Бабаға құрмет-балаға міндет

Сабақтың тақырыбы: Бабаға құрмет-балаға міндет

Мақсаты: — Аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту.

— Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту;

— Өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру. (Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады. Сахнаға жүргізушілер шығады)

 

 Барысы

  1-жүргізуші: Ар ма ардақты ағайын! Ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Бабаға құрмет-балаға міндет» атты тарих апталығының қорытынды кешін тамашалауға шақырамыз!

2-жүргізуші: Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы бүгінгі күні бейбіт, азат елдің бірі. Қазақ халқы – еліміздің ежелгі ұлттарының бірі. Қазақ халқы – еліміздің батыс өңірін, Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алабын және дешті-қыпшақ даласын мекен еткен.

1-жүргізуші:  Құрметті, қауым!

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түріктей адамзатқа ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?-деп,  Мағжан жырлағандай, бүгінгі күн-Қазақ елінің мәртебесін жоғарылатып, шоқтығын биіктетер айтулы күн.

2-жүргізуші: Бабаларымыз мирас еткен білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен, атажұртын  басқыншылардың езгісінен азат етуде қылышынан қан тамып, өмірінің соңына дейін жойқын жорықтар мен сұрапыл соғыстардың ортасында жүріп, елін қызғыштай қорғаған батырларымыздың бірі – Жанқожа  Нұрмұхаммедұлының туылғанына -240 жыл толып отыр.

1-жүргізуші: XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе  бастаған  Хиуа, Қоқан хандықтарының өктемдігі мен Ресейдің қазақ жерін  отарлау  саясатына қарсы шыққан халық батыры.

 2-жүргізуші: Соғыс десе жанын шүберекке түйіп жазықсыз жапа шеккендер, опасыз отаршылдық құрбандары, олардың мұңы мен зары Жанқожаның  жанына  қатты бататын. Әсіресе, Хиуа хандығының жер, мал-мүлікті отарлауы, оның қолына қару алып, ерте соғысқа аттануына түрткі болды

Ендеше, сахнада-тірі тарих. Көрініс:

/Хан сарайы.Төрде тақта төңірегінде нөкерлерімен бірге Кенесары хан отыр.Қабағы қатулы.Есіктен басына дулыға киген Жанқожа батыр енеді.Бір тізесін иіп, қолын кеудесіне қойып тағзым етіп отырды./

Кенесары: Келдің бе? Менің қол астымда  1500 төлеңгіт, ал сен  500  ғана жігіт   ертіп келіпсің?

Жанқожа:Алдияр ел ағасы, ханым дана

Алғашқы ауыр күнде болған пана

Кешігіп, кінәлі боп, енді алдыңа

Келді ерің іші жалын, сырты жара……

Талқыға жан жарасын сала алмаймын,

Мәнімді мен айтпаймын, сен сұрама

Тілегім енді жауға аттаналық

Қан көрсе, қас дұшпанда шер тұра ма?

Кенесары:-Таң ата жүреміз.

1- жүргізуші: Хан Кене алғашқыда аз әскермен келген Жанқожаға суық қабақ танытса керек. Созақты қоршағанда Ұлы жүздің де жасағы болыпты. Иә, сол кездегі дәстүр бойынша, қазақтың үш жүзінің жасақтары үш кезекте  шабуылға шығуға тиісті болады. Соңғы кезек Жанқожа батырдікі. Жанқожа батыр  Хиуа әскерін бастап келген Тықы батырды, Қоқан әскеріне көмекке келе жатқан Тоған балуанды, тағы көптеген баһадүрлерді жеңіп, Созақты Қоқандықтардан сақтап қалады.

2-жүргізуші:  Созақ бекінісін шапқан Жанқожа хан сарайынан бір қоржын алтын, оқ-зеңбірек тауып алып Кене ханның құзырына ұсынады.

Жанқожа:  Зеңбіректі өзіңізге  олжа етіп, алтынды үш жүздің баласына тең үлестіріріп беруіңізді сұраймын.

Кенесары: «батырдан сауға, ханнан сарқыт» салты бойынша алтынды хан қазынасына  алайық. Алтын хан қазынасында тұрсын.

 Сол кезде Жанқожа батыр былай дейді:

– Ал, алтын болса сұрағаның,

Ерлігің – елдің басын құрағаның.

Үш жүздің осы арада басын қосып,

Дұшпанды қойдай қырып қуаладың.

Туысқан – түбі бірге атам қазақ,

Жоқ екен бөтендігі іні-ағаның.

Сыртыңнан саулығыңа тілектеспіз,

Ойласаң Кіші жүз де өз адамың.

Соны айтып батыр жолдасымен кері қайтты.

1-жүргізуші:  Жанқожа батыр Орта Азия хандарын біршама тәубесіне келтіреді. Батыр ешқашан шен мен шекпенге, олжаға  қызыққан емес.

Сахна: Жанқожа батыр көрпе үсінде домбыра тартып отырды. Сол кезде үйге бір адам келеді:

Адам:  Батыр, жаудан алған екі түйемді Қылышбай тартып алды», – деп шағым білдірді. Батыр Қылышбайға келіп: – Мынаның түйесін бер, – деді. Қылышбай бермеді.

Сол жерде Қылышбайды  бір ұрып, әлгі адамның түйесін әперді.

2-жүргізуші. Елге келгесін болған оқиғаны әкесі есітіді. Нұрымбет пен Қылышбай екеуі жастытұғын

Сахна Жанқожаның әкесі үйде  әрі-бері  жүр.

