Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ  пен  жалғау. 302-306 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:а) білімділік: оқушылардың
жұрнақ пен жалғау туралы түсініктерін
нығайту, пысықтау, сөз құрамына талдау.
ә) дамытушылық: тапсырмаларды орындау
арқылы оқушылардың сын тұрғысынан
ойлауын, ақыл – ойын, байқағыштық
қабілетін, колмарафиясын, сөздік қорын,
шығармашылық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік: әрбір оқушыға жеке тұлға
ретінде қарап, оларды адамгершілікке
баулу, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Әдістері: сұрақ – жауап, тест, пікір айту, ойын,
суретпен жұмыс, СТО элементтері,
проблемалық сұрақтар.

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, қима қағаздар,
өлеңдер, ойындар, Венн диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу,
математика, өзін — өзі тану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Көңілашар.  Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы күн, қонақтар!

 

 

  • Балалар, мен бүгін өте көңілдімін.
  • Сендер ше?
  • Балалар бүгін қандай күн? – Бейсенбі.
  • Қаңтар айының нешесі? – Жиырма екісі.

Үй жұмысын тексеру, сұрау, бағалау.
297 – жаттығу. Мына сөздерді жазу, сөз құрамына
талдау.
ұлуды,  үйге,  үйіңе,  біздің,  үйім.
Ұлуды сипаттау, көрініс көрсету, өз ойларын айту.

Тест жұмысы: 6 оқушыдан сұрау.
1. Түбір сөзді тап: а) ақыл ә) ақылды б) ақылмен

  1. Қосымша сөзді тап: а) бас ә) бастық б) шаш
  2. Заттың санын білдіретін сөз: а) парта ә) бес
    б) қара
    4. Заттың атын білдіретін сөз: а) бала ә) сары
    б) сегіз
  3. Заттың сынын білдіретін сөз: а) алтын ә) алты
    б) тәтті
    6. Қосымшалы сөзді тап: а) оқу ә) оқулық б) оқы

Сынып жұмысы: Жұрнақ пен жалғау (пысықтау)

Қызығушылықты ояту. Ойын «Сәбіз жинау» (басы)
Сәбізде жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
бастық                 балалар
өнерпаз                 адаммен
балапан                қардан
оқулық                  арбакеш
жұмысшы           дәптерге
әнші                      тақтада

 

 

 

Дәптермен жұмыс: «Неге өйтті?»
Жемей қойды сиыр алдындағы шөбін,
Асамады ат та дорбадағы жемін.
Сырт айналды мысық жалап жатқан сүттен,
Шашқан дәнді тауық шоқымайды тіптен.
Сүйекті де күшік мүжігенін қойған.
Барлығына апырмай не кесепат болған?
Қашып отыр қонақтар алға қойған астан,
Аяқ асты бәрі дәмдерінен қашқан.
Себебі бір қожалақ алдарында тұрды,
Күс – күс болып қолы, жалт – жұлт етіп
мұрны- демекші 303 – жаттығуды тазалықты сақтап, көркем, сұлу жазуға тырысайық. Мақалды оқып, жатқа жаз. Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгімен белгіле.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария.
Жазып қойған хатпен тең.

Серігу сәті:  Жұмбақтар шешу.

  1. Өзі жап – жас мұрты бар,

 Ет пен сүтке ұмтылар. (Мысық).

  1. Шай ішетін кеше,
    Сатып алдым (кесе).
  2. Ағайын – алтау,
    Ана – (біреу).
  3. Жылт – жылт етеді,
    Жылғалардан өтеді. (Су).

 

 

 

304 – жаттығу. Тақтада 5 оқушы орындайды.

  1. Баян сабаққа әзірленді.
  2. Мұғалім сыныпқа кірді.
  3. Ауланың қарын күреді.
  4. Серік допты сатып алды.
  5. Әлияның шешесі сатушы болып істейді.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.

    (Суретті қима қағаздар арқылы)

Ой толғаныс.  305 – жаттығу. Қима қағаздарды пайдаланып жұмыс жүргізу.
Ойын «Сәбіз жинау» (жалғасы).

       бестік, беспен, үшінші, екілік, елудей, жүздік, мыңдай, төртке, алтыны, нөлмен, сегізге, жетінші.

(Жұрнақ пен жалғаудың  бір – бірінен өзгешелігін мысал арқылы дәлелдеу)

Шығармашылық жұмыс. Өлең жолдарының ұйқасын табу.
Шалғышы шалғымен ,      Атақты қойшы,
Шөбін (шабады).              Қойын (бағады).
Маңдай терімен,              Адал еңбегімен,
Нанын (табады).              Еліне (жағады).

 Ой қозғау.
Топтастыру. 3 қатарға тапсырма.  «Күн шұғыласы»

       — дар              — лар         — тер

Венн диаграммасы

 

 


                                                                  Жалғау

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:  Ережені еске түсіру, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:  302, 306 – жаттығулар.