«Менің Қазақстаным- менің болашағым»

44

Илимбаева А. Б.

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным- менің болашағым»

Мақсаты: Бабалардың мұра етіп қалдырған жерін қорғап, оның байлығын іске асырып ел игілігіне жарата білуге және ұлттық мүдемізді сақтап қалатын Ата заңымызды білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Заңның негізгі бөліктерімен таныстыра отырып, пікір бөлісу.
  2. Кластер жинау арқылы ойларын жинақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. Отанын қорғауға, елін сүюге, үлгілі азамат болып өсуге тәрбиелеу.

Түрі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Көрнекілік:

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

А) Оқушылармен сәлемдесіп отырғызу;

Ә) Сынып сағаты туралы айту;

Б) Психологиялық треннинг;

ІІ. «Ой шақыру»

  • Алдымызда өткен тамыз айы еліміз үшін әрі қаламыз үшін айтулы оқиғаларға толы болды десек қате айтпағанымыз. Себебі: 30 тамыз – Конститутция күні болса, 29 тамыз – Шахтерлар күні. Қаламызға 55 жыл. Осындай айтулы мерекелерді бізбен бірге бөлісуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп халыққа ізгі тілекпен жүрек жарды ыстық лебізін білдірді.
  • Біз кеншілер қаласы болғандықтан «Шахтерлар» күнін жылда тойлап, кенші қауымның еңбегінің орасандығын білеміз. Жер астындағы байлықты жер үстіне шығарып, баршаға жылулық сыйлап отырған кенші қауым еңбегі өлшеусіз.
  • Әр адамзат баласы- өзінің құқықтарын білу басты парызы. Адам дүниеге келді. Оның шыр етіп, жерге түскенінен бастап өмірін, денсаулығын, тыныштығы мен қуанышын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы «Конститутция» қорғайды.
  • Заң деген не?
  • Оны білу маңызды ма?

Конститутция

 

 

 

 

ІІІ. «Пікірлесу»

(оқушылардан өздерінің білетін құқықтарын сұрап, ой бөлісу)

  • Біз сендермен дүниетану сабағында өткендей тәртіпті сақтауға, өз міндетін білуге, өз ойын ашып жеткізуге, біреуді қорламауға, ұрлық жасамауға, білім алуға …… секілді қағидалар да заңда көрсетілген. Есімізге түсірейік.
  • 5 бап – басқаны қинауға, оған қатал қарауға кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.
  • Осы бапты қалай түсінесіңдер?
  • 19 бап- әрбір адамның өз пікірінің болуына және ойындағысын еркін айтуға құқылы.
  • Мағынасын қалай ашуға болады?
  • Кәне, ары қарай қалған баптарды өзіміз еске түсірейік? 29, 40 баптарда не делінген?
  1. «Топтама»

(барлығын бір аранаға топтау, яғни кластер жинау)

 

 

 

 

 

 

 

  • Конститутция не үшін керек?
  • Оқушының міндеті не?
  • Әке-шеше міндеті не?
  • Отан қорғаушылар міндеті не?
  • Ұстаз парызы не?
  1. «Ыстық лебіз»

(әр оқушы өз ойы жазылған қолтаңба қалдырады)

  • Қазақ халқы діңі берік, ыстық пен суыққа төзімді желдің өтінде ық болар ағашты «Бәйтерек» деген. Сол бәйтерекке тек бір ғана құс ұя салып, жұмыртқа басса керек. Ол құс- Самұрық. Самұрық- өте қырағы, жақсы менен жаманды ажырататын адам бейнелі екі басты құс болған. Сол құс жылына екі ғана балапан басып шығарады екен. Сол балапаны жұмыртқаны жарып шыққанша балапандарына алыс қиырдан тамақ іздеп ұшып кетеді екен. Бірақ қайтар жолда бір ғана тілекпен оралған екен. Ол қандай тілек деп ойлайсыңдар? Ендеше сендер сол құс секілді енді ғана қанатын кеңге жайып келе жатқан мемлекетімізге ыстық лебіздерің мен тілектеріңді жазыңдар.
  1. Қорытынды:
  • 150-ден астам ұлттар тұратын кішкене ғана мемлекетімзде бейбітшілік пен татулық, ынтымақтастық орнағаны –осы Ата заңКонститутциямыздың арқасы.
  • Балалар сендер биыл Астанада «Қазақ елі» алаңында өткен «Конститутция» күніне арналған шеруді көрдіңдер ме?
  • Ол туралы не айта аласыңдар?
  • Онда нелерді көрсетті?
  • Конститутция деген не?
  • Саран қаласына биыл неше жыл толды?
  • Кенші деген кім?
  • Өзің кімнің баласысың?

VII. Бағалау: