Ф дыбысы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы

Сабақтың мақсаты: 1.Ф әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен  жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру.

  1. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту.
  2. Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі

Сабақтың көрнекіліктері:   мазмұнды суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – ана тілі — өз тілім!

Туған тілім —  далам тілі  –  өз тілім!

Туған тілім – адам тілі-  өз тілім!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу.

« Ферма»  сөзіне сөйлем құрау,

ІІІ.Үй тапсырмасын қортындылау.

1- топ2- топ3топ4топ
В дыбысы қандай дыбыс, қай буындарда кездеседі.Электр сөзінде  э дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі.Э — дыбысы қандай дыбыс.Трамвай сөзінде в дыбысы нешінші буында, сөздің қай жерінде кездеседі.

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Жұмбақ

Қос қоржынын артынып,

Қос құлақтай қалқиып,

Тұратын бұл қай әріп? ( Ф әрпі )

Ф дыбысы қандай дыбыс?  Сөздің қайбуынында  кездеседі?

Ф дыбысы кірме сөздерде кездесетін дыбыс. Ф дыбысы келетін сөздер орыс тілінде де кездеседі.шарф, форма, фабрика т.б

Ф дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер?

Айтылуы бойынша Ф дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?

Ү.Мағынаны тану: а) О қулықпен жұмыс.

9-жаттығу. Керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіру.

Фарида аяқ киім фабрикасында істейді. Анам фарфор шайнекті күтіп ұстайды. Арай ең алдымен шарф  тоқуды үйренді. Жаңа  кофта Данаға өте ұнады. Микрофон алдында сөйлеп тұрған Құралай екен. Асыл мектепке форма киіп барды.

10-жаттығу, Жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу, жаттау, жазу. Балалардың футбол ойыны білетіндерін сұрау.

Көк майсада  тор үйді

Он көкпар ториды.

Қуған лағын кіргізбей,

Он бір батыр қориды.

Футбол

Ауызша футбол  дыбыстық талдау жасау

Семантикалық карта

 

СөздерВФЭ
…стафета  +
пара…воз+  
…утбол + 
а…роклуб  +
…агон+  
шар… + 

 

11- жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.   Ф дыбысы бар сөздердің астын сыз. Футболдан республика намысын қорғап жүрген қандай команданы білесің?

« Футбол» сөзі ағылшын тілінен алынған.   Қазақшалағанда «табан доп» немесе «аяқ доп» легенді білдіреді. 1863 жылы Лондында алғаш рет футболшылар одағы құрылды. Қазіргі футбол тарихы сол оқиғадан басталады

.

Шығармашылық жұмыс

 

1-топ2топ3топ4топ
Ребусты шешу Математикалық талдау жасауСөйлем құрауАдасқан әріптерден сөз ойлайды

Л,ф,й,е,т,а.

 

Флейта музыкалық аспап. Оның үні сондай тамаша болып келеді.

Суретпен жұмыс

13-жаттығу. Мәтінді оқы. Суретке қара . Көзге оғаш не байқадың? Мысық неге Күшіктің тапсырмасын орындай алмады.

Ой толғаныс:

14-жаттығудағы мәліметті оқу, талдау, есте сақтау.

 

 

 

Топтастыру

В дыбысы                       әріп,                                  ф дыбысы

ұяң                             дыбыс , дауыссыз,                  қатаң

барлық буында,

орыс тілінен енген

 

— Ф дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң).

Қорытындылау  Балалар, бүгін біз не үйрендік?

 Үйге тапсырма: 15-жаттығу, 47-бет.

 Оқушыларды бағалау