Армысың,әз Наурыз

34

 

Сабақтың тақырыбы: Армысың,әз Наурыз

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың санасына халқына

деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын,

өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқытып тәрбиелеу.

  1. Халықтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып,

Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

  1. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ

халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл

сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.

Көрнекілігі: Ұлттық киім үлгілері, ұлттық тағам түрлері, құрақ

көрпе, мақалдар, оқушылар салған суреттер, нақыл сөздер.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда ол жылы жол болар.

Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.

Мұғалім сөзі: — Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық

мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп

көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ.

Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп — өніп төлдеуі. Қазақ

халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған. Жыл

басы – Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын – күлкінің

көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала

болған. Міне, енді сол ауылда болып жатқан « Наурыз тойы –

дәстүрлі мереке » атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Мейрам.Наурыз жыр:

Наурыз келіп, қар кетті.

Ақ қар көк мұз жұтатқан

Шаруа елінен қар кірді.

Наурыз келіп, жас кірді,

Жас хабаршы әз кірді.

Күнге тосып арқасын,

Жан біткенге наз кірді.

Мұғалім:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы – салтымыз,

 

 

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.

Күн: Сәулесі мол Күнмін,

Түн: Жұлдызы көп Түнмін.

Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз бүгін біз.

Түн: Ал ертең, күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмендер тек бірақ.

Темірлан.

Сәнді көктем – Наурыз,

Наурыз тойы – жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Құлпырсын күн мен ай,

Құтты болсын Наурыз той!

Мұғалім: Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі

бар екен, кәне, соны көрейік.

Ортаға Елен , Бексұлтан , Парасат , Нұрдаулет , Дильназ  шығады.

Парасат:

Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда болса, жол болсын.

Елен:

Ұлыс береке болсын,

Бәле – жала жерге енсін.

Бексұлтан:

Ұлыс бақытты болсын,

Төрт түлігің ақты болсын.

Нұрдаулет:

Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын,

Достығымыз берік болсын,

Бі лім — өнер серік болсын!

Дильназ:

Ау, жараңдар, келіңдер!

Той қызығын көріңдер!

Наурыз айға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер.

 

Мұғалім: Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане, кім

қандай ұлттық ойындар біледі? ( Қыз қуу, бәйге, көкпар, күрес, теңге

алу, асық ойнау).

— Олай болса, біз де бүгін тойымызда осы ойындарды ойнап көрейікші.

  1. « Қыз қуу ойыны ». Мақал – мәтел айтып жарысады.
  2. « Күш сынасу » ( білектесу ).

Мұғалім: Балалар, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы –

Наурыз көже. Міне, бүгін аналарың сендерге наурыз көже

пісіріп жіберген екен, ал біз аналарымызға арнап

« Қазақтың дастарқаны » атты әнімізді айтып берейікші.

Хор: « Қазақтың дастарқаны ».

Қорытынды сөз: Осымен тәрбие сағатымызды батамен аяқтай

отырып, наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.