Тәрбие сағаттың тақырыбы: ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

57

Тәрбие сағаттың тақырыбы: ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ
Тәрбие сағаттың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедия, желтоқсанға шыққан жастардың фотолары салынған буклеттер,
шарлар
Жүру барысы:
Дильназ: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
І – жүргізуші : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Желтоқсан -Тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
ІІ – жүргізуші : 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
1986 жылы 16 желтоқсанда Д. Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.
1-жүргізуші: Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды.

Көрініс: Сахнаға екі студент шығады, бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.

Гүлназ:  сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Бауыржан: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Гүлназ: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.
Бауыржан: Неге? Неліктен?
Гүлназ: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Бауыржан: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!
2-жүргізуші: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттердің ойы халықтың құқықтары  туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды.Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
1-ж:

 

1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Бауыржан: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

Гүлназ:«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.

2Ж:Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентек» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді.
Ақниет: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
1-ж:Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.
Еламан:

 

Тапталмасын деп қазағымның кек ары

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Топты бастап шықты Ләззат алаңға

Толған еді он алтыға не бары

ӘН:Желтоқсан желі

Расул:

 

Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің

Аида:

 

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз жоқ айтуға,

Әділет қайдан табамыз?

Әділбек:

 

Шектеліп ана тіліміз

Оқылмай өлең жырымыз,

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

 

 

2-жүргізуші::Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері « Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды. Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс.

Абақты іші. Қайрат өлең жазып отыр.

Қайрат: (Ерасыл)

Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді масылдар

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауда барамын,

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды ,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың?

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай

Кетіп барам мен айдауда құлыным

Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды

Құпия шерттім осы жан сырымды

Қош енді жолықпасам қайран анам

Көзімнен ақ жаулығың жасырынды

Қайран анам күзеткенің түгел ме

Көктерек те жазықсыз екенімді біле ме?

Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде

Саған дағы елің, жұртың күле ме?

Тергеуші (Ахмет)

Иә, Рысқұлбеков, тағы да хат жазып отырсың ба? Сен 18 желтоқсан сағат 10:00- де қайда болдың?

Қайрат: (Ерасыл)

-жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.

Тергеуші (Ахмет)

-жоқ, сен өтірік айтпа! Сен Савицкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оның өліміне кінәлісің. Сен оны өлтірген.

Қайрат: (Ерасыл)

-мен ешкімді өлтіргем жоқ.

Тергеуші (Ахмет)

-Савицкийді өлтірдім демей – ақ қой, оқиғаға қатыстым десең болады. Мойында, мойындамасаң жазаң қиындай түседі.

Қайрат: (Ерасыл)

-жасамаған нәрсені неге мойындаймын, бұл маған жабылып тұрған жала.

Тергеуші (Ахмет)

Жарайды, өзінен көрсін, алып жүріңдер.

Қайрат:(Ерасыл)

 

«Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!»


Тимур:

 

Кінәлі ма, ақын Қайрат , ер Қайрат

Ауа жетпей атып шыққан алаңға

Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол

Тапталғысы келмеді оның табанға

Жания:

 

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың


Дильназ:

 

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

ІІ-жүргізуші:

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздары-ай

«Елім-ай» деп егілген

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

І-жүргізуші:

Тегеурінді соққылары жарақтан

Ақша қарға судай ақты қайнап қан

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім

Айрыларын Ләззат, Ербол, Сәбирадан, Қайраттан

Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын орнымыздан тұрып бір сәт үнсіздікпен еске алайық

1 минут үнсіздік

Ахмет:

 

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.


ІІ-жүргізуші:

Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан өмірінде көптеген айтулы өзгерістер болды. Енді сол тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге назар аударайық

Бауыржан:

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігі жарияланды.

Еламан

1992 жылы мемлекеттік рәміздер қабылданды

Захид

1993 жылы 28 – қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды

Алпамыс

1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді

Жания

1995 жыл Қазақстан конституциясы қабылданды

Тимур:

1996 жылы еліміздің астанасы Ақмолаға көшірілді

Әділбек:

1997 жылы 1- шілдеде «тіл туралы» заң қабылданды

Ерасыл:

1998 жыл Ақмола қаласы Астана болып өзгерді

Жанетта

1999 жыл – ұлттың бірлігі мен сабақтастығы жылы

Расул

2000 жыл мәдениетті қолдау жылы

БИ:Сарыжайлау

Гүлназ:

2001 жыл 21 ғасыр бастамасы.

Аида:

2002 жыл – «Денсаулық жылы»  деп жарияланды.

Алихан:

2003-2005  жылдары –«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.

Ахмет:

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.

Ақниет:

2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 91,15%-ы өз дауыстарын мемлекет басшысына берді.

Еламан:

2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды.

Әлібек:

2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.

Ерасыл:

2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды.

Алпамыс:

2009жылы қаңтар  айында –ҚР –да ұлттық халық санағы өтті.

Гүлназ:

2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.

Асылай:

2011 жылы Қазақстан Ислам  ұйымының төрағалығын өз қолына алды

Ақниет:

 

2012 жылы Лондонда өткен олимиадада Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынды иеленді

Захид:

2013 жыл Францияның Қазақстандағы Мәдениет жылы болып белгіленді

1 жүргізуші:Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

 

2жүргізуші:Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл тәуелсіздік бізге қазақтың басы Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек.

Тәуелсіз 22 жыл туыңды биік ұстадың,

Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

ӘН:Жаса Қазақстан.

1-жүргізуші:Міне,бүгінгі 3 г сынып оқушыларының ұйымдастырған тәрбие сағаты өз мәресіне келіп жетті.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.