Әкесі: Жанқожаның олжаға еш қызықпайтын, біреудің ақысын әсте жемейтін жан еді.  Орыстың сөлкебайын да, 200 рубль күміс алуды да ұсынып, жасауыл шенін бекіткенімен,  бұл ақшаныда, күмісті де  ешқашан қабыл алмаған еді. Диқаншының маңдай тер ақысы бар деп бидайдан тартылған нанды жемей, құмда өсетін құмаршақты жеп, орыс әкелген шайды татпай, малдың шұбат, сүт-айранын ғана қорек етуші еді. Бұл қалай болды?

Жанқожа үйге кіреді.

Әкесі: балам, менің үмітімді ақтамадың. Халықтың бірлігі мен ынтымағы қиын-қыстау сын сағатта елді азаттыққа алып шығатын алтын кілт деп жүрсем.                              Бүгін сенің  үлкенге қолың тиді- деп, әдептен аттаған жас батырдың мойынына арқан тағып, ауыр айыптаған әкесі,  Қылышбайға алып келеді.

Әкесі: Қылышбай, сенің алдыңда айыптымыз. Міне, менің ұлым. Қателік жіберіп, саған қол жұмсады. Не істесеңде сенің қолыңда. Жазасын өзің бер

Сонда Қылышбай:

Мен кешемін қанымды,

Қадірімді білсеңдер.

Жанқожаны қолдаған

Жеті ғайып ерендер.

Өзімнен болды білместік,

Бетіне келіп жүрмеңдер.

Нұрымбет,босат  баланың мысын қайырмай. Кінә өзімнен. Бала да болса, бізден ақылы артық. Ерді баулап ер қылады. Елдің басын құрап, ел қылатын осы болады. Онан да налымай, балаға батамызды берейік, – деп, екі шал батасын берді.

 

Бата: Талдай бой  берсін,

Жақсы ой берсін,

Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болсын,

Ағаға қуат болсын.

Нәзік жаны болсын,

Елінің ары болсын.

Басыңа өнердің бағы қонсын,

Ақ Орданың шамы болсын!

Әумин!

1-жүргізуші:  Атақты Қылышбайдан бата алған бір туар батыр — Жанқожа Нұрмұхамедұлы, қалың қазақты бодандықтан бостандыққа жеткізу үшін қажыр-қайратын сарп еткен әулие, қоғам қайраткері ретінде тарихта қала берері сөзсіз.
Қорғаймын деп, ұрпақтың азаттығын.
Өтті қанша басыңнан азапты күн?!
Қылышпен найзаның ұшыменен
Қорғап өттің қазақтың ҚАЗАҚТЫҒЫН!!!

2-жүргізуші: Сол мінез ұрпақта сақталып, бапталған,

Ар-намыс тапталар кезіне шақ қалған.

Оқыстан оятты рухтың ұраны

«Име» деп басыңды бақ қонған.

1-жүргізуші Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті.

2-жүргізуші Жанқожа батыр мен оның үзеңгілес серіктерінің қаны бекерге төгілген жоқ. Олар ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен тәуелсіздік таңын жақындатуға қомақты үлес қосты. Батырдың аруағы алдында басымызды иеміз!

 

2-жүргізуші    Азат бүгін байлыққа тұнған жерім!

Азап жүгін, ел жауын қуған ерім

Әділет пен бірлікке жанын қиып

Қорғап өткен ата – баба туған жерім

2-бөлім:

І  жүргізуші:

О, кең дала!

Ен қызыққа батқаның

Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.

Халқымыздың қуанышын молайтқан

Егемендік сенің алып жатқаның.

Ән: Тұрлығожа Әділет

І   жүргізуші:

Қына көктеп қоңыр қырдың тасында,

Бастағандай көгім бүгін ашыла

Еңсесі тік, егеменді ел болып,

Бақыт қонды қазағымның басына.

 

ІІ  жүргізуші:

Сарыарқа сайран төріміз,

Кең байтақ біздің жеріміз.

Егемендікке қол жетіп,

Тәуелсіз болды еліміз.

Би: 7 сынып қыздарының орындауында

І   жүргізуші:

                    23 жыл ,тәуелсізбін,дербеспін,

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.

Бодандығым ғасырларға жалғасқан,

Қазір міне артта қалды ,келмес күн.

Ән: Ысқақ Жомарттың орындауында

 ІІ   жүргізуші:

Қуаныштан жасқа толды жанарым,

Ұрпағы едім Көк бөрідей дананың.

Енді  міне билік тиіп қолыма,

Женлбірейді күн астында жалауым.

8 а сынып оқушысы  Жөкен Алина өлең оқиды

І   жүргізуші:

                       Дамуымыз керек енді қарқынмен,

Уақытымыз есептеулі алтынмен.

Тәрбиелеп,саналы ұрпақ өсіріп,

Өркендейміз ата –баба салтымен.

Би: 6 а  сынып қыздарының орындауында

ІІ   жүргізуші:

                        Астанамыз,бар қаламыз гүлденіп

Келе жатыр жылдан-жылға түрленіп,

Тәуелсіздік арқасында үкімет,

Жатыр міне, барлығына үлгеріп.

Тұрлығожа Әділет өлең оқиды

                          І   жүргізуші:

                        Төбем көкке жетпей қалды бір елі,

Енді міне бүкіл әлем біледі.

Қазақ деген жомарт халық емес пе,

Аузын ашса көрінетін жүрегі.                               

 Ән: 5 сынып оқушыларының орындауында                  

                             І І  жүргізуші:

Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,

Бізге қарап жол түзейді адасқан.

Барлық ұлтты туыс бауыр көреміз,

Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.

Ысқақ Жомарт өлең

оқиды.

Тарих апталығына белсене қатысқан оқушыларды марапттау                                    І   жүргізуші:

Алашты азаттық пен жеңістерге жеткізіп, сыртқы жауды күйретуге басты себеп болған негізгі құндылық- халық бірлігі. Иә, қазақ батырларының ішінде әулие батыр атанған Жанқожа батырдың тұлғасы ғасырдан ғасырға аттаған сайын биіктеп барады. Өйткені ол халықтың батыры болды, халықтың амандығы үшін, елдің тәуелсіздігі жолында жанын аяған жоқ. Ал халық өз батырын қай кезде тек төбесіне көтереді.

Екі жүргізуші бірге:

                          Қалықтасын көгімізде қыран құс,

Ерлігіміз болсын елге жыр –аңыз.

Ата-бабам армандаған сан ғасыр,

Тәуелсіздікке тәубе,тәубе,мың алғыс.   

Соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Би: Балбырауын

 

        2-жүргізуші: Жәнібек, Бұрындық хан, Қасым хан, Тахир хан Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хандар қазақ хандығының нығайуына үлкен үлестерін қосты. Тәуке хан  тұсында береке-бірлік барынша күшейіп сыртқы жауға барынша қажырлы қайрат жұмсады.

         2-жүргізуші: Тәуке хан дүниеден өткеннен кейінгі жағдай биліктегі қырқыстар жаулардың, әсіресе Жоңғардардың қазақ даласын жаулауы тоқтамады. 18-ғасырдың  алғашқы ширегінде жоңғар шапқыншылығы  қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды» апатына душар етті. «ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды  басынан кешірген қалың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр хәлі мен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім-ай» сынды ән шығарды.

«Қара таудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел-жұртынан айырылған жаман екен

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

 

Мына заман қай заман, қысқан заман,

Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.

Шұбырған ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

 

Мына заман қай заман, бағзы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман….

Ата қоныс, туған жер қалғаннан соң

Көздің жасын көл қылып ағызамын».

      1-жүргізуші: қазақ халқы  қорлыққа шыдамады, ол бойындағы  бар күшін жинап, жоңғар басқыншыларына  қарсы ерлік күреске жаппай атанды. Бұл жорық халқымыздың  бостандық пен тәуелсіздік жолындағы әділетт шайқасы – Отан соғысы болды.  Оған қазақ ханы Абылай сияқты батыр қолбасшылар қолбасшлық етті.

         2-жүргізуші: 18 ғасырдың 30-жылдарында  ауыр кезеңдерде Абылай тарих сахынасына шықты. Әбілмәмбет  хан үш жүздің 90 игі жақсыларын ертіп барып, Жәнібек деген кісіден бата алып Абылайды хан сайлады.

         1-жүргізуші:

                 Алаштың ұрпағымыз атқа мінген,

Ықпаған құл етуге әлде кімнен.

Абылай, Абылайлап жауға шапса,

Райымбек өз есімін ұран еткен

Алихандар бастаған есіл ерлер

Елі үшін өз бастарын құрбан еткен.

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз!

Байтақ елмен, жерімді

Жау қолына бермейміз!!!

 

         2-жүргізуші:

                 Сол мінез ұрпақта сақталып, бапталған,

Ар-намыс тапталар кезінде шақ қалған.

Оқыстан оятты рухтың ұраны

«Име» деп басыңды бақ қонған.

 

Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті.

 

           1-жүргізуші: Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді.   Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау тоспасын, горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті.

 

             2-жүргізуші:

Зымиян қулықпен арбалған, маталған,

Бр сәтте түнекке айналған,

Кеңестік жүйенің қулық пен сұмдығы,

Шорт сынды, дес бермес жойқын күш ағыннан

 

             1-жүргізуші:

О,ғажап! Тәңірм осыны күтті ме,

Көңілім күй сарын төкті де,

Тасыған жігері ұл-қыздың

Желтоқсан күндері көрінді, сұсты да, кекті де.

 

              2-жүргізуші:

Қырандар қалықтап көгімде,

Ұшқаны биіктеп тегін бе?

Танытар өршілдік өз мінез,

Жарасым жалғасып тартқаны тегіне.

 

             1-жүргізуші:

                 Ғасырлар қойнауы тереңде,

Көп көрген тағын да, қазылған көрін де.

Таптауға арыңды жат жандар талпынған,

Кешірген басынан бұл қазақ бәрін де.

16-желтоқсан Қазақ халқының тәуелсіздік күні. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.

                Олай болса келесі кезекте оқушылардың тәуелсіз елге арналған жыр шумақтарына берейік.

 

   2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

             1-жүргізуші:

Жеткен арман – жаса тәуелсіздігім

Өз қолына берген ерік тізгінін

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

             2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейін  құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер. Жанқожа батыр

Жанқожа
батыр бүкіл жасағымен лап бермейді. Жанына оншақты жігітті ертіп, неше түрлі
оқыс қимылдар жасап, жауған оқты дарытпай, мылтықтың оғы қауіп төндірмейтін
қамал қабырғасына жетіп, қақпаны балталап бұзып, жасағына жол ашады. Қазаққа
тозақтай болған Созақ қамалы осылайша құлайды. Жанқожа батырдың аты алыстарға
кетеді. Достары арқаланып, жауларының құты қашады.

