Наурыз – Думан

46

 

Тақырыбы: Наурыз – Думан

 

Мақсаты : Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қазақтың әдет-ғұрпын, тілімізбен дінімізді құрметтеуге имандылыққав тәрбиелеу.

Өту барысы:

 

1-жүргізуші

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар,

Наурыз тойы басталды

Көргендер де арманда,

Көрмегендер де арманда

Қызықтан тыс қалмаңдар.

Ата салтын бабамның,

Алып келді Ұлы күн

Наурыз туын көтеріп

Жар салайық әлемге

Жарыса өнер көрсетіп

Той тойлайық тамаша.

 

2-жүргізуші

Наурыз! Көктем! Гүл өмір!

Қиындық қыспен қалып тұр,

Үмітпен жүрек жанып тұр.

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты наурыздан.

1-жүргізуші

Қымбатты қонақтар, баршаңызды жақсылықтың  лебізіндей жыл ққұсымен бірге келер Наурыз мейрамымен құттықтаймыз.

2- жүргізуші

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамдары бар. Ал, Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін көктем мен еңбек мерекесі. Халқымыз Наурызды «Жыл басы» , «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды

1-жүргізуші

Уа , халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық.

 

 

2- жүргізуші

 

Уа, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық – дей отырып, ендігі кезекте әр ауылдың өнерін тамашалайық.

 

  1. Батырлар ауылы
  2. Өнерлілер ауылы
  3. Ақындар ауылы
  4. Би-шешендер ауылы

 

1-жүргізуші

Шарты

  1. Атына сай ауылды таныстыру
  2. Салт-дәстүрден көрініс
  3. Өнер көрсету
  4. Наурыз дәмі

 

2- жүргізушісі:  Шартымыздың 1 бөлімі бойынша  әр ауыл өздерін таныстырады.

 

1-жүргізушісі

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз. – дей келе «Салт-дәстүрге» кезек береміз.

 

1-жүргізуші: Батырлар ауылы « Атқа мінгізу», Өнерлілер ауылы «Тұсау кесу», Ақындар ауылы «Ақындар айтысы», Би-шешендер ауылы «Бесікке салу» дәстүрлерін көрсетеді.

 

 

 

2-жүргізуші   

Өнерлі өрге жүзер деп

Халқым бекер айтпаған,

Думандатпай, әндетпей

Тойдан текке қайтпаған.

Өнерлерін ауылдардың

Тамашалап көрейік – дей келе келесі кезекте ауылдар өнерлерін көрсетеді.

1-Жүргізуші

21-наурыз күні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн. «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал кейпінде көзге көрінеді. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен күн нұрының символы-Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді ол тасқа түссе, таты ерітіп жібереді екен.

 

2-жүргізуші

Ынтымақ пен береке, молшылық дарытатын Қызыр бабаны қарсы алайық.

Бата береді.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Пәле – жәле жерге енсін! Әумин!

   1-Жүргізуші

Ашық болсын қос қабақ

Таспен атқанды аспен ат

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар

Қатық малта ағы бар.

  2-жүргізуші

Үй дастархан, даламыз, сахнамыз,

Дастарханға бәріңізді шақырамыз.

Қорытынды.

 

  • жүргізуші

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін!

 

  • жүргізуші

Барлық халық бақытты болсын!

Еліміздің несібесі көп болсын!

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын