Чч дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Чч дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсатты:

  1. 1. Оқушыларды Чч дыбысы мен әрпін таныстыру. Чч дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөздерді дұрыс оқуға және сауатты жазуға төселдіру.

2.Ой-өрісін, тіл байлықтарын арттыру,тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін дамыту.

3.Оқушыларды сауатты әрі көркем жазуға, кішіпейілдікке, ұйымшыл болуға, достарына құрметпен қарауға тәрбиеле.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелесу, өздігінен жұмыс

 

Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сөздер, электронды әліппе, презентация.

 

Сабақтың барысы:

 

I Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн бізге,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

 

II Өткенді қайталау:

Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін нығайту,пысықтау.

–Балалар, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Берілген сөздерді дауыстап хормен оқытқызу.

 

III Жаңа сабақ:

Әріпті жұмбақтың шешуін тауып,қай дыбыс екенін анықтау.

Чч дыбысынан келетін сөздерді дауыстап  хормен айтып,олардың мағынасын сіндіру.

Чч әрпін тақтаға іліп көрсету. Дауыстап хормен бірнеше рет айтқызу.Чч дыбысының дауыссыз екенін айту.

 

1.Электронды әліппемен жұмыс

Ч дыбысымен таныстыру,дауыссыз дыбыс екендігін аңғарту,ч дыбысы бар сөздермен таныстыру.

«Почташы» өлеңін оқытқызу,жаттату.

Суреттермен жұмыс,берілген суреттер арасынан ч дыбысы бар сөздерді табу.

 

 

2.Оқулықпен жұмыс:

Оқулықта берілген буындарды дауыстап оқу, «Болашақ чемпиондар» өлеңді дауыстап оқып беру. Мағынасын ашу.Дауыстап кезекпен оқытқызу.

  1. «Ой қозғау»

-Қазақстандағы чемпиондарды білесің бе? (суреттерін көрсете отыра,қысқаша тоқталу)

 

4.Текшелермен жұмыс жүргізу «Дыбыстық талдау жаса» тақтада көрсетілген чемодан,чемпион сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

 

  1. Сергіту сәті: қимылды жаттығу

 

5.Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан арылып,

Әдемі етіп жазайық!

Чч-әрпінің элементтерімен таныстыру,ауада жазғызу. Чч— әрпін дәптерге жазғызу.

Өлеңнің екінші шумағын көшіріп жазу.

Бақыты боп бар елдің,

Алар талай байрақ та.

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда.

 

6.Ойын “Бинго”

(алдын – ала әзірленген “чек” бойынша ойналады)

Егер бала дайындалған сұрақтарға жауап берсе тиісті чекті алып, чек арқылы кәмпит алады.

Ойынның мақсаты: балаларға еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру, шапшаңдыққа үйрету.

Сөйлеу қабілетін, тілін дамыту.

Берілетін сұрақтар:

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?
  3. Дауысты дыбыстарды ата.
  4. Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?
  5. А дыбысына сөз ойла.
  6. Сен қайауылда тұрасың?
  7. Б дыбысына сөзойла.
  8. Сенің ұлтың кім?
  9. П дыбысына сөз ойла.
  10. Мектеп неше қабатты?
  11. Чемпион сөзін буынға бөліп айт.
  12. Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс.
  13. Р дыбысына сөз ойла.
  14. Чемодан сөзін буынға бөліп айт.

V Сабақты қорыту:

-Балалар, бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?

-Дауысты ма, дауыссыз ба?

Чч— дыбысы бар сөздерді айтқызу, айтқан сөздерінің мағынасын сұрап сабақты қорыту.

-Сабақ соңындағы көңіл-күйлеріңіз қандай?

 

VI.Үйге тапсырма:

132-беттегі өлеңді жаттап келу.

 

VII. Оқушыларды мақтау-мадақтау.