Білім көзі-кітапта.

 

Тақырыбы:   Білім көзі-кітапта.

Бағдарламада:

 

  1. Кіріспе
  2. Кітап-рухани байлығымыз.
  3. Кітап – білім бұлағы (оқыған кітап жөнінде мазмұнын айту)
  4. Мақал-сөз мәйегі (мақалды жалғастыру)
  5. Өлең-сөздің патшасы (ақын-жазушылардың білім,кітап жөнінде өлеңдерін мәнерлеп оқу )
  6. Жұмбақтарды шешу.
  7. Білім көзі-кітапта ( сұрақтарға жауап беру )
  8. Кез келген жанрдан көрініс (әңгіме, аңыз, ертегі)
  9. Ойлан, тап (кітапхана сөзіне сөз құрау )
  10. Қортынды. Екі сыныпты марапаттау

 

« Тапқыр оқырман сыныбы», «Белсенді оқырман сыныбы» номинациясы бойынша.

 

Көрнекіліктері:  Кітап-білім бұлағы, білім өмір шырағы.

Халық даналығы.

Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге.

Абай.

Әрбір адамның ең жақын досы-кітап болуы тиіс.

 

 

 

 

 

« Білім көзі- кітапта»

 

5а,5б сынып оқушыларымен өткізілетін танымдық сағат.

Жүргізуші: Бүгінгі «Білім көзі — кітапта» танымдық сағатымыздың мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, білімділікке тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге және қадірлеуге баулу.

 

Кіріспе:

 

Кітап-адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал.

Ол- адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.Халқымыз кітапты аса құрметтейді.Сондықтанда «кітапсыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ», «кітап- білім бұлағы,білім-өмір шырағы» дейді.

Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі «білім көзі –кітапта» танымдық сағатын Ахмет Байтұрсын ұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап,қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра,қалалық па?!

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та?

( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді )

 

Кітап: ( Қуанышбек) Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар,мен сіздерге үлкен  қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз-кітап.Жоғары шығыңыз.

( кітапты төрге отырғызу)

Жүргізуші: Балалар, мен бүгінгі танымдық сағатымызды жұмбақ айтудан бастаймын.

  1. Үндемес серік,ақылы берік.( кітап)
  2. Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама.( кітап)
  3. Бір ғажап бар,тілі жоқ,сөйлесем десең міні жоқ.( кітап)

( Оқушылар жұмбақты шешеді)

Жүргізуші: Құрметті балалар,мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын.Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ.Кім біледі,балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан.Қандай мағына береді.

Кітап: Мен өзім жауап берейін бе?

Жүргізущі: Жоқ,балалар жауап берсін.

1-оқушы: Назерке 5а кл. Кітап-арабтың « жазу» деген сөзі.Кітап рухани қазына,өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат»,қытай тілінде «Конфуция», парсы тілінде «Авеста», грек тілінде «Інжіл», араб тілінде «Құран» шыққан.

2-Оқушы: Гүлзат 5б  сынып. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болған.Европада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнер тапқышы Гутенберг баспа станогын жасап шығарды.Русте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван  Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

3-Оқушы: 5б сынып Асел.  Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған « Оғызнама», ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітаптары болды. 1800 жылы қазақша кітаптар шығарыла бастады.

( Балалар,кітаптың пайда болу тарихын айтады)

Кітап. Қуанышбек 5а сынып. Ой,бәрекелді! Өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер.Міне ,мен осылай өмірге келдім. Мнеің атыма сай ішкі мәнімде өзгерді.Мен сендерге ақын аға-апаларыңның көңіл күйін, ішкі сезімін жеткіземін.

Жүргізуші: Оқушылар кітап жөнінде тақпақ айтады.

  • Оқушы : Құндыз 5а кл. Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы,өмір сыры,ақын жыры

Басылған таңба болып өзіңде осы.

2-оқушы: Салтанат 5б кл

Кітап-менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «әліппе» алып бастағам

Кітап оқып, жан дүнием байыды

Шабытты жыр тудыратын,жас қалам!

 

Кітап-менің асыл,жақұт сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым

Жалықпаймын,жалықпаймын оқуға

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

3-оқушы: Нұржан 5а кл. Кітап

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы

Ашқанда өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

  • оқушы: Фариза 5а кл.

Тұрады басын құрап әріп неден

Басталған білім басы әліппеден

Қарасақ шалқар теңіз,түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын ашып неден.

5-оқушы: Тұрлыхан 5б кл.

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп

Молайтып ақылыңды сан еселеп

Береді білім нәрін кітап көптеп

6-оқушы: Бақыткүл 5а кл

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Жүргізуші:

Рахмет балалар!

Жүргізуші: Жаңа айтқан өлең жолдарында біз не туралы жырладық.

-Әрине кітап туралы.Егер кітап болмаса,сен рухани бай болмас едің.

Олай болса, балалар!Кітап –білім бұлағы бөлімі.

Дейді оқушылар «кітап-білім бұлағы»

Кітапхана-сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп,көп оқыған баланың

Анықтағы білімпаз боп шығары.

Ендеше балалар өзі оқыған кітаптарынан түсінік айтады ( екі оқушы 5а,5б класынан шығады)

  1. 5акл
  2. 5б кл

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Дана халқымыздың көне де,көркем мәдени мұрасы мақал мен мәтел сөздер.Мақал-сөз мәйегі бөлімі. ( екі оқушы 5а,5б класынан шығады) Мен сендерге мақалдың бірінші жартысын айтамын,сендер мақалды аяқтауларың керек.

1-оқушыға:

  1. Еңбектің наны тәтті (жалқаудың жаны тәтті)
  2. Ерте тұрған жігіттің ырысы артық.(ерте әйелдің бір ісі артық)
  3. Оқу-білім азығы ( білім- ырыс қазығы)
  4. Оқу-инемен (құдық қазғандай)
  5. Бірлік болмай (тірлік болмас)

2-оқушыға:

  1. Білекті бірді жығады(білімді мыңды жығады)
  2. Жақсыдан үйрен( жаманнан жирен)
  3. Төртеу түгел болса,(төбедегі келеді )
  4. Еңбек-ерлікке (жеткізеді)
  5. Ақылды қария ( ағып жатқан дария)

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші:Тіліміз дүние жүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі,көркемде кестелі тілдердің бірі. « Өткірдің жүзі,кестенің бізі,өрнегін сендей сала алмас» деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен осы тіліміз.Келесі бөліміміз «Өлең- сөздің патшасы». Олай болса, ақын жазушылардың білім,ғылым жөнінде өлеңдер дайындап келген балаларға берейік.

  1. Абай Құнанбаевтың өлеңі «Әсемпаз болма әрнеге» 5б класы Салтанат
  2. Ыбырай Алтынсарин « Өнер-білім бар жұрттар» 5а кл Құндыз.
  3. Шәкарім Құдайбердіұлы « Сен ғылымға» 5бкл Фариза.
  4. Сұлтанмахмут Торайғыров « Оқу» 5а кл Шәкарім.

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі бөлімі жұмбақтар шешу.  ( екі оқушы 5а,5б класынан шығады.

 

1-оқушы.

  1. Болсада көкте мекені

Кездеспейді екеуі ( Ай мен күн)

  1. Сандығым бар өзгеше

Қолыма алып жүремін

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін ( Кітап)

  1. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де,

Тебеміз сәті түссе аяқпенде

Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,

Басынан сипамайды аяп пенде.(доп)

  1. Бірде орақ,бірде доп,

Бірде барда,бірде жоқ.( Ай )

2-оқушы:

  1. Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды ( Күнбағыс )

  1. Белі бүкір,алысқа түкір ( мылтық )
  2. Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар

Қорек қып пайдаланалар тамам халык ( Кітап )

  1. Бір құтыда екі түрлі су жатады,

Қайнатсаң мұз боп қатады ( Жұмыртқа )

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз « Білім көзі-кітапта» Сұрақтарға жауап беру

Қойылатын сұрақтар.

1-оқушыға:

  1. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата.

( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова )

  1. Бірінші маусым қандай мереке ( балаларды қорғау күні )
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларын ата

( сөзі: Жұмекен Нәжмәдиновтікі. Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі )

  1. Қазақтың үш биін ата ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би )
  2. « Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім.( Ы. Алтынсарин )

6.Абайдың шын аты кім? ( Ибраһим )

2-оқушыға:

  1. 22 қыркүйек қандай мереке? ( Тілдер мерекесі)
  2. Қазақстан Мемлекетінің Рәміздерін ата. ( Ту, Елтаңба,Әнұран )

3.Жыл атауынан құр қалған жануар ( Түйе )

  1. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдерін білесің.

( қыс, жаз,жазғытұры,қарашамен, желтоқсан,сол бір екі ай)

  1. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің, атап бер.  ( Көкпар,тоғызқұмалақ,қыз қуу,теңге алу )
  2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана )

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі бөліміміз үй тапсырмасына кез – келген жанрдан көрініс

Бірінші 5а кл,сосын 5б кл оқушылары  көрініс көрсетеді.

5а класс оқушылары

5б класс оқушылары

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Келесі бөлім балалар « Ойлан, тап» Кітапхана сөзіне сөз құрау.5а .5б класынан екі оқушы шығады.

Кітап, тап, ана, тана, пана, тапа, ат, ах, апа.

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші : Ақын Өтебай Тұрманжановтың «Кітапты сүй балалар» өлеңі

                                                                                               Зарина, Дәулет

Кітап. Қуанышбек 5 кл. Бәрекелді балалар! Барша әлемді ұлан- ғайыр білімімен таңқалдырған ғұламалар балалық балғын шағынан, өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған.Мені басқа елдердегі жанашыр достарым күтіп жатыр. Енді соларға бет алмақпын.

Балалар! Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен достықтарың үзілмесін. Әрқашан жүздеріңіз жарқын болсын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Ал,жақсы балалар. ( Кітап кетіп қалады )

Жүргізуші: Қымбатты оқушылар!

Кітап сендерді мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Ал, енді бүгінгі тәрбие сағатымыздың қорытынды сөзін мектебіміздің бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Ержанова Сарқыт апайға береміз.

Апай қортындыда 5а, 5б класс оқушыларын білімділігімен, қабілеттілігіне қарай « Белсенді оқырман сыныбы», «Тапқыр оқырман сыныбы» номинациясы бойынша марапатталады.