Жанқожа
батыр Сауран қамалын алып, қасиетті Түркістанға бағыт түзейді. Ойлап отырсаңыз,
қазіргі Қазақстан аумағындағы көптеген қала, кент, сулы да нулы жерлер,
мыңғырған малға өріс болған өңірлер жатқа жем болмай, атам қазақтың иелігінде
қалды. Мұны Жанқожа батырдың ересен еңбегі деп қабылдау қажет.

Сол кездегі
қалыптасқан дәстүр бойынша, жауласқан жақтардың әскерлері бетпе-бет келгенде,
қолбасылар жекпе-жекке шыққан ғой. Жанқожа батыр бірде-бір рет жеңіліп Жанқожа батыр Созақ бекінісіне шабуыл жасағанда Кене хан қолымен тізе біріктіріп шайқасады. Жырлардың барлық нұсқаларында Созақты қоршаған үш жүздің қолы жеңіске жете алмай (бес күн) дағдарып тұрғанда ханның өтінішімен қолы жеңіл, ғайып ерен пірі бар, сан мәрте қоқандықтарға соққы берген тәжірибелі Жанқожа он жігітті таңдап ертіп алып (кей нұсқада жалғыз өзі жасырын барып), бекіністі талқандап, қақпаны бұзып шабуылдайды. Осылайша дәстүрлі поэтикаға сай жыршы кейіпкерінің ерлігін мыңнан оқшау етіп, даралап сомдайды.

Жыр-аңыздарда Жанқожаның олжаға еш қызықпайтын, біреудің ақысын әсте жемейтін тақуа, әулие жан екені айтылады. Жыршы Лұқпан Кенжеұлы «Қолына нәрсе алмайды, кәпір қалмақ, жүйіттен» десе, Мұсабай нұсқасында «Орыстың алмай кетті сөлкебайын» дейді. Қарман Сұлтанұлы нұсқасында батырдың диқаншының маңдай тер ақысы бар деп бидайдан тартылған нанды жемей, құмда өсетін құмаршақты жеп, орыс әкелген шайды татпай, малдың шұбат, сүт-айранын ғана қорек еткенін айтады. Бұл мінездеме тарихи деректермен де үйлеседі. Зерттеуші И.В.Аничков Орынбор әскери губернаторы 1848 жылы 4-мамырда №610 өкіммен жыл сайын 200 рубль күміс алуды ұсынып, жасауыл шенін бекіткенімен, батыр бұл ақшаны ешқашан қабыл алмағанын жазады.

.

 
көрмепті. Хиуа әскерін бастап келген Тықы батырды, Қоқан әскеріне көмекке келе
жатқан Тоған балуанды, тағы көптеген баһадүрлерді жеңіп шығуы ел ақындары жырларында,
аңызға бергісіз әңгімелерде сақталып қалыпты.

Сонымен
Жанқожа батыр Орта Азия хандарын біршама тәубесіне келтіреді. Есесіне орыс
экспансиясы кең өріс ала түсті. Патша үкіметінің әскері зеңбіректерін сүйретіп,
мылтықтарын шошаңдатып ішке қарай сұғына түсті. Олардың соңынан қарашекпенді
қоныстанушылар ағылды. Орал казактарының отбасылары байырғы қазақ кенттеріне
орныға бастады. Жердің шұрайлысы, судың мөлдірі, шөптің шүйгіні келімсектерге
тиесілі болды. Тілі, діні, ділі бөлек бұлар жергілікті халықты жабайы санады.
Шығыс мәдениетін ұқпады. Көкіректеріне нан пісті. Сөйтіп, бірден жергілікті
халықпен тұздары жараспады. Сыр бойының қазақтары қатты толқыды. Бітеу жара
сыздап, намысы бар ерлерді бебеу қақтырды. Екі арада кішігірім қақтығыстар жиі
орын алды. Өрістегі мал талауға түсті. Кісі өлімі көбейді. Патша өкіметінің
жергілікті әкімшілігі қазақтарға қырын қарап, арыз-шағымдарына құлақ аспады.

1856 жылдың
желтоқсан айында Сырдария қазақтарының отаршылдыққа қарсы көтерілісі бұрқ етті.
Бұл қазақтар үшін қарулы күреске өте қолайсыз кезең еді. Ашынған халық шыдай
алмады. Әлімұлының Шекті, Төртқара, басқа да рулары дүркірей көтеріліп, Жанқожа
батырдың туы астына жиналды. Қарулы қосын 3 мың адамнан 5 мың адамға жетті.
Жанқожа батырдың жасағы Қазалы форты мен Перовск форты (қазір Қызылорда қаласы)
маңына орналасып, Сырдария шебіне шабуыл жасайды. Қазалыны қоршауға алады.
Патша әкімшілігі қатты састы. Үрей биледі оларды. Халық қаһарынан сескенді.
Алайда күш, қару-жарақ тең емес еді. Орыс әскерлерін соғыс стратегиясы мен
тактикасы ілімдерін жетік меңгерген генералдар мен полковниктер басқарды.
Көтерілісшілерді талқандауға басқа қару түрлерімен қатар, ракета қондырғылары
қолданылды.

Көтеріліс
жеңіліс тапты. Жазалау басталды. Сыр бойы азадан аңыраған үнге толды. Мойындағылары
келмесе де, бұл көтеріліс отарлаушыларға біршама сабақ болды деп айта аламыз.

Жанқожа
батырға жаратқан ие берген ғұмыр жасы тұйықталып келе жатты. Жеңіліс тапқан
баһадүрдің жауы көбейді. Ауқатты, әлділер патша өкіметіне жағынуын күшейтті. Шен-шекпен
алуға ұмтылды.

