боп, жоғалмай ма қайран тіл?
  • Шұбарламай тіліңді, өз онымен сөйлей біл.
  • Тілін білмес жандарды айтшы біздер не дейміз?
  • Тілін білмес адамды құр жәндікке теңейміз.
  • Тілімізді қалай біз көтереміз жаңғыртып?
  • Таза, көркем сөйлейік, көрсетпейік салғырттық.
  • Тазалығы тілімнің сақталмайды неліктен?
  • Ондайларға айтарым: «Тілді сыйла, құрметте, Тіл- халықтың жаны мен сәні» деймін жүректен.
  • Басқа пәле тілден деп ойлайсыңба достарым?
  • Аз сөйлегін, көп тыңдап, ей болашақ жастарым.
  • Шұбарламай тілімді қалай сақтап қаламын?
  • Анық, таза сөйлеуге бар күшімді саламын.

 

Ән: «Бақыт туралы»  хор сынып оқушылары

 

Мұхтар Шаханов  «Төрт ана» өлеңімен мұғалім кеш соңын қорытындылайды.

Мұғалімнің сөзі: Ана тілінің құдіретін ұмытпай, оны келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізу – біздің міндетіміз. Ана тілінің мөлдір әлемін лайлатпай, тұнық күйінде қолданайық, жас достар! Деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.