Өз құқығыңды білгенің- дұрыс өмір сүргенің. (Сыныптан тыс жұмыс)

Өз құқығыңды білгенің- дұрыс өмір сүргенің.

      (Сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты:

      Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптің тиемді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету,алдына мақсат қоя білуге баулу;

Конституцияны,тағы басқа құқықтық нормативтік  актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету,адамгершілік,елжандылық,құқықтық сауаттылыққа  тәрбиелеу;

Оқушылардың ойлау,тыңдау,сөйлеу мәдениетін дамыту,қабілеттерін шыңдау.

Ұйымдастыру кезеңі:

— оқушыларды екі топқа бөлу;

— әділқазылар алқасын тағайындау;

— сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

Негізгі бөлім.

Сайыс жоспары:

1)Таныстыру(топ аты,ұраны)

2)Үй тапсырмасы.

(Қазақстан Республикасының құқығын,еркіндігін,теңдігін білдіретін нышандар.Буклет жасау)

3)Заңды білу міндетің (сұрақ — жауап)

4)Шығармашылық жұмыс.(тақырыптар бойынша шағын баяндама жазу)

— Менің – Президентім.

— Ата заңым- айбыным.

— Менің елім –Қазақстан!

5)Адасқан әріптерді орналастыр.(мағынасын ашу)

6)Ой жалғау.

7)Білімді тиянақтау.

8)Білгенге маржан.

9)Қорытынды.

 

Заңды білу міндетің.

1-топқа сұрақтар:

1)Қ.Р-сы бойынша ең жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актты атаңыз?

     (Қ.Р Конституциясы)

2)Тәуелсіз Қазақстанның тұңгыш Конституциясы қашан қабылданды?

(1993ж. 28-қаңтар)

3)Қ.Р Мемлекеттік елтаңбасының авторлары?

       (Шотаман Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков)

4)Қ.Р-ның Конституциясы бойынша Президент неше жылға сайланады?

                   (7 жыл)

5) «Қ.Р азаматтық туралы» заңы қашан қабылданды?

(1992 жыл 1-наурыз)

6) «Қ.Р Балалар құқықтары туралы заң» қай жылы күшіне енді?

           (2002 жыл 8тамыз)

7)Қ.Р-дағы «Бала құқықтары» туралы заң  неше бөлім,қанша тараудан тұрады?

        (9 бөлім,98 бап)

8) «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?

        (Тәуке хан)

9)Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасын атаңыз?

( 14-16жас)

10)Қ.Р тәуелсіздік күнін?

       (1991 жыл 16 желтоқсан.)

2-топқа сұрақтар:

1)Қ.Р-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енді?

(1993 жыл 15 қараша)

2)Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?

 (1989 жыл 20 қарашада БҰҰ-ның бас Ассамблясы қабылдады)

3)Қ.Р-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды?

(2006 ж.6қаңтар)

4)Қ.Р Парламенті неше палатадан тұрады?

(2)

5)Қ.Р-ның Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер соңғы рет қашан енгізілді?

               (2011ж,ақпан)

6)Қ.Р-ның Конституциясы неше баптан,неше бөлімнен тұрады?

(9 бөлім,98 баптан)

7)Конституция латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

(Құрылым,өкім)

8)Қ.Р-ның нышандары қашан қабылданды?

(1992 жыл 4 маусым)

9)Мемлекеттік тудың  авторы кім?

         (Ш.Ниязбеков)

10)Қ.Р-ның Конституциясы екінші рет қай жылы қабылданды?

(1995 жыл 30 тамыз)

 

Адасқан әріптерді орналастыр.

 

1-тапқа:

1)ЕКОНЮС – ЮНЕСКО- БҰҰ-ның білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйым.

2)АТКРЕДИЯМО – ДЕМОКРАТИЯ- халық еркі немесе билігі.

3)ЕНТЕЗПРИДЕ – ПРЕЗИДЕНТ-мемлекет басшысы.

 

2-топқа:

1)АТТЛӨЖҰҚ – ТӨЛҚҰЖАТ – азаматтықты куәландыратын құжат.

2)ТУОНКСТИЯЦИ – КОНСТИТУЦИЯ – Ата Заңымыз.

3)РПЕАЛМАНТ – ПАРЛАМЕНТ – заң шығарушы орган.

 

Ой жалғау.

  • топ:

1)Бір қазаға екі (жаза) жоқ..

2)Куәсіз істі күмән табар,куәлі істі  (куә) табар.

3)Мен (ұрлық) қылған күні ай жарық болды.

4)Би екеу болса, (дау ) төртеу.

5)Ұрлық түбі (қорлық) .

6)Өтіріктің (құйрығы) – бір-ақ тұтам.

 

  • топ:

1)Тақыр жерге су төксең тайғақ болар.

Жаманға (сырыңды) айтсаң айғақ болар.

2) (Әділ) істің арты игі.

3) Жолға шықсаң бес (қару) байлан.

4)Заңның (құрығы) – бәрінен ұзын.

5)У ішкен бір өледі, (ант ) ішкен мың өледі.

6) (Қолыңмен) істегенді – мойныңмен көтер.

Білімді тиянақтау.

  • топ:

 

1Қ.Р заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы орган.

 

 

АХАЖ

2Азаматтардың некесі тіркелетін орын.

 

       14-16
3Адам баласының сайлау жасы.

 

       парламент
4Адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасы.

 

 

референдум

5Бүкілхалықтық дауыс беру.

 

       18

 

 

2 – топ:

 

1Парламенттің жоғарғы палатасы.

 

      Премьер-министр
2Қ.Р Үкімет басшысы

 

      вето
3Президентке ерекше тыйым салу құқығы.

 

      сенат
4Қ.Р сот билігі

 

      құқық
5Мемлекет тарапынан қорғалатын жалпыға бірдей нормалар жүйесі.

 

       Тәуелсіз

 

 

 

Білгенге маржан.(топтастыру,қорғау)

 

Өз құқығымды білуге,қорғауға

 

Білім алуға                                                                            Емделуге

 

 

Ойымды еркін айтуға                                                           Өмір сүруге

 

 

 

 

Демалуға                        Әр түрлі шараларға қатысуға

 

 

 

Қорытынды.