«Ай дидарлы,анашым!»

38

Тақырыбы: «Ай дидарлы,анашым!»

І-жүргізуші:  «Жер бетіндегі жақсылық,ізгілік,қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды»,-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан ,ананың ақ сүтінен таралған.Бүгін аналардың ,әпкелердің,қыздардың мерекесі.

ІІ- жүргізуші:  «Бүгінгі күн-ерекше нұрын төккен,барлық дүние ұйқысынан оянған көктемнің алғашқы шуағын шашаып,аналарды шабытқа бөленген күн.Барлық алғысымыз,сыйымыз аналарға арналады.Ана-бұлақ,ана-пана,ана ардақты,ана аяулы,ана барлық әлемге шуақ шашып,шаттық тілейді.Ананы мәңгі қастерлеп,құрметтеп көрсету,қамқорлық жасау-әрбір баланың парызы.

І-жүргізуші:  Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген.Сол дәстүр қазір де жалғасуда.Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа.

8наурыздың шығу тарихы жайлы айтар болсақ 1908 жылы 8 наурыз күні өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған НЬЮ-Иорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты.Міне,осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копегагенде өткен әйелдердің пролетариатының халықаралық Ынтымақкүні ретінде атап өтілу туралы шешім қабылданды.

ІІ-жүргізуші:Көрші Ресей елінде 8 Наурыз алғаш рет 1913 жылы мерекеленген екен.Күн жылынып ,аспан әлемі бар мейірін осы бір аналар күнімен ала келгендей ,еліміздің көп жерлерінде қар жауса  да,көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады,өйткені көктем секілді аналар адамзатқа өмір,жылылық әсемдік сыйлайды.Сондықтан тарихымыздың осы күнтізбе беті шуақ шашар аналар күні боп мәңгі қала бермек.

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман сау бол ақ мамам,-деген әдемі ән балалардың аузынан түспей айтыла берсін.

 

 

 

 

                               Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашаайық.

                                                    Аналарды құрметтеп,

Ән-күйден сый жасайық!

І-жүргізушіЕнді ,балалар алдарыңда жатқан қима сандарды алып реті бойынша тұра қалыңдар.

                   Ай,дидарлы анашым

        1 2 3 4 5 6 7 8  9  10 11 12 13 141315         Тақырыпты хормен айту.

1-сынып.  Тақпақтар, «Құттықтаймын, анашым»

Ойын:  «Менің анам қандай?»

Балалар шеңбер жасай тұрады да кезекпен төмендегідей сөздерді айтады.

Менің анам-сұлу

Менің анам-мейірімді

Менің анам-аяулы…

2-сынып: Тақпақтар: 

О,Ана,Ардақты Ана ,Асыл Ана!

Аз сөзбен қасиетің ашыла ма?

Теңіздей шалқып жатқан жан сырының

Бұл тілек бұлақтардың басы ғана.

2-оқушы:

Ару-Ана өмірдің асