Үү дыбысы мен әрпі

66

Сабақтың тақырыбы: Үү  дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                    Үү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген  сөздерді оқу мен жазуды үйрету. Оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Үү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Бағандағы сөздермен жұмыс жасау, мағынасын ашып, түсіндіру.

Дамытушылығы:         Үү дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту. Бағандағы сөздерді түсініп оқуын, мағынасын түсінуін, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелігі:                 Адамгершілікке,еңбексүйгіштікке,сауатты,әдемі,көркем  жазуға тәрбиелеу,жазу каллиграфиясына қатаң көңіл бөлу.

Сабақтың көрнекілігі:          кеспе әріптер, буындар, суреттер, интерактивті                  тақта,электронды оқулық.

Сабақтың түрі:                            Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс:          Дүниетану.

Сабақтың әдіс-тәсілі:           Жекелей, суретпен жұмыс, салыстыру, логикалық, ойын.

Сабақтың барысы:                 Ұйымдастыру.

 Ой шақыру стратегиясы.

  • Балалар, қазір  жылдың  қай  мезгілі?
  • Күз мезгілі.
  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Күз мезгілі туралы әңгімелеу. Жемістер мен көкөністер піседі. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
    «Жапырақ  жинау » ойыны. Әр  жапырақтың  артындағы  сұрақтарға жауап беру. Тақтаға сары жапырақтарды жабыстырып қоямын, әр оқушы тақтаға шығып, сол сұрақтарға жауап береді.

—        Дыбыс деген не? (айтамыз, естиміз)
—        Әріп деген не? ( жазамыз, көреміз)
—        Буын неден құралады? (әріптен)
—        Сөзден не құралады? (сөйлем).

Үй тапсырмасын сұрау:

Мақал мәтелді  2 – 3 оқушыдан сұрау.

Бағандағы сөздерді оқушыларға тізбектей оқыту.

«Бөпешім» өлеңін  3-4 оқушыдан жатқа сұрау.

Өткен сабақты бекіту.

—  Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

—  Ө дыбысы.

—  Ө дыбысы қандай дыбыс?

—  Жуан дауысты дыбыс.

—  Ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

—  Жақсы балалар, енді өткен әріптерімізбен дыбыстарымызды  бір қайталап жіберейікші.

Жаңа сабақ

  • Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады:

Жарықта соқырмын

Ұша алмай отырмын.   ( үкі ) ( слайдтан үкінің суреті)

Кітаптағы үкінің суретімен танысу. Үкі суретін слайдтан көрсетіп, оқушыларға    үкі жөнінде түсінік беру. Үкі туралы не білеміз?

Үкі түн құсы, Үкі — негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағатын құс екен.

  • Балалар, үкі деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? (Балалар «Ү» деп жауап береді)
  • Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.
  • Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі (тақтаға тақырыпты жазу)

— Үү  деп дыбыстату. Хормен айту.

— Қалай дыбысталады?

— Қандай дыбысқа жатқызамыз?

— Ү дыбысын айтқанда ерін, тіл алға созылады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, иек көтеріледі.

— Дауысты, жіңішке қысаң, еріндік дыбыс екенін айту.

— Сөздің қай жерінде тұр? Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү — кі. (екі буын)

— Неше буын, неше дауысты дабыс?

          Баспа, жазба түрімен таныстыру.

  • Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?

Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.
Ү — жіңішке дауысты дыбыс, ұ — жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.

Ұқсастығы:   екеуі де дауысты дыбыс.

Айырмашылығы:    жуан, жіңішке айтылуы.

Үйрек суретін көрсетіп слайдтан, үйрек үй құсы. Тұмсығы қандай, мойыны қандай? дыбыстық талдау жасату. /неше әріп, неше дыбыс, неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз дыбыс, неше буын/ кассаға екі оқушы текшемен үйрек, үкі сөздерін жазады.

Балалар, үкі мен үйректің қандай ұқсастығы бар екен, қарайықшы. (слайд)

Оқушыларға  Үү дыбысы бар сөздер ойлап, айтқызу.

— Ү дыбысы сөздің қай жерлерінде келетініне назар аудару.

Суретпен жұмыс:

үйрек, үй, үкі,  гүл, түйе, түлкі суреттерін слайдтан көрсету.

Мұғалім:   Ү дыбысы қандай дыбыс?

Оқушылар:    Ү дыбысы дауысты дыбыс, сөздің басында ортасында кездеседі.

Бағандағы сөздерді оқу:

ү кі             кү ріш        түл кі                   жү рек

үй рек        кү міс         күл кі                   кү рек

үй шік        кү шік        түй ме        жү зік

Оқушыларға тізбектей оқыту:

 

Үміт сөзінің мағынасын түсіндіру:              

үміт

Жұмбақты оқу.  (мұғалім)

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады.             (қарлығаш)

— Ол не?
— Дұрыс айтасыңдар.  Ал енді қарлығаш туралы не білесіңдер?  Ол қандай құс? (Слайд)

Ү дыбысы бар сөздерді табу:

Талдау жасалатын сөздер,              сүт – түс       күт — түк 

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:

Дәптерге жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Тақтада Үү әрпінің жазылу жолдарын түсіндіріп, жазып көрсету. Үү әрпінің элементтерін ауада  жазу.  Жазу дәптеріндегі үлгі бойынша Үү дыбысын бастырып жазу. Дәптерді көлбеу қойып, әдемі, таза жазамыз.

         Ү       Ү       Ү

         Ү       ү       ү

Тақтамен жұмыс:

Ү     Үсен      Үміт     Үмбет

ү       үкі        күн      күй

 «Кім шапшаң?» ойыны 

     Буыннан сөз құрау.

Өтілген әріпке байланысты буындарды тақтаға жабыстырып қоямын, кү-ріш, кү-міс, кү-шік, түл-кі, түй-ме, жү-рек, жү-зік, кү-рек, үй-рек, үй-шік.

Сабақты қорытындылау:        Не үйрендік?

  • Бүгін қандай әріппен таныстық?
  • Ү дыбысы қандай дыбыс?
  • Жіңішке дауысты дыбыс?
  • Жеке дара буын бола алады
  • Ү дыбысы қалай айтылады?
  • Сөздің басында  кездеседі
  • Сөздің ортасында  кездеседі

Бағалау:     Оқушыларды сабаққа қатысқанына қарай жұлдызшамен бағаладым.

Үйге:            91 — ші бетті оқып келу.

 

 

Бағалау:     Оқушыларды сабаққа қатысқанына қарай жұлдызшамен бағалдым.

Үйге:   91 — ші бетті оқып келу.

үкі                       түлкі

         күрек                            үйрек

үміт

—   Жазу дәптеріндегі суреттермен жұмыс жүргізу, оқу. (үкі, күрек, түлкі, үйрек)

—   ү әрпінің орнын анықтау, бастыра жаздыру.