Жанқожа
Нұрмұхаммедұлы 1860 жылы бесін намазын оқып отырған кезінде, хан Кененің туысы
Елекей сұлтанның бұғып келіп атқан оғынан қаза табады. Сөйтіп, қазақтың тағы
бір хас батыры опасыздықтың құрбаны болады.

Кеңестік
дәуірде Жанқожа батырдың аты ауызға алынбады. Себебі, отаршылдыққа қарсы
күресті. Ол туралы құжаттар құлыпталды. Ақын-жыраулардың өлең-дастандары көзден
таса жерлерде сақталды. Тек соңғы он-он бес жылдың бедерінде ғана батыр туралы
жазылып, айтыла бастады. Кесене, басқа да есте қалдырар орындар бой көтеріп,
кітаптар шығуда.

Жанқожа
батырды жаулары да мойындап, ерлігін, қолбасылық дарынын, адами қасиеттерін
жоғары бағалаған. Әсіресе, орыс тарихшысы И.Аничковтың 1894 жылы жазған «Қазақ
батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» деген очеркі оқиғалар ізі суымай тұрғандағы
деректерді тілге тиек етуімен құнды.

Жанқожа
батырдың есімін тірілтуде белгілі жазушы Молдахмет Қаназ үлкен еңбек сіңіруде.
Ол 2008 жылы шыққан «Ел қорғаған Ер Жәкем» атты көлемді кітаптың құрастырушысы
және авторларының бірі болды. Іс мұнымен тамамдалмайды деп ойлаймыз.

Сыр бойының
ел-жұрты Жанқожа батырды әулие тұтып, ғажайып оқиғалар толы әңгімелер айтады.

Жанқожа
батыр мен оның үзеңгілес серіктерінің қаны бекерге төгілген жоқ. Олар ақ
білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен тәуелсіздік таңын жақындатуға қомақты үлес
қосты.

Батырдың
аруағы алдында басымызды иеміз!

Халық батыры Жанқожа Нұрмағанбетұлы – (1774-1860 ж.) ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өріс алған Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісі менРесей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырған дарынды қолбасшы, елді тура жолға бастаған әділетті би, тақуалығымен аңызға айналып әулие дерлік дәрежеге жеткен әйгілі тұлға. Жанқожа батыр туралы тарихи жырларда сол замандағы халықтың басынан кешкен түрлі қиыншылықтар, Хиуа, Қоқанның залым бектерінің елге салған ауыр салығы, зорлық-зомбылығы, орыс отаршылдарының сұғанақтығы, сонымен бірге сыртқы жауға сатылып, оларды ел ішіне енгізіп, өз елін дұшпанға талатқан опасыз жандар мен осы зобалаң, іштей іріген топалаңға тойтарыс беріп, елдің еңсесін тіктеген ерлер мен билердің қажырлы күресі терең суреттеледі. Жаулардың құрған қанды қақпанын басып, шырқы бұзылғанымен ел басына бұлт үйірілген шырғалаң шақта бір тудың астына, бір батырдың қасына жиналып, тез арада береке-бірлікке келіп, сол арқылы даңқты жеңіске жеткен ел татулығы мен қайсар рухының көрінісі жырда шынайы сомдалады.

Жанқожа батыр он жеті жасында қарақалпақ Тықы батырды жекпе-жекте өлтіріп, өз ауылында содырлар сойылынан шейіт болған «Дәрменқұл бидің әкесі Жылқыайдардың» қанды кегін қайтарады (Лұқпан Кенжеұлы нұсқасы). Бекініс салып, бұхарлықтардың күшіне сүйеніп ел-жұртты талап-тонаған Тықы батыр бастаған қанаушылардың әрекеті былай:

Тықы батыр құрапты,

Қарақалпақтың қауымын.

Сырдарияның ойынан,

Жердің алып тәуірін.

Көрсетті кемдік қазаққа,

Баса тоқып жауырын.

Ектіріп, тиыш қоймады,

Арпа, бидай, қауынын …

Тықы батырдың қаласын шапқанда қол бас­тап барған Қылышбай олжа үлестіргенде араны ашылып, өзінің күйеуі мен атасын бай қылады. Елеусіз тайға мініп барып ер атанған Жанқожа бұған ренжіп қалады, Қылышбайды балталап, әділет орнатады. Жырдың Орнықбай Сұлтанұлы нұсқасында ол туралы былай деп қара сөзбен баян етеді:

«Кеш демін алып, ертеңіне келсе, қаралпақ қашып кетіпті. Қылышбай көп олжа алып, елге қайтты. Батыр Қылышбайдың істеген ісін жақтырмаса да үндемеді. Өйткені, ол «Жылқайдардың қаны үшін, қазақтың ары үшін» деп аттанған-ды. Олай емес, дәл қазір олжа үшін аттанғандай болды. Оның үстіне біреу: – Батыр жаудан алған екі түйемді Қылышбай тартып алды», – деп шағым білдірді. Батыр Қылышбайға келіп: – Мынаның түйесін бер, – деді. Қылышбай бермеді. Сол жерде Қылышбайды балтаның желкесімен бір ұрып, әлгі адамның түйесін әперді. Елге келгесін болған оқиғаны әкесі есітті. Нұрымбет пен Қылышбай екеуі жасты-тұғын. «Әкеңе қолың тиді», – деп Жанқожаны әкесі мойнына арқан тағып алып барды. Сонда Қылышбай: – Босат, баланың мысын қайырмай. Кінә өзімнен. Бала да болса, бізден ақылы артық. Ерді баулап ер қылады. Елдің басын құрап, ел қылатын осы болады. Онан да налымай, балаға батамызды берейік, – деп, екі шал батасын берді. Бірақ Қылышбай сол науқастан бас көтермей жыл жатып, дүние салды… Сонан бастап «Нұрымбеттің шолақ найзалы баласы» аталып кетті».

