Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз

166

Карибаева Шамшагуль Бақытжанқызы. Математика пәнінің мұғалімі

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар!

         Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де білім саласындағы Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік өмірдегі барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі.

         22 жыл толып отырған шақта мектебіміздің 5 – 6 сынып оқушылары арасынан ұйымдастырылған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

         Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

         Туған жердің шежіресі өседі.

         Менің елім – Қазақстан, Отаным,

         Болашағы бізбен бірге өседі, — дей келе,  XXI ғасырдың таланты, дарынды жастары ойыншыларымызды шақырамыз (командалар залға келеді).

         Сайыскерлеріміздің ойынын әділ бағалайтын әділ – қазыларды сайлап алайық.

Ойынымыз 4 бөлімнен тұрады.

I.Таныстыру

II.Мергендер сайысы

III.Қапшық жарыс

IY.Ұяшық таңдау

         Жүргізуші: Еліміздің ата – бабаларымыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңістің куәгері сіздерсіздер дей келе «Таныстыру» кезеңінен бастаймыз.

 

Мергендер сайысы. Әр команда ойыншысы допты түсірмей, мәреге апарып, шарды көздеп алу керек. Сосын шардың ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, келесі ойыншыға беру керек.

5 – сыныпқа

  1. Ең кіші жай сан
  2. Рәміздер қай жылы қабылданды? (1992 ж)к
  3. 7 мен 9-дың көбейтіндісі (63)
  4. Ел астанасы Астанаға қай жылы көшірілді? (1997 ж)
  5. Жұп сан деген не? (2-ге қалдықсыз бөлінетін сан)

 

6 – сыныпқа

  1. Ең кіші үш таңбалы сан (100)
  2. Төл теңгеміз айналымға қай жылы енді? (1993 ж 15 қараша)
  3. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі қандай сан? (теріс)
  4. ҚР Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж 16 желтоқсан)
  5. 5 санына кері сан (5/1)

 

Қапшық жарыс. Әр команда мүшелері қапшықпен секіріп барып, плакаттағы есепті шығарады. Плакондардың арасымен кейін қайтып, қапшықты келесі оқушыға береді.

5 – сынып                                             6 – сынып

575:5=115                                             3,76:4=0,94

20*7=140                                              10,7*10=107

699+771=1470                                      -16+(-44)=-60

23965-11405=12560                             76-125=-49

(15*3)+55=100                                     (45*2):9=10

Ұяшық тандау. Допты жоғарыдан түсірмей, мәреге барып ұяшық тандайды.

5 – сынып                                                               6 – сынып

 

1   2
  5  
3   4
1   2
  5  
3   4

 

1-ұя. Ойымды жалғастыр.

Туған жердей жер болмас… (туған елдей ел болмас)

2-ұя. Логикалық сұрақ

Екі әке, екі бала 300 теңгені тең етіп 100 теңгеден бөліп алды. Ол қалай? ( атасы, әкесә, баласы)

3-ұя. Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл неше жыл? (22 жыл)

4-ұя. Қазақтың өлшем бірлігі шақырым деген не? (1км)

5-ұя. 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә, 128)

6 – сынып

1-ұя. Логикалық сұрақ

Үйдің әр бұрышында бір – бір мысық отыр. Әрқайсысына 3 мысық қарсы отыр. Үйде барлығы қанша мысық отыр? (4)

2-ұя. Қазақтың өлшем бірлігі құлаш деген не?

3-ұя. Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл?(27 жыл)

4-ұя. 111333 саны3-ке бөліне ме?(иә)

5-ұя. Ойымды жалғастыр.

Көсем ел бастар…

(Шешен сөз бастар)

                           Жүргізуші: «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқығ үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар – сіздердің қолдарыңызда» деген ағалық сезімін ақтай біліңдер