«Біздің батырлар»

89

Илимбаева А. Б.

Тақырыбы: «Біздің батырлар»

Мақсаты:

Ұлы Отан соғысына қатысқан ерен ерлердің ерлігі мен олардың жасап кеткен ерлігі туралы түсінік беру және Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Міндеттері:

  1. Отан туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар айтқыза отырып, сынып сағатының тақырыбын ашу.
  2. Командамен жарыстыра отырып, оқушылардың «жеңіп шығу» секілді ой қалыптастыру.
  3. Отанын сүюге, азайып бара жатқан ардагерлерді құрмет етуге тәрбиелеу.

Түрі: сынып сағаты

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, байқау, хабарлау, жарыс, т/б.

Көрнекілік: мақал-мәтелдер жазылған буклеттер, мозаика, үнтаспа, 2 көгершін, 6 гүл, ұпай сандары, батырлар суреттері, нақыл сөздер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

а) Оқушыларды сынып сағатына даярлау;

ә) Сынып сағатының негізгі мақсатын айтып өту;

б) Айтулы мерекенің барысын сұрап кету;

ІІ. «Ой ашар»

  • 1945 жыл 9 мамыр – бұл нені білдіреді?
  • Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер?
  • Батыр деп біз кімді айтамыз?
  • Өздеріңнің командаларыңның қалай аталғанын қалайсыңдар?
  • Неге ол атауды қойдыңдар?

ІІІ. «Алғырлар»

(әр топтан бір оқушы мақал айтса, келесі топтың бір оқушысы сол мақалдың жалғасын айтуы керек, егер таба алмай жатса, онда мақалды айтқан оқушы жалғасын айтады да сол топтан тағы бір оқушы мақал айтады. Болды, дегенге дейін ойын жалғаса береді.Жеңген топқа ұпай беріледі. )

  • Жеңгені 10 теңгелік сый ақы алады.

ІV. «Шапшаңдар»

(мұнда командаңның тапқырлығымен қоса, жылдамдығыда есепке алынады)

  • Әр командаға қағаз таратып беремін, ал сол команданың оқушылары сол қағазды суретіне қарай құрастыруы керек.
  • Егер жеңер болса, онда 20 теңгені қанжығаларына байлайды.
  • Суретті бәрі жабылып тақтаға ілуі керек. Сол суреттің мағынасын ашып кетеді.
  • Неге «жұлдыз» суреттері алынды деп ойлайсыңдар?

* Соғыста ерен ерліктері үшін күрескен майдангерлер рухы еш сөнбейді, керісінше жұлдыз болып жарқырап тұра бермек.

  1. Топ басылар жарысы:

—  Ортаға екі топ басы келеді, олар мына екі көгершінді алып артындағы сұраққа дұрыс жауап беріп оны ілуі тиіс.

— Көгершіндер ненің белгісі?

«Мәңгілік алау» дегенді қалай түсінесіңдер?

— Адамдар онда барғанда не қояды?

1 гүл

Батырлар туралы қандай тақпақ білесіңдер?

2 гүл

Әлия кім және ол соғыста кім болған?

3 гүл

Мәншүк туралы не айтуға болады?

4 гүл

Бауыржан Момышұлы туралы не айта алар едің?

5 гүл

Отан туралы қандай тақпақ білесің?

6 гүл

Отан, Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем деген сөздің мағынасын ашып бер.

VІ. «Топтастыру»

  • Соғысты жеңуге батыр бабаларымызға дем берген не?
  • Батыр деп біз қандай адамды айтамыз?

(көп сөз тапқан топқа ұпай беріледі, сол топқа 20 теңге)

VІІ. Қорытынды:

  • Бүгінгі сабақта біз не жайлы айттық?
  • Биыл жеңістің неше жылдығы?
  • Осы мерекеде өзің ортамызда қалған ардагерлерге қандай сыйлық не болмаса сол кісілерге қандай жақсылық жасар едің?
  • 1 минут үнсіздік. Орнымыздан тұрып Отан үшін, ел үшін, келешек бөбектер үшін құрбан болған апаларымыз бен ағаларымызды есімізге алайық.

VІІІ. Бағалау:

  • Қазыналарына көп ақша салған топ жеңіске жетеді, ұпайларыңды санаңдар.