Шаңырақ шуағы / 15-мамыр – Халықаралық Отбасы күніне арналған ата-аналармен кездесу/

Шаңырақ шуағы

/ 15-мамыр – Халықаралық Отбасы күніне арналған ата-аналармен кездесу/

 

Мақсаты: 1.Мектеп пен отбасы арасындағы, отбасындағы ата-ана мен

баланың қарым-қатынасын нығайту.

  1.   Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі салауаттылығын көтеру.
  2.   Адамгершілік, шынайылыққа, инбаттылыққа, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу.

Өткізу әдісі: дөңгелек үстел.

Көрнекіліктері: даналық сөздер, шарлар, кластер, суреттер, мақал-мәтелдер

қағаздар, қарындаштар, альбомдар.

 

                            Өтілу барысы:

І. Кіріспе сөз.

ІІ. Баяндама.

ІІІ. Пікірталас.

ІV. Қорытынды.

 

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата-аналар сіздерді 15 мамыр Халықаралық Отбасы күнімен құттықтаймыз! Хош келдіңіздер! Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы «Шаңырақ шуағы». Ата-аналар өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.

ІІ. Баяндама. «Мектеп және отбасы» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімі К.Г.Алтайбаеваның баяндамасын тыңдаңыздар.

ІІІ. Ата-аналар жүргізілетін жұмыстар: пікірталас.

1/ Ой қозғау.

 

 

 

Тату                                                                                   әдепті

 

Үлгілі                                                                           көп балалы

 

 

 

Қайырымды        инабатты         шебер, өнерпаз

 

    Мұғалім: Құрметті ата-аналар отбасындағы шаңырақ шуағының құпиясы неде, бала тәрбиесі, отбасы бақыты туралы пікір алмасамыз.Өз топтарыңызға ат қойыңыздар.

І-топ Еркін

ІІ-топ Алтыннұр

ІІІ-топ Айгөлек

Мұғалім: Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» — деген екен.

Келесі бөлім мынадай:

      2/ «Отбасы бақыты – ол…»

Ата-аналарға конверттер таратылып беріледі.

А) Отбасы бақыты – ол…

Ә) Бақыт дегеніміз…

Б) Борыш дегеніміз…

В) Отбасы бақыты үшін мен…

Әр топ өз ойларын жеке – жеке білдіреді.

       3/ Мұғалім: «Қазақтың тыйым сөзі — тәрбие көзі» дейді халық, келесі бөлімімізде ырымдар мен тыйым сөздер айтуға береміз.

Әр ата-ана өз пікірлерін ортаға салады.

Қазақта 7 мен 3 саны киелі, қасиетті сан болып табылады.Ендеше осы ұғымдар жайлы сөз өрбітейік.

 

 

 

 

 

 

Қазына                          Ата                    Алыс                              Арсыз

Ер жігіт                                                       Кәрі мен жас                            Ұйқы

Сұлу әйел          Апта                        Жақсы мен жаман    Жүз      Күлкі

Білім                                                Алыс пен жақын                   Тамақ

Жүйрік ат

Алғыр тазы

Берен мылтық

Қыран бүркіт

      4/ Мұғалім: «Сөздің көркі-мақал» демекші, мен бастайын сіздер жалғастырып көріңіздер:

  1. Ой маржаны…. / кітапта/
  2. Әкеге қарап ұл өседі, … / шешеге қарап қыз өседі/
  3. Ас… / адамның арқауы/
  4. Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без,

/Аға тұрып, іні сөйлегеннен без/

  1. Бақыт жерде,… /ерінбей еңкейіп ал/

5/ Мұғалім: Ата-аналар мен сіздерге ахуалдар жазылған қағаздар беремін.

1ахуал: -Ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз./ Осы сөздерді ата-анаға есту ауыр емес пе?/

2-ахуал: Мама «Айгөлек» журналын жаздырып беріңізші? Оны қайтесің, артық ақшам жоқ. Мазалама. / Сіз не деп жауап берер едіңіз?/

3-ахуал: Кешкі сағат 8-де баласы анасына сабағымды көрсетіп жіберіңізші деді..Анасы сүйікті сериалының басталынын айтты.Бала үндемей кітаптарын қоя салып, қоса көруге отырды. Кейін ұйықтап қалды. / Сіз қандай ойдасыз?/

6/ «Сіз қандай ата-анасыз?»  анкета тарату.

7/  «Бақытты жанұя» сызба сызу.

Ата-аналарға қолдардың суреті таратылып беріледі.

папа                    мама                       бала

Тапсырма: Отбасы туралы суреттер салу, салынған қолдың суретін кірістіру керек. Әр ата-ана суреттерін қорғайды. Баласының жақсы, жағымды жақтарын айту керек, бірақ…. деп жалғастыру керек.

 

ІV. Қорытынды: Мінеки кездесуіміз осымен аяқталып қалды.Отбасының басты міндеті – бала тәрбиесі. «Еңбек етсе кімде-кім, алтын жеміс тереді» демекші еңбегіміздің жемісі көңілдегідей болсын десек, тәрбиені босаңсытып алмайық.Келгендеріңізге көп-көп рахмет!