Көктем аруы (3 — сынып оқушы қыздар арасындағы мерекелік байқау)

44

Көктем аруы

(3 — сынып оқушы  қыздар арасындағы мерекелік байқау)

 

Мұғалім сөзі:

«Қыз – өссе  елдің көркі» дегенімізбен, қаракөз қыздарымыздың шын мәнінде еліміздің көркі болуы үшін олардың бойына жастайынан ұлттық сана салт — дәстүрімізді, қазақ қызына тән қасиеттерді сіңіріп, дұрыс тәлім – тәрбие беру ата-аналардың ғана емес, білім орындары мен ұстаздардың да парызы.

Мақсаты: а) Қазақ қыздарымызды  имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу

Ұлттық салт — дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді бойына сіңіру.

ә) Ұлттық салтанатты киіммен және кешкі сән көйлегімен сымбат бейнесін көрсету, өзін таныстыру, сұрақтарға жауап беру мен мақал — мәтелдер арқылы, олардың ой — өрістерін, тіл мәдениетін, өзін — өзі ұстау мәнерін бағалап, қана қоймай, соған үйрету және тәрбиелеу.

Безендірілуі:- Байқау өтетін орын (кітапхана) талапқа сай безендірілді. Сахнаның төр жағына байқаудың  тақырыбын анық, әсем етіп жазып қою керек. Қабырғаға мыс: «Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі», «Қызы бардың — назы бар» т.б.с.с.

(Сахна төріне 2 жүргізуші шығады)

1-жүргізуші. Шыңғыс.

Қайырлы  күн, құрметті  ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Көктем  аруы» атты  мерекелік байқауымызға  қош  келдіңіздер1

2-жүргізуші. Елжан.

— Армысыздар,  осы  залға   жиналған  қауым1

Желпиік,  ал    ендеше  жыр  самалын.

1-жүргізуші.

Қуанайық   ағайын, көктем  келді  жеріме,

Қошеметпен   көрейік, ару  шықсын   төріне.

2-жүргізуші.

Құрметті   осы  мерекемізді  бізбен бірге  тойлауға  келген  көрермендер, ұстаздар1

1-жүргізуші.

Нұр   жаусын  дарындының  талабына,

Күш  бітсін  күн  қайтарар  жанарына.

2-жүргізуші.

Сәт-сапар ал  ендеше  біз тілеиік,

Айдай  сұлу  арулардың  қадамына. (екеуі  қосылып)

1-жүргізуші.

Осы  аруларымыздың  өнерлерін  бағалайтын  әділқазылар  алқасымен  таныс болыңыздар.

2-жүргізуші.

Мектеп директорының  тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасары:

Сейналиев  Асанбай  ағай.

1-жүргізуші.

Мектебіміздің  кітапханасышы: Алашбаева  Ләззат  апай.

2-жүргізуші.

Сыныбымыздың  ата-аналар  комитетінен: Жарылқапова  Шырайкүл  апай.

 

1-жүргізуші:

Ал енді, сахна  төріне  біздің  аруларымызды   шақырамыз.

2 –жүргізуші.

1-нөмірлі аруымыз: Оспанбекова Назерке

1-жүргізуші.

2-нөмірлі аруымыз: Дүйсенбекова Үкілім

2-жүргізуші.

3-нөмірлі  аруымыз: Елемесова Амантай

1-жүргізуші.

4-нөмірлі  аруымыз:Сұлтанбекова Жансая

2-жүргізуші.

5-нөмірлі  аруымыз: Лесбекова Гүлзат

1-жүргізуші.

6-нөмірлі аруымыз: Жиенбаева Әйгерім

2-жүргізуші.

7-нөмірлі  аруымыз:Тәжітаева Қанағат

1-жүргізуші.

8-нөмірлі  аруымыз: Мейрамбекова Айдана

2-жүргізуші.

9- нөмірлі  аруымыз: Орақова Альбина

1-жүргізуші.

Мектебіміздің 10 «А» сынып  оқушысы  бүгінгі  қонағымыз «Саудакент  аруы»

Сәтмаханова  Арайлымның  орындауында «Жан гүлім» әнін   тамашалаңыздар.

«Сәлем — сөздің  анасы, алыстан  сәлем  береді, әдепті  елдің  баласы» дегендей, байқауымыздың  алғашқы  шарты: Арулардың  өздерін  таныстыруын  сұраймыз.

2-жүргізуші.

Әділ  қазылар аруларымыздың    сайыстың   бірінші  шарты   бойынша  тиісті  бағаларын  беріңіздер.

2-жүргізуші.

-Асу, асудан, құстар  сайрап өткендей, білім қуған арулар  арманына  жеткендей, келесі  байқауымыз «Білім сайысы». Әділ  қазылар  алқасының  алдындағы  коньвертті  алып, онда жазылған  сұрақтарға  жауап  береміз, жауапқа 3 минут беріледі.

1-жүргізуші.

Әділ  қазылар  аруларымыздың  екінші  сайыс  бойынша тиісті бағаларын  беріңіздер.

1-жүргізуші.

Байқауымыздың  келесі  сайысы  «Мақал  сөздің  мәйегі» деп   аталады. Ортаға   аруларымызды  шақырамыз.Уақыт  1минут. (Арулар алған  номәрлер бойынша,  кезектесіп шығады).

1-жүргізуші:   Әділ қазылар аруларымыздың  3-бөлімі бойынша алған бағаларын беріңіздер.

1-жүргізуші. Байқауымыздың келесі  сайысы «Өнер сайысы». Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін ортаға  салады

2-жүргізуші Аруларымыз дайын  болғанша «Жігітке жеті өнер де аз» -дегендей, сыныбымыздың жігіттерінің өнерін  тамашалаңыздар.

1-жүргізуші.Байқауымыздың  4- шарты  өнер сайысы бойынша аруларымыздың өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші. Құрметті әділ қазылар аруларымыздың 4- бөлім бойынша  тиісті бағаларын беріңіздер.

2-жүргізуші.  Байқауымыздың  бесінші шарты «Сымбат,  көрік» деп  аталады.Аруларымыздың сәндік  киім  үлгісін  тамашалаңыздар.

1-жүргізуші. Әділқазылар  байқауымыздың  соңғы шартты «Сымбат көрік» бөлімі бойынша аруларымыздың  тиісті бағасын  беріңіздер.

2-жүргізуші. Бүгінгі  мерекелік «Көктем  аруы» атты байқауымыз  аяқталды. Әділ  қазылар  алқасы  дайын  болғанша «Спорт — денсаулық  кепілі» дегендей, спортшы жігіттеріміз Лесбек  пен  Русланның  өнерін  тамашалаңыздар.

1-жүргізуші.  Мектебіміздің  10 «А»  сынып  оқушысы «Саудакент  аруы» біздің  бүгінгі  қонағымыз  Сәтмаханова  Арайлымның  орындауында «Аппақ гүлдер» тамашалаңыздар.

2-жүргізуші. Аруларды  құттықтап, жеңімпаздарды  анықтау үшін әділ  қазылар  алқасының  төрағасы Сейналиев  Асанбай  ағайға  сөз  кезегін  береміз.

(Аруларды  жеңісімен  құттықтап, тәж  кигізеді, мерекелік  бағдарлама  ән мен  биге  ұласады).