Міне, осылайша қаршадай бала кезінен-ақ Жанқожа тура би бейнесінде көріне бастайды. «Үлкенге қолың тиді» деп әдептен аттаған жас батырдың мойынына арқан тағып, ауыр айыптаған әкесі де, жас перінің бір жолғы назын кешіре білген Қылышбай да елдің сүттей ұйыған береке-бірлігінің, әдебі мен ізетінің нық шегедей күзетшілері екендігі байқалады. Бала Жанқожаның Қылышбайды балта­лауы, оның батырды кешіруі жырдың барлық нұсқаларында ұқсас кейіпте кездеседі.

Өз ұлын жұрт ынтымағы жолында аянбай құрбандыққа шалуға ниет қылған батырдың әкесі де қара қылды қақ жаратын әділ би екендігі көрінеді. Ал өлім халінде жатқанымен парасат пен мейірбандылықтан жаңылмай, Жанқожаның жастық желігін кешіріп, жігерін жасытпаған, ақ батасын берген Қылышбай да отансүйгіш көрегендігімен жырда дараланып тұр:

Мен кешемін қанымды,

Қадірімді білсеңдер.

Жанқожаны қолдаған

Жеті ғайып ерендер.

Өзімнен болды білместік,

Бетіне келіп жүрмеңдер.

Маған ұрған балтасы,

Жауға қарсы тигендер.

Бабажан сарт бастаған қоқандықтардың Сыр еліне келуі жырдың әртүрлі нұсқаларында әртүрлі жағдаймен байланыстырыла баяндалады. «Жанқожа батыр мен Бабажан сарт» нұсқасында Бабажан жырынды қарақшы, дүмше молда, алаяқ саудагер кейпінде, ал, жыршысы белгісіз нұсқада Бабажан Хиуа ханы Ережептің бұйрығымен екі мың әскерін бас­тап момын қазақты тонауға келген басқыншы. Орнықбай Сұлтанұлы нұсқасында Бабажанды елге бастап әкеліп, ағайын арасына алалық тудырған, кекшіл, жікшіл Раманқұл батырдың аталас туысы болып келеді.

Жырда қалың Алаш жұртының бұзылмаған бірлігі мен айбыны ешкімге дес бермейтін қара құрыш екендігі батырдың ағасы Ақмырзаның аузымен қоқандықтарға қаратыла былай деп айтылады:

Жағалай жатқан жеті ру,

Алшынның ұлы үш ру,

Кіші жүзге жатпай ма?

Басын қосса барлығы,

Хиуаңменен қосақтап,

Айдаһардай жұтпай ма?

Болат буып белсеніп,

Бетпе-бетке келгенде,

Тұқымыңды құртпай ма?

Өкініштісі, болаттай берік болған осы жарасымды ынтымақ қоқандықтарға сатылған кекқұмар, бақас Раманқұл бастаған ағайынның алалығы салдарынан іштей іріп сетінейді.

Ол туралы жыршы Орнықбай Сұлтанұлы былай дейді: «Раманқұл 1825 жылдар шамасында он бестей биді ертіп Хиуаға аттанды. Асан Сүтемгенұлы Айбосын, Абланның ұлы Тәуір, Асан Жақайым Данабай, Татыран Өтебайұлы Тәбекен, Жаппас Өтетілеу, Асаннан Жанділдә, Байділдә және сол сияқты билер еді. Ол кезде хан Мәдірейім еді. Раманқұл өзінің келген жұмысын айтып, көшпелі халыққа мешіт салдырып, әрі пітір-зекет жинатып, халықты отырықшылыққа, тәртіпке шақыратын хан керек екенін айтты. Хиуа ханы Раманқұлдың ол ойын орынды деп тауып, Сыр бойына датқалыққа Бабажанды дайындады.

Сонымен Бабажанды әкеліп, көне Жанкенттен он үш шақырым жерде қала салып, Бабажанды отырғызды. Қамалда мыңға жуық Хиуа мылтығымен жарақтанған қарулы әскер шоғырланды. Өзі жиеней Мәйтінің Сүресіне қала салып, мен екінші бекпін деп отырды. Бірақ олай да отыра бермей, үнемі Бабажанды Жанқожаға қайрап салумен айналысты. Біреу пітір-зекет төлемей, қашып кетсе де, кім ханға қарсылық көрсетсе де, жаласын Жанқожаға жаба берді».

Қорқау қоқандықтар елге келген соң малдан зекет, егіннен үшір салығын алады. Момын жұртты басынып, меңсіз қара жорға қозыдан, он екіде бір гүлі ашылмаған сұлу қыздан салық салады. «Бабажанның қорлығы, Қазақтарды налытты. Қазақтың тәуір әйелі, бетіне күйе жағыпты» дегендей ауыр зобалаң орнайды. Ал Бабажанның билігін нығайтып, қолын ұзартып жүрген опасыз Раманқұлдың үгіті мынау:

Қамтыды «қазағым» деп қалың көпті,

Деген бар: «хан – бұйрығы, қожа – үкімі»

Патшалы ел табады әділетті.

Іргесі Бабажанның Хиуада,

Тағына талай жандар тәжім етті.

