«Толағай» отбасылық сайысы.

«Толағай» отбасылық сайысы.

Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық ойын түрлерін, спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ептілікке төзімділікке шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: доп, ысқырық, кубик, шар. Т.б.

Жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боларсың, сауығып айдай толарсың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың

Чемпион болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ.

Жарысқа түсіп қалайда.

-Құрметті ұстаздар, атааналар мен оқушылар. Бүгінгі  «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа Еңбекші мектеп- балабақшасының балалары мен ата-аналары қатысады.

Сонымен ортаға көңілді спорттық жарысқа қатысқалы отырған отбасыларды шақырайық.

Жарысқа қатысқандарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Спортты ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Спортшы отбасыларды шақырамыз.

  1. Көк түсті Таңжариковтар отбасынан құралған «Достық» тобы.

Топ басшысы: Таңжариков Алтынбек.

Мүшелері: Жұмабаева Сандуғаш- үй шаруасындағы ана.

Рустам-айналысатын спорт түрі, футбол, және сүйікті өнері сурет салу..

Данияр-айналысатын спорт түрі – футбол, жүгіру.

 

  1. Қызыл түсті Төлениязовтар әулетінен құралған «Бірлік» тобы.

Топ басшысы: Төлениязов Жарас.

Мүшелері: Төлениязова Бибі-медбике.

Дәулет-айналысатын спорт түрі, дойбы

Дильназ-айналысатын спорт түрі, доппен исекіру.

 

  1. Сары түсті Смайловтар отбасынан құралған «Жалын» тобы.

Топ басшысы: Смайлов Рашид.

Мүшелері: Қалмұратова Анар-тәрбиеші.

Рамир-сүйікті ісі сурет салу.

Назерке- сүйікті өнері ән салып, би билеу.

-Енді көңілді жарысымыздың әділқазыларымен таныс болыңыздар (әділқазыларды таныстыру) Сайысымыздың нұсқаушысы дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Смагулов Бүркіт ағай.

Командалар мынадай сайыс түріне сынға түседі:

  1. «Кедергілерден өту.»
  2. «Мәреге кім бұрын?»
  3. «Кенгуру.»
  4. «Шеңбер.»
  5. «Кім иілгіш?»
  6. «Кім мерген?»

-Осы сайысымыздың өтуіне көмек берген Еңбекші мектеп балабақшасының ата-аналарына алғысымызды білдіреміз.

-Қазылар алқасы дайын болғанша ата-аналармен тілдесеміз.

  1. Бүгінгі сайыс ұнады ма?
  2. Сізге қай сайыс қиындық туғызды?
  3. Сізге қай ойын ерекше ұнады?

Жүргізуші:

Спортқа берік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген

Сайысқа баға беріңіз,- дей келе келесі кезекті әділқазылар алқасына беріледі.

-Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Оң болсын десең егер тіршілігің,

Сақта, халқым, саулығын аналардың,

Болсын десең денің сау ұрпақтарың.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математькалық түсцініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы: Түстерді ажырата білесің бе?

Мақсаты: Балалардың математикадан алған білімдерін тиянақтау. Түр түсті ажырата білу, геометриялық фигураларды ажырата білу, әр заттың өз орнын таба білу, білімдерін қорыту.

Көрнекілігі: үй жануарлары, жабайы аңдар, орман, аула, үй, бау-бақша, құм, ұшақ.,қоян.

 

Іс-әрекет кезеңдерТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу--Балаларды шақыру.Шаттық шеңбері. Жүрек жылуы.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

-Осы мезетте есік қағылады. Жәшікте жасырын бір зат бар. Ішінде қоян, қолында хаты бар. «Саламатсыздар ма, балалар! Мен жалмауыз кемпірдің құрығына түсіп қалдым. Ол менің үй жануарларымды орманға апарып, сыйқырлап тастады, маған көмектесесіңдер ме?»

-Қане балалар қоянға көмектесеміз бе?

-Балалар ұшақпен ұшып келіп, өздерінің ұшақтарының түсіне сай орындықтарға отырады.Қонақтармен амандасады. Шаттық шеңбердің ішінде бір-біріне жылусыйлайды.

 

-Балалар ішінде не бар екен деген қызығушылықпен қорапқа қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

-Иә.

Ұйымдастыру-іздену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ендеше жалмауыз кемпірдің 1- ші тапсырмасы мынадай. Үй жануарлары мен жабайы аңдар араласып кеткен ,үйжануарларын аулаға, жабайы аңдарды орманға кіргіземіз.

-Балалар жалмауыз кемпір қоянның үйін сыйқырлап тастапты. Үйді қалпына келтірейікші.

2 — тапсырмасы «Сәйкестендіру.» Мұнда фигураларды атап, түсін ажырату.

Сергіту сәті:

Добым, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Үстел үстін бүлдірдің ,

Тәрелкені сындырдың.

Тнетек болып кеткен соң

Келеді сені тепкім кеп.

3- тапсырмасы: «Өз орныңды тап.»

Балалар, жалмауыз кемпір тағы да қоянның бау-бақшасын сыйқырлап кетіпті. Бау-бақшаны орнына келтірейікші.

4- тапсырмасы: Құммен жұмыс Ойын «Тауып көр.» Құм арасындғы жасырынған сәбізді қылқаламмен табу.

-Балалар үй жануарлары мен жабайы аңдарды бір-бірінен ажыратады.

 

 

 

-Балалар геометриялық фигураларды бір-біріне сәйкестендіреді, атын атайды, түсін ажыратады.

 

 

 

Екі қолын қарама-қарсы доп секілді домалатады.

Қолдрын алға жаяды.

Қолдарын сілкілейді.

Сұқ саусағын шошайтады.

Аяғымен доп секілді тебеді.

Балалар көкөністер мен жемістерді өз орнына орналастырады.

 

 

 

Балалар қылқаламның көмегімен  құмның арасынан сәбіздерді табады.

Рефлексивті —түзетуТосын сый: Қағаз сәбіздің артына кәмпит жасырынған. Балаларға сыйлықты тарату, оларды мадақтау.

 

Балалар қуанады, қонқтармен қоштасады.