Жұлдызды сағат

96

 

Тақырыбы: Жұлдызды сағат

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, логикалық есептер, әр топқа даярлаған үстел, карточкалық тапсырмалар.

Түрі: Сайыс сағаты

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: І бөлім – Бәйге

ІІ бөлім – Тіл – өнер

ІІІ бөлім – Қасиетті тоғыздық

ІҮ бөлім – Жанды сұрақтар

Ү бөлім – Жорға

ҮІ бөлім – Шығармашылық жұмыс

Қолданылған  нақыл сөздер:

  1. “Математика — ғылымдардың патшасы, ал арифметика математика патшасы”

(К. Гаусс)

  1. “Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика,

сондықтан да оны оқу керек”

(М. В. Ломоносов)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

“Жұлдызды сағат” ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын оқушының жеке сайысы түрінде өтеді.

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді, — дей отырып сайыскерлеріміздің  біліміне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: «Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір – бірімен жатқан шулап, жалғасып.

Бір – бірімен жатқан тулап арбасып

О, Толқындар, арпалысып алға шық

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі» деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.

Сайысымыздың алғашқы бөлімі: «Бәйге»

Бұл бөлім бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.

 

 

 

І бөлім «Бәйге»

  1. Рационал сандар жиынын нелер құрайды? (Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)
  2. Санау жүйесі деген не? (Сандардың аталуының және таңбалануының жалпы тәсілін санау жүйесі деп атайды)
  3. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектерді иррационал сандар деп атайды)
  4. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (Құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды)
  5. Алгебралық қосынды (Оң, теріс сандардың және 0 санының қосындысын алгебралық қосынды деп атайды )
  6. Статистикалық сипаттамалардың ең қарапайым түрлерін ата? (Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода және медиана)
  7. Қандай жай бөлшектер шектеусіз ондық бөлшектер түрінде жазылады? (Бөлімінде 2 мен 5 – тен басқа жай көбейткіштері бар қысқартылмайтын жай бөлшектер шектеусіз ондық бөлшекпен жазылады)
  8. Жақша алдында плюс таңбасы болса, жақша қалай ашылады? (Жақша ішіндегі алгебралық қосылғыштардың өз таңбалары сақталады)
  9. Теңдеудің түбірі деп нені айтады? (Белгісіз санның немесе айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәні теңдеудің түбірі деп аталады.)

Жүргізуші: І бөлімді қорытындылай келе осы бөлімде сайыскерлеріміздің жинаған ұпай сандарын айта кетейік.

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте» — дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл өнер» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жұмбақ немесе мақал – мәтелдерден сөз жасырылады. Жауабын үш тілде жазып көрсету керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілге аударса 30 ұпай, екі тілге аударса 20 ұпай, аударма жоқ болса 10 ұпай қойылады.

ІІ бөлім «Тіл — өнер»

  1. Жұт … ағайынды. (жеті – семь — seven)
  2. Айдағаны … ешкі ысқырығы жер жарады.(Бес – пять -five )
  3. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. (Қалам – ручка — pen)
  4. Алты қырлы, алты сырлы (Қарындаш – карандаш — pensl )
  5. Екі қолға … күрек (Бір – один — one)
  6. Ел құлағы … (Елу – пятьдесят — fivty)
  7. Жігітке жеті өнерде аз, неше өнер көп емес? (Жетпіс – семьдесят -seventy )
  8. Отыз тістен шыққан сөз, неше рулы елге жайылады? (отыз – тридцать — soty)

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Қасиетті тоғыздық» деп аталыады. Бұл бөлімде әртүрлі тоғыз есеп беріледі.  Ұяшықтан таңдау арқылы тапсырма орындаймыз.

 

 

ІІІ бөлім «Қасиетті тоғыздық»

 

10 10 10
20 20 20
30 30 30

 

  1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? (Олда 12 км жол жүреді)
  2. Бір топ үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (Үш үйрек)
  3. Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы олардың 10 –ын атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (10 торғай қалды, қалғаны ұшып кетті)
  4. Үш түйе құс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйе құстар ұшпайды)
  5. Бөлменің 4 бұрышында бір – бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
  6. а+в=в+а қосудың қандай заңы? (ауыстырымдылық заңы)
  7. Бір – бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)

  1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой (15)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір карындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? (6)

Жүргізуші: Ойыншыларды алғашқы жеңістерімен құттықтай отырып, сайысымыздың келесі бөліміне көшейік. Келесі бөлім «Жанды сұрақтар». Бұл бөлімде сіздерге қойылатын сұрақтардың жауаптары 3 нұсқада беріледі. Сіздер сол нұсқалардан дұрыс жауаптарды табуларыңыз керек.

