Өзің таңдаған өмір

58

Өзің таңдаған  өмір

Қостанай облысы:

Аманкелді ауданы:

Жаңа ауыл орта мектебі.

Әлеуметтік педагог: Рахметова Айсұлу Қасымқызы

 

Мақсаты: Жеткіншектердің өзін — өзі тануы, олардың тұлғалық ерекшеліктері мен мінез – құлқын анықтау. Оқушыларды  шиеленіс  жағдайдан шыға білуге , өзін — өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету.

Көрнекілігі: түрлі – түсті карандаш, әр қатысушыға А4 қағазы, стикер, жүректің суреті салынған ватман.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Бүгін біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады.  Сондықтан біз бір – бірімізді тыңдауға, өз  — өзімізге сенімді болуға , өзімізді қорғай білуге үйренеміз.

  1. Сергіту жаттығуы:

Жаттығу: «Шұжық»

Жүргізуші: бұл жаттығу қандай жағдайда өздеріңді ұстап, басқара білуге бағытталған. Қазір мен  сендерге қандай сұрақ қойсам да шұжық деп қана жауап бересіңдер. Жауап берген адам күлмеуі тиіс, күлген адам ойыннан шығады. Ал ендеше дөңгеленіп тұрайық.

Сұрақтардың түрлері:

  • Сенің иіс суыңның иісі қандай?
  • Сен қайда ұйықтайсың?
  • Сен жалғыз болғанда кіммен сөйлесесің?
  • Туған күніңе не сұрайсың?
  • Ата – анаң сені еркелетіп қалай атайды?
  • Тісіңді немен тазалайсың?
  • Түсіңе не кіреді?
  • Таңертеңгілік немен жуынасың?
  • Досыңның аты кім?
  • Қай пәнді жақсы көресің?
  • Сынып жетекшіңнің аты кім?
  • Бүгін неше сабақ болды?
  • Сенің атың кім?
  • Сенің өмірлік мақсатың не?

Бұндай сұрақтарды жүргізуші де соымен қатар ойынға қатысушылар да қоюларына болады. Ойынның соңында барлық сұрақтарға күлмей жауап берген ойыншыға қалай өзін  сабырлы ұстап тұрғаны , қандай  мүмкіндікті пайдаланғаны туралы  сұрақтар қойып нақтылауға болады.

 

  1. Коллаж. «Менің таңбам»

Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін , отбасы жетістіктерін , мінезін білуге болады. Таңба негізі қалқан болып табылады. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аламыз, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден —  өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы т.б). Үшіншіден – ең үлкен  жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының бәрін сурет, сөз, символ  арқылы  көрсетіңдер. Бесіншісінде – өзің туралы естігің келетін үш сөз.  15 минут уақыт беріледі.

Қатысушылар өз қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.

Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсысымыз  есімізде сақтауымыз керек:

  • Ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;
  • Жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
  • Өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
  • Өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
  • Өзіңді нашар сезінгенде , ренжіп, қорыққанда, қапаланған  кезде рухыңды көтеру үшін  өзі туралы  естігің келетін үш сөзді  дауыстап айт.

 

Қорытынды: «Жан жүрек сыры» жаттығуы

 

Қатысушыларға қағаздан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы , мейірімді сөздер жазулары сұралады. Жансыз жүректі жандандыру. Тақтадағы үлкен жүрекке қолдарыңыздағы жылы сөдер жазылған сүректерді орналастыру керек.

Талдау:   Қалай  ойлайсыздар жүрегіміз жанды ма? Қайтіп? Неліктен? Ең бастысы  сүйе білуіміз керек? Әр уақытта бір  —  бірімізге жақсы сөз, қайырымды іс жасауға бейім болуымыз керек.