Тапқыр достар ( интеллектуалды ойын)

125

 

Тақырыбы: Тапқыр достар ( интеллектуалды ойын)

 

Мақсаты: Ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке тәрбиелеу, топпен жұмыс істеуге, ептілікке, тапқырлыққа баулу.

 

Түрі: ойын

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер

 

Өту барысы:

 

Кіріспе сөз

Балалар бүгін мен сіздердің білім деңгейлеріңізді, сөйлеу мәнерлеріңіді, тапқырлықтарыңызды көру мақсатында сіздерге «Тапқыр достар» атты ойын өткізгелі тұрмын.

Ойынға негізінен үш оқушыдан 2 топ қатысады біздің сыныпта оқушы аз болғандықтан 2 оқушыдан топтасасыңдар.

 

 

Ойынның шарттарымен таныстырып өтемін.

  1. «Сөз тапқанға…»
  2. «Ойлан тап »
  3. «Сен білесің бе?»
  4. Кім тапқыр?
  5. Мақалды жалғастыр.
  6. Қолқа салу

 

Ойынды бастамас бұрын «Ребус шешу» арқылы топ атын анықтап алайық.

Екі топ әріп таңдайды, сол әріптен басталатын сөздер айтады

І кезең  Сөз тапқанға …

Таудай сөзге тарыдай, қия тауып сөйлеген Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің ұрпақтары «Қыран» және «Барыс» тобының сөз байлығын таңдаған әріптерден басталатын сөздер айту арқылы тексерейік.

«Қыран тобы»

  1. Суды немен ішесің?
  2. Сенің досың кім?
  3. Жыл басын көрген жануар
  4. Сенің есімің кім?
  5. Бүгін сенде неше сабақ?
  6. Қандай тағам ұнатасың?
  7. арманың көп пе?
  8. Қай көшеде тұрасың?
  9. Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
  10. Қай ауылда тұрасын?

ІІ топқа  «Барыс тобы»

  1. Қандай мамандықтар білесің?
  2. Сабаққа кіммен барасың?
  3. Алтын күн астында не бар?
  4. Тақтаға немен жазасың?
  5. Сүйікті пәнің
  6. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
  7. Сенің есімің кім?
  8. Сенің көршің кім?
  9. Қандай ертегі білесің?
  10. Заттың атын білдіретін сөздер

 

ІІ кезең «Ойлан тап»

Сұрақ: Адамгершілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жауап: Адам бойынан табылатын жақсы қасиет.

«Адамгершілік» деген сөз беріледі, сол сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құрайды.

 

Адам, шіл, ер, кіші, кілем, ілгек, ілгіш т.б. ( Қанша сөз құраса сонша ұпай)

 

ІІІ кезең «Сен білесің бе?» ( пән бойынша сұрақтар беріледі.)

Көп білуге ұмтылған-

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған

Көп нәрсені тоқиды.

 

10

 

10 10
20

 

20 20
 30 30 30

 

 

 

10 ұпай сұрақтары: 1. Үш бидің атын ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)

  1. Күн жүйесінде неше планета бар? (9)
  2. Кез-келген аңның жүрісін қимылмен көрсет

20 ұпай сұрақтары: 1. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары

  1. 8 бен 9 дың көбейтіндісі нешеге тең.(72)
  2. Абай Құнанбаев кім? ( Ұлы ақын, жазушы)

 

30 ұпай сұрақтары:  1.Мемлекеттік рәміздерді ата.

  1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

( Тоқтар Әубәкіров)

  1. Зат есімнің септіктерін ата.

 

ІV  кезең   «Кім тапқыр?»

Суреттерді тұспалдап қарсы топқа жасыру.

 

V кезең «Мақалды жалғастыр»

 

Қыран тобына

  1. Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

  1. Ырыс алды- ынтымақ.
  2. Отансыз адам-

Ормансыз бұлбұл.

  1. Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергенің.

  1. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

 

Барыс тобына

 

  1. Аққуды атпа

Досыңды сатпа.

  1. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Отан – оттан да ыстық.
  2. Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

  1. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

 

Қолқа салу. Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.

 

Қортынды.

 

Ойын соңында екі топ бір-біріне жақсы сөз, тілек айтады.