Ю дыбысы мен әрпі

91

Ашық сабақ

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың тақырыбы:

  1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кірітілген дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
  2. Дамытушылығы. Оқушылардрың ой-өрісін сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
  3. Тәрбиелігі. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ұлттық тәрбиеге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру сұрақ- жауап.

Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

  І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал

Қуанамын менде

Қуанайық күнге

Шуақ шашқан елге

Бәріміз де бірге

Түгендеу, партаға дұрыс отыру, сабаққа зейін аударту.

ІІ. Үй тапсырмасы:

Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

  1. «Я» дыбысы қандай дыбыс ?
  2. «Сұр қоян» өлеңін жатқа айтқызу
  3. Оқулықпен жұмыс: Кісі аттарын айтқызу

Мақсат қою тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу

Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)

Сергіту: Орман аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп теріп алайық,

Қалтамызға  салайық,

-Бізге таныс емес қандай дыбыстарды естіп турсыңдар?-Ю(бір неше

Рет қайталап дыбыстау). Юдыбыстан екі дыбыстан тұратыны  туралы

Түсінік беру Ю дауыс,сырттан енген, и+у дыбысытарының қосылуынан

жасалады.

Айу-аю ,ойу-ою,

Баспа және жазба түрімен таныстыру

Оқулықпен жұмыс

Суретке қарап әңгімелеу

 

Бағандағы сөздерді оқытып, мағынасын ашу.

Аю / қо ю / құ ю / сү ю / е се ю   / а за ю

Ою / қи ю /тү ю / кү ю / үл ке ю / кө бе ю

«Ою» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.

 

«Жақсы көрем» өлеңін жаттау.

Дәптермен жұмыс

А) әріп элементтерімен таныстыру

Ә) ауада жазу

Б) тақтаға жазу

В) Дәптерге «Ю» әрпін жаздырту.

ІV. Қорытындылау, бағалау.

 

– Біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбыс және әріппен таныстық?

«Ю» – дауысты дыбыс, сырттан енген, «и» ж/е «у» дыбыстарының қосындысынан жасалған.

 

«Жоғалған дыбыс және әріп»   ойыны.

Со…  ,           қо…  ,           та… ,           а… ,            жи…  .

Үйге тапсырма. «Ю»  дыбысы мен әрпі.