«Студенттік өмірдің қыры мен сыры туралы»

117

 

«Студенттік өмірдің қыры мен сыры туралы»

Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру.  Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңд студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;

Көрнекілігі: Кештің тақырыбы, слайд

Кешке қатысушылар: —  әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер;
8-11-сынып оқушылары
Ұстаздар, ата- аналар  .

Жүру барысы:

І- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары- мектебіміздің түлектері.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір- кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан

– дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.
ІІжүргізуші:
                                            Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең, құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін

— деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.
(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).

Олар:                                 Дүйсен Диана

Шекенбав Ардақ

Олжабай Арайлым

Гусманов Ержан

Жүсіпбай Олжас

Ахметова Ажар

Ахметова Аягөз

Хабибуллаев Дархан
І- жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең- мектеп- ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз.Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.

ІІ- жүргізуші: Мектеп түлектерін  «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
І-жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Осыған орай өткелі тұрған студенттермен мектеп оқушыларының арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Студенттік өмірдің қыры мен сыры туралы» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
ІІ- жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,

деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Айгүл Зейноллақызы Наймановаға береміз.

І- жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйінемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін

Келесі сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Ахметова Қымбат Рамазанқызына береміз.

ІІ- жүргізуші:

Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оөу орындарыңыз, мамандықтарығыз жөнінде айтып берсеңіздер.

Сіздердің назарларыңызға «Студенттік кездер- ай» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынамыз. Бұл бейнеклип студенттердің сабақтан тыс кездегі кезеңдері. Бірге тамашалайық!

І- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Қатысушыларға берілер сұрақтар:
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

-Сіздердің арасында  педагог саласын таңдаған студенттер бар. Құдай қаласа оқу бітіргесін өздеріңіздің алтын ұя мектептеріңізге қайта келесіздер ме?

-Медицина саласын таңдаған студент,сіз біздің кентімізге келесіз бе?

-Мектеп өмірінің қай кездерін жиі еске алып жүресіздер?

-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?
ІІ-жүргізуші:
Сіздердің назарларыңызда мектебіміздің биші қыздарымыздың заманауи биін қабыл алыңыздар.
І-жүргізуші: Кезек қорытындыға да келіп жетті. Құрметті студенттер, сөз соңын мына сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындыласаңыздар.

Қорытындылау сұрақтары:
 Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

 

 

ІІ-жүргізуші:
                                           Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас-қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына.

Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Шаяхметова Гүлнар Қыстаубайқызына береміз.

І-жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

— дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер,  бүгінгі кездесуде студенттеріміздің айтқан ақыл — кеңестерін жадыңызда ұстап , ілім- білім алуға барлық күш -жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіреміз!