«Қазақ әнінің Қадыры»

87

«Қазақ әнінің Қадыры»

 

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Қазақ әнінің Қадыры» атты әдеби кешіне қошкелдіңіздер.

Дарындылық, ақындылық туралы Қадыр былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан.

Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған. Ал, ата-ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегенше сене алмайды. Басқа – басқа, құдай қосқан қосағыда жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не керек, талантты алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!

Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын  жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.

Ән « Атамекен»

Сөз: Қадыр Мырзалиев.

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.

І-оқушы. Ақын 1935 ж. 5-қантар Орал облысының Жымпиты топырағында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері. Тілі шыққан баладан шыққан данаға дейін, Қадыр есімі қадірлі.

ІІ-оқушы. Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

Жүз демейін —

Түсінеді жөнді ұққан.

Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан.

— 2 —

Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!

Ағайын жоқ ертелі кеш аңдыздар,

Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.

Бар аздаған жолдастарым.

Достарым

Олар да сол: Мен секілді жалғыздар.

Әли айтпақшы.

Жарқылдаған жарым бар,

Үш балам бар,

Құдай берген дарын бар.

Момын да емен көке кетер қорлыққа.

Асау да емен ала – қашып арындар.

Өлең жаздым тоғыз тарау,

Жеті өрім.

Сездім соның жүректерге жетерін.

Жалғызбын деп

Жанға нөкер болмадым,

Өзімнің де болған емес нөкерім.

Сөйледім бе,

Сөйлемейтін бекерге,

Ақылымды алмасын тек кетерде.

Жағаласпай тыным жүрсем,

Әлі де

Жаман жүрек жарап қалар лекерге!

Жас алып тұрып көзіме,

Жырлаймын, жерім, құп алсақ

Түсемін тамып өзіңе,

Тола алмай тұрған көл болсаң

Алысқа тағдыр әкетіп,

Амал жоқ егер шет қонсам,

Тиемін саған лап етіп,

Тұтанбай тұрған от болсаң.

 

Ән   «Тамды ару»

Қ. Мырзалиевтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Тамды ару» әнін жиен қызы Мейрамгүл Қайратқызы ұсынады.

 

— 3 –

Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттық асыл қасиеттерімен құндылық тарымен қаруланасың.

 

Жайлауың болар жеріміз.

Төсегің болар төріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Қонағы болып көріңіз.

Төгілген қан мен теріміз.

Туыстық бізде еріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Тегіне тиін көріңіз.

 

Саз мектебінің ұстазы Нұрманова Айгүл Дәулетқызының орындауында «Қазақ осы» әнін тамашалаңыздар.

 

Қадыр ақын асыл анасына өз өлең – жырларымен өшпес ескерткіш орнатқан. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген — Мағыраш апа екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана.

Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта – қайта толғанып, анаға деген ыстық. ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді.

 

Бастауыш мектеп мұғалімі Клара Бақытжанқызының орындауында «Әже туралы әнді» тамашалаңыздар.

 

Айналайын Қадырым!

Елге қымбат қадірің.

Сенен басқа ақын жоқ.

Елдің ойлар тағдырын!

Сізге арнап елін жырын арнайды

Әнге бөлеп жиендерің жырлайды.

 

 

 

— 4 —

Ақынның жиендері осы Сырым өңірінде тұрады. Соның бірі мектептің музыка жетекшісі Рахметов Қайрат Қанатқалиұлы. Бұл кісінің әкесі Рахметов Қанатқали ұзақ жылдар бойы мәдениет бөлімінде еңбек еткен өнерлі адам, ақының жездесі. Қадыр «Жездеке» әнін осы кісіге арнаған. Бүгінгі кеште осы әнді 3 «в» сынып оқушы Шайдуллин Ерасыл орындайды.

Сөз: Қ. Мырзалиев

Әнің жазған: Сейдолла Бәйтереков.

 

Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,

Кең даламның жұпар иісі аңқиды.

Қуат алам сырға толы әуеннен,

Жан дүниеге шуақ төккен әуелден.

 

Ән: «Цыган серенадасы»

Сөз: Қ. Мырзалиев

Әнің жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Осы кеште жайқалып «Бұлбұл бағы»

Әсем әуен құлақта сыңғырлады.

«Ой орманын» тынымыз кешкен ақын

Жырдың кенін тереңнен бұрғылады

Кең жайлауға тікті де ол «Ақ отауы»

Жарқын жүзбен қарсы алды дала таңын.

Мен де осындай «Даланың дидарына!

Ғашық көзбен қарауды жаратамын.

 

Ән: «Жылдар –ай»

Сөз: Қ. Мырзалиев

Әнің жазған: Сейдолла Бәйтереков.

 

Сүйемін мен қазақ әнін әдепті,

Бала күннен үйреткен жақсы әдетті.

Асыл қазына жатқан жоқ па әр әнде,

Киелі одан ешнәрсе жоқ әлемде.

 

Ән: «Тамаша»

Сөз: Қ. Мырзадиев

Ән:  Теміржан Базарбаев

 

  • 5 –

Ұнатамын халық әнін сарынды,

Биіктеткен ой-санамды, арымды.

Ізгілікті әндерінен Қадырдың.

Парасаттың шұғыласы тарады.

 

Сөз: Қ. Мырзалиев

Ән: Сейдолла Бәйтереков

«Жауынгер мекен Жымпитым» әні орындалады.

 

Қадыр Мырза Әли – 200 ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған. Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған Қазақстан Республикасының әнұранының авторларының бірі де Қадыр болатын.

Ән: «Апам үшін»әні орындалады.Берсебаева Жанат

«Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың… Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдірксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз даңқ, татаусыз танымалдықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында».

Қадыр елі, Қадыр жері — Қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз.

 

әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев.

Ән: Өз елім.