 

  1. Координаталық түзуді кім енгізді?

А) И. Ньютон      Б) Р. Декарт     В) Э. Галуа

  1. Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы

А) О. Жәутіков       Б) Қ. Исақов       В) С. Сыдықов

  1. Жиын теориясының негізін қалаушы?

А) Р. Декарт     Б)Э Галуа    В) Г. Кантор

  1. 5 және 6 сынып «Математика» оқулықтарының авторы

А) Р. Ыбан     Б) Ю. Макарычов      В) Т. А. Алдамұратова

Жүргізуші: сайысымыздың шешуші бөлімі «Жорға». Бұл бөлімде 1 минут ішінде қанша сұрақ тыңдап, нешеуіне дұрыс жауап беру сіздің шапшаңдығыңыз бен білімділігіңізге байланысты. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

Ү  бөлім «Жорға»

  1. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар (Қарама – қарсы сандар)
  2. 0 – ден үлкен сандар (Оң сандар)
  3. Қарама – қарсы сандардың қосындысы (0 – ге тең)
  4. Оң сандардың қосындысы (оң сан)
  5. Таңбаларын бірдей сандардың көбейтіндісі (Оің сан)
  6. Таңбалары әр түрлі сандардың бөліндісі (Теріс сан)
  7. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (Натурал сандар)
  8. Ең кіші жай сан (Екі)
  9. Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшектер (Қысқарылмайтын бөлшектер)
  10. Кері сандардың көбейтіндісі (1 – ге тең)
  11. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (Бұрыс бөлшек)
  12. Берілген шаманың 1/100 бөлігі (Процент)
  13. Бірнеше санның қосындысы қосылғыштарсанына бөлгеннен шығатын бөлінді (Арифметикалық орта)
  14. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі (180 о)
  15. Шешімдері бірдей теңсіздіктер (мәндес теңсіздіктер)
  16. Бұрышты өлшейтін құрал (Транспортир)
  17. Екі қатынастың теңдігі (Пропорция)
  18. 5 – ке қарама – қарсы сан (-5)
  19. 9 – ға кері сан (1/9)
  20. 14 қандай сан? (жұп сан)

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Шығармашылық жұмыс»

Айтыңдаршы балалар алдымызда  қандай мереке келе жатыр?

16-шы желтоқсан

Тәуелсіздік күні

Биылғы жылы халқымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлағалы отыр.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі құтты болсын.

Қуатты Қазақстан жасасын!

 

 

Тәуелсіздік жасай берсін ғаламда!

Тәуелсіздік таңы  атты  арайлап,

Мол шаттыққа кенеледі бар аймақ.

Отан үшін жанын берді өрендер,

Азат күннің оты жанды алаулап.

Бүгінде бар азат елім, еңселі,

Бүкіл әлем таныр бәлкім бір сені

Әрқашанда өз елімді құрметтеп,

Мәңгі бақи қорғап өтем бір сені.

Өз Отаным – таусылмайтын жыр-әнім,

Тәуелсіздік – мәңгі айтар ұраным!

Тілімізді, дінімізді сақтасақ,

Бейбітшілік төгіп тұрар шуағын.

Бейбітшілік жасай берсін, әманда,

Тыныштық бола берсін қашанда.

Достық пенен азаттықты ту етіп,

Қазақ елі жасай берсін ғаламда!

Оқушылар сіздерге Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне байланысты өз шығармаларын оқып таныстырады.

Жүргізуші:

Келесі сөз кезегін сайыстың қорытындысын шығару үшін әділқазылар мүшелеріне береміз.

Жүргізуші: Би. Мерекелік тарту ретінде би ұсынамыз.

 

 

 

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың

болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі

жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің

де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа.

 

Қорытынды: Жоғары ұпай жинаған оқушыны «Шоқ жұлдыз» атағын беріп, марапаттау.