Беруге бастан – пітір, малдан – зекет

Әзелде ақ Пайғамбар ләзім етті».

Елден зекет жинап жүрген Раманқұлға бетпе-бет айқасқан қаһарман тұлға батырдың туған ағасы – Ақмырза. Ол зорлықшыларға қарсы шығып, халықты бостандыққа үндейді, сатқын Раманқұлға былай деп тойтарыс береді:

Қазақты қайда барса зар жылатып,

Дұшпаным өзбек болған о бастағы.

Бегіне бағынбаймын бөтен елдің,

Халықты қан жылатып неше бөлдің.

Халық үшін хан керек деп өтіл айтып,

Мен саған қай уақытта хабар бердім?

Бойынан өз өлкеңнің орын таппай,

Хан болсаң, қаңғалақтап неге келдің?!

Қайталап осы сөзді ашуланып,

Дауысы қатты шықты Ақмырза ердің.

Жыршы Орнықбай Сұлтанұлының нұсқасында ағайынның арасына іріткі салған қоқандықтардың лаңы мұнымен аяқталмайды. Ақмырзаны ұстап алған Бабажан сарт: «Інің Жанқожаны өлтірсең, өзің тірі қаласың, менімен тату болсаң, бек болдырам, басыңа алтын тәж кигізіп, алтын таққа мінгізем», – деп азғырады. Осылайша ата салтта болмаған айуандыққа арыстай азаматты көндіріп, елді рухани азғындықтың дертіне шалдықтырып, бетіне таңба, сүйегіне дақ салып, ар-ожданын ластағысы келеді. Қол-аяғын байлап, қойны-қонышына тас толтырып, дарияға атқалы тұрғанда дұшпанға бас имеген өр Ақмырза былай деп соңғы сөзін айтады:

Аман жүрсе Жанқожа,

Бұл араны таппай ма?

…Алтындаған тағыңды,

Тәж кидірген бағыңды,

Апарып отқа жақпай ма?

Арыстандай ашумен,

Аузыңа құмды толтырып,

Артыңа қазық қақпай ма?

Қазір шалқып тұрсаң да,

Тап сол арада білерсің,

Қазақ қайда, сарт қайда?!

Жырдың Орнықбай Сұлтанұлының нұсқасында бір жағынан Қоқан мен Хиуа хандығы, бір жағынан орыс отаршылдары елді езіп, талауға түсірген дүрбелең заманда Жанқожадай батыр жауға жеке шаппай, сол кезеңде алты Алашты азаттыққа шақырған Кене ханды іздеп, Көкшетауға барып кездескені, ақыл қосқаны, Абылайдың аруағына қарындасы Фатима сұлуды атағаны баян етіліп, дүйім қазақ елінің сыртқы жауға қарсы күресте біртұтас ағза екендігі жырланады.

Жалпы, Жанқожа батыр туралы жырларда хан Кене, Наурызбай батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс көшбасшыларының тұлғасы тартымды сомдалады. Жырдың Қарман Сұлтанұлы нұсқасында хан Кенесары Басығара, Көбек би, Тілеулі батырларды Жанқожаға елші етіп жіберіп, құдаласу рәсімін жасап, батырмен жақындасады. Жырдың Лұқпан Кенжеұлы нұсқасында Бабажан сарттың баласы Майқарабекті батырлар тірідей қолға түсіріп, Кене ханға тарту етіп жібереді. Осылайша жырда хан мен батыр сарбаздар тізе қосып, тіл табысып, басқыншы жауға қарсы күрескені, соның нәтижесінде Жанкент, Созақ секілді қоқан бекіністерін талқандап, зор жеңіске жеткені суреттеледі. Жыршылар осылайша ел иесі хан мен күш иесі батырдың ауызбіршілігін, тұтас қазақ жұртының ынтымағын тебірене жырға қосады:

Кене хан бұны есітіп: – Бәлем,– деді,

Мағынасы бұл сөзіңнің терең, – деді.

Есепсіз елге сондай азар берсе,

Қаны бір қазағыма ерем, – деді.

Ол жақтан Хиуа қаптап шыға қойса,

Тәуекел онысын да көрем, – деді.

Өз басы Орта жүздің жетпей қалса,

Көмекке Ұлы жүзді берем, – деді.

Алайда, Жанкентті шапқанда Кене хан келіп үлгермейді, өйткені орыстар Қызылжарға қорған салып, хан сол бағытқа соғыс ашқаны жырда елші Сойдақтың аузымен ескертіледі.

Жанқожа Жанкент бекінісін Ақтан, Тілеулі секілді батырлармен күш біріктіріп бұзып, талқандайды. Жыршылар бұл батырларды мифтік-поэтикалық дәстүр ауанында ерекше ғажайыпқа ие киелі бейне етіп мүсіндейді. Мысалы, Ақтан мен Тілеулі батырдың үстінде еріп жүретін қара бұлты, Жанқожаның төбесінде төрт бүркіті, иығында жолбарысы, қызыл желі, жау батыры хиуалық Әйімбеттің иығында шамшырағы бар-мыс. Дегенмен, жыр тарихи эпос болғандықтан шындықтан аса алшақтап та кете қоймайды. Соғыстың картинасы, мезгіл мен мекен, батырлардың ұрыстағы қимылы ақиқаттан ауытқып кетпейді. Мәселен, сарбаздардың Жанкентті аларда дариядан қалай өткен әдісі де этнографиялық дәлдікпен суреттелген:

Төрт-бестен керегеге мес байлатып,

Апарып дарияға жатыр салып.

