«Қыз сыны» байқауы. Тақырыбы: «Мектеп аруы?!»

235

     «Қыз сыны» байқауы.

Тақырыбы: «Мектеп аруы?!»

 Мақсаты:    Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай

қасиеттерге  бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында

қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна

мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-

дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға  себепші болуға баулу.

Көрнекілігі:  күйтаспа, қанатты сөздер, қабырға газеттері, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.

Дайындық барысы:

  1. Қыздарға қойылатын талаптармен таныстыру
  2. Қазақтың  салт дәстүрлері  туралы  мағұлматтар жинау.

Төмендегі номинациялар бойынша өнер көрсетеді:

 

  1. Менің бейнем
  2. Менің анам
  3. Ұлттық киім
  4. Менің тілім

5.Бес ғасыр жырлайды

  1. Білімдіге бес сауал
  2. көрермендер көзайымы
  3. Ұлттық тағам жайлы презентация

 Байқаудың әр шарты  өз кезегінде  түсіндіріліп отырады.

 

1- Жүргізуші: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! Қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

Осы  байқау  8-9-10 сынып  оқушы  қыздар арасында: Мектеп аруы н анықтау мақсатында  қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау  қыздарымызға  эстетикалық  тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға  жан сұлулығымен  қоса тән сұлулығы  бірдей  болғандығы жарасады. Сондықтан  ибалы, инабатты  қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

 

2- Жүргізуші: Аруларға әділ баға қоятын әділқазы мүшелерімен таныстыру.

1  Мектеп директоры Бақыт Советовна

2  Оразбекова Узипа

3  Ұзақбаева Айгуль

4  Элянора  апай

5  11 «ә»  Бота

 

1-   Жүргізуші:   Ал енді, бүгінгі байқауымызға  қатысатын аруларымызды қарсы алайық.

Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды,  сірә бір

Азиданың  сан өнері бар,

Сырын терең  ұға біл.

1 – ші  талапкеріміз  8 «а» сынып оқушысы  Құлмағамбетова Азида

2-Жүргізуші:                    Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Торғын  қыз  ұстазының  айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

2– ші  талапкеріміз    8 «ә» сынып оқушысы  Кәрібекова Торғын

 

1-Жүргізуші:               Сыпайы  оның  мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан Балнұр қыз

3 – ші  талапкеріміз    8 «б» сынып оқушысы  Шынбек Балнұр

 

2-Жүргізуші:                Алайық қарсы Еркегүлді

Үлгілі қыз бұл ибалы

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

4– ші  талапкеріміз     8 «в» сынып оқушысы  Бөкенбаева Еркегүл

 

1-Жүргізуші:                 Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,  торсық шеке, томпақ бет,

Інкәрдай ер жүрек қыз табылмас

5– ші  талапкеріміз    9 «а» сынып оқушысы  Асхатбек Інкар

                                   

2-Жүргізуші:               Самалда өнерлі

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын Самал

Өнеріңді төк енді.

6– ші  талапкер іміз     9 «ә» сынып оқушысы  Сейтбекова Самал

 

1-Жүргізуші:                         Өзі әдемі сыпайы

Қазақ қыздан аумайды

Қарсы алайық Асельді

Жайдарлы жүзді Әдемі

7 – ші  талапкеріміз     9 «в» сынып оқушысы  Наурзбаева Асель

 

2-Жүргізуші:               Алайық қарсы Қарлығашты

Үлгілі қыз бұл ибалы

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

8– ші  талапкеріміз       10 «а» сынып оқушысы Сартаева Қарлығаш

 

 

 

1-Жүргізуші:                 Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,  Бота көзді, сұлу қыз,

Ақтолқындай ер жүрек қыз табылмас

9– ші  талапкеріміз     10 «ә» сынып оқушысы Жұмағалы Ақтолқын

2- Жүргізуші  

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің  жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!

1 сынып оқушыларынан би шашу.

 

1-Жүргізуші:             Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп,

Таныстырып  өздерін өтер деймін.

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін — кезек аруларда

1 ші номинация. Менің бейнем Сахнадағы алғашқы көрініс өзін өзі таныстыру.Белгілі бір музыка ырғағында қыз бала сахнадан жүріп өтеді. Қимыл-әрекеті жарасымды қозғалыспен кешкі сән үлгісін ұсынады. Бұл номинация бойынша олардың жүріс- тұрысы, сырт келбеті және кешкі сән үлгісіндегі көйлектері бағаланады.

 

Әділқазы бағаларын береді.

 

2-Жүргізуші:      

2.ші  номинация.Менің ана. Бұл номинация бойыншақыз балалар өз аналары  жайлы сыр шертеді. Көркем туынды.Бұл талап жазылған шығарманың мазмұны және оқу мәнері бағаланады

                Әділқазы бағаларын береді.