Адамды соған салып, атын жалдап,

Өткерді ыспа қылып арқан тағып.

Аттанып сол арада Ақтан шықты,

Батырдың келгенінен хабарланып.

Жанкентті қоршауға алғалы аттанған ауыр қол қимылы күзгі түнерген табиғатпен астастырыла суреттеліп, зорлықшыл датқа жеңіліс тауып, лайықты жазаға кесілетіні халық қаһарынан алдын ала білінгендей:

Түнерді түнек болып күздің желі,

Қозғалды қаһарменен Сырдың елі.

Көз тұтар кеуіліне ашу орнап,

Ерлердің у сияқты алған демі…

Қыз сұрап қырық бес күн ел бүлдірген

«Қолыма бір тисе» деп Жанкент бегі.

Әдетте эпостың соңында жауыздық ізгіліктен жеңілетіні, қатал дұшпанның ауыр және шұғыл жазаланатыны, сыртқы жау бүлдіріп, бұзған әділдікті батыр қайтадан қалпына келтіретіні – формулалы машық. Жанқожа батыр жырында да осы дәстүр қолданылған. Жанқожа Жанкент қамалын талқандаған соң әділ би мәртебесінде көрініп, өмірі бейнетпен өткен Аппаз бастаған үш-төрт құлға бостандық береді, ал жауыз Бабажан сартты халық алдында ауыр жазаға кескені баян етіледі:

«Батыр Бабажанды халыққа салып: «Қара қозы мен күніне ер көрмеген қыз деп халық бүліндіргені рас па?» – деп үш айқайлады. Халық: «рас» – деп үш айқайлады. «Онда артына қазық қағып өлтірілсін», – деді батыр».

Жанқожа батыр Созақ бекінісіне шабуыл жасағанда Кене хан қолымен тізе біріктіріп шайқасады. Жырлардың барлық нұсқаларында Созақты қоршаған үш жүздің қолы жеңіске жете алмай (бес күн) дағдарып тұрғанда ханның өтінішімен қолы жеңіл, ғайып ерен пірі бар, сан мәрте қоқандықтарға соққы берген тәжірибелі Жанқожа он жігітті таңдап ертіп алып (кей нұсқада жалғыз өзі жасырын барып), бекіністі талқандап, қақпаны бұзып шабуылдайды. Осылайша дәстүрлі поэтикаға сай жыршы кейіпкерінің ерлігін мыңнан оқшау етіп, даралап сомдайды.

Жыр-аңыздарда Жанқожаның олжаға еш қызықпайтын, біреудің ақысын әсте жемейтін тақуа, әулие жан екені айтылады. Жыршы Лұқпан Кенжеұлы «Қолына нәрсе алмайды, кәпір қалмақ, жүйіттен» десе, Мұсабай нұсқасында «Орыстың алмай кетті сөлкебайын» дейді. Қарман Сұлтанұлы нұсқасында батырдың диқаншының маңдай тер ақысы бар деп бидайдан тартылған нанды жемей, құмда өсетін құмаршақты жеп, орыс әкелген шайды татпай, малдың шұбат, сүт-айранын ғана қорек еткенін айтады. Бұл мінездеме тарихи деректермен де үйлеседі. Зерттеуші И.В.Аничков Орынбор әскери губернаторы 1848 жылы 4-мамырда №610 өкіммен жыл сайын 200 рубль күміс алуды ұсынып, жасауыл шенін бекіткенімен, батыр бұл ақшаны ешқашан қабыл алмағанын жазады.

Созақ бекінісін шапқан Жанқожа хан сарайынан бір қоржын алтын, оқ-зеңбірек тауып алып Кене ханның құзырына ұсынады. Зеңбіректі ханға олжа етіп, алтынды үш жүздің баласына тең үлестіруді сұрайды. Бірақ Кене хан «батырдан сауға, ханнан сарқыт» салты бойынша алтынды хан қазынасына алуға тілек білдіреді. Сол кезде Жанқожа батыр былай дейді:

– Ал, – деді, – алтын болса сұрағаның,

Ерлігің – елдің басын құрағаның.

Үш жүздің осы арада басын қосып,

Дұшпанды қойдай қырып қуаладың.

Туысқан – түбі бірге атам қазақ,

Жоқ екен бөтендігі іні-ағаның.

Сыртыңнан саулығыңа тілектеспіз,

Ойласаң Кіші жүз де өз адамың.

Соны айтып жолдасымен батыр қайтты,

Тұманнан бір арылтып дала таңын.

Осылайша Жанқожа батыр туралы жырларда халықтың бірлігі мен ынтымағы қиын-қыстау сын сағатта елді азаттыққа алып шығатын алтын кілт екендігі айтылады. Жырда сыртқы жаумен ымыраласып, елді бүлдірген сатқын Раманқұлдың әрекеті қатаң айыпталады. Нұрымбет, Қылышбай, Ақмырза, қарт Ақтан, Тілеулі бастаған батырлардың жұмылған жұдырықтай бірлігі бостандық жолында халықтың алдынан жанған нұрлы шырақ секілді өрнектеледі. Жанқожаның әділдігі, ел иесі хан Кенемен тізе қосуы, хандық дәстүрлі билікті тұрақты қолдауы – бостандыққа деген халықтың жанқиярлық ерлік күресі мен арман-аңсарының көрінісі еді. Жанқожа батыр туралы эпостың барлық нұсқаларында Алашты азаттық пен жеңістерге жеткізіп, сыртқы жауды күйретуге басты себеп болған негізгі құндылық халық бірлігі екені осылайша шабытпен жырланады