 

1-Жүргізуші: 3 ші. номинация.Ұлттық киім. Талапкерлер өздері дайындап киіп шыққан ұлттық киімдерін  қорғайды. Яғни, ол  киім қандай жағдайда дайындалған,т қалыңдық киімі ме? Бұл  талап бойынша  ұлттық  киімнің әсемділігі, қонымдылығы  дұрыс қорғалуы  бағаланады.

Әділқазы бағаларын береді.

 

2-Жүргізуші:  4 ші. номинация.Менің тілім. Бұл  талап бойынша , талапкедің тіл байлылығы , ой ұшқырлығы, ақылдылығы бағаланады. (Мақал-мәтел, шешендік сөздер )

Ән шашу  Ақнұр.

Әділқазы бағаларын береді.

 

 

 

1-Жүргізуші:  5 ші. номинация.Бес ғасыр жырлайды. Толғау, жыр, поэма, дастандардан үзінді оқу 12 шумақ, жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады. Есте сақтау қаблеті, оқу мәнері бағаланады. Бұл талап бойынша талапкердің қандай өнері бар? Ән, би, күй, тоқыма, аспаздық т.б.

Мен жаспын деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап тұрар бойында.   Әділқазы бағаларын береді.

 

2-Жүргізуші:            Жек жат кім, жұрағат кім, жамағат кім

Көңіліне  тоқып бәрін жүрмей мекен

Туысты қалай атау керектігін

Кәнеки, біздің қыздар біле ме екен ?

6-шы номинация. Білімдіге бес сауал. Бұл номинацияда  карточкада   5  сұрақтан  тұрады.1- туыстық атау ,2-әлемнің қыры, 3-мақал мәтел.4- салт дәстүр 5- үй жабдықтары

Ән шашу, 2 ән орындалады.

Әділқазы бағаларын береді.

 

1-Жүргізуші:  7.номинация  Көрермендер көзайымы. Бұл талап бойынша   талапкердің сырт келбеті, жүріс тұрысы, шаш сұлулығы бағаланады.

Сымбатына сән киім  жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай  келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың.

 

  Әділқазы бағаларын береді.

 

2-Жүргізуші:  8-ші номинация  Ұлттық тағам жайлы презентация

Көрсетті өнер әр салада  сайысып,

Қимылдары  бір жүргендей  жай ұшып,

Мерекелік  ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді

Әділқазы бағаларын береді.

 

 

1-Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынында  бәйге алуға,

Арулар  аянбай ақ  жан салыпты

Әділқазы өз бағаларын береді

 

Қорытынды баға дайын болғанша  әсем ән орындалады.

 

Қонақ қыз.

 

1-Жүргізуші  Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.

 

Берілетін атақтар:       «Мектеп  аруы 2010  »

                                         «Білімді ару»

                                         «Инабатты ару»

                                         «Өнерлі ару»

                                         «Сымбатты ару»

                                         «Ақылды ару»

 

2-Жүргізуші:      Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»  деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

    

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 1

  1. Әпкеңнің қызы саған кім?
  2. Үш арсызды ата

3.Қалыңсыз  қыз болса да ….

4.Қыз  ұзату деген не?

5.Кілем деген не?

 

 

 

№2

  1. Немере кім ?

2.Үш  қадірсізді ата ?

3.Қыз  жігіт көзіне  түсем деп  бой түзейді………..

4.Сүйінші деген не?

5.Сырмақ

 

 

№3

 

  1. Шөбере кім?

2.Бес парызды ата?

3.Қыз өссе елдің елдің көркі…………..

4.Ат қою деген не?

5.Кебеже деген не?

 

 

№4

  1. Бөле кім?

2.Үш із

3.Ана көрген тон пішер…..

4.Сүндетке отырғызу?

5.Келі деген не?

 

 

 

№ 5

 

1 Нағашың  кім болады?

2  Жеті жоқты ата?

3 Баланың ұяты әкеге,……………..

4.Бастанғы  деген не?

5.Кесеқап  деген не?

 

 

 

№6

 

1 Әже кім?

2 Жеті қазынаны ата?

3 Жасауды  алты жастан  жисаң асады…………

4.Тұсау кесу деген не?

5.Торсақ  деген не?

 

 

 

№7

1 Ағаңның қызына сен кім боласың?

2 Бес парыз?

3 Әке тірек…………

4.Шілдехана  деген не?

5.Күбі деген не?

 

 

 

 

№8

1 Ер баланың үш жұртын ата?

2 Жеті ғалам?

3 Еркек бас …………

4.Құда түсу  деген не?

5.Ожау  деген не?

 

 

 

№9

 

  1. Немере кім ?

2.Үш  қадірсізді ата ?

3.Қыз  жігіт көзіне  түсем деп  бой түзейді………..

4.Сүйінші деген не?

5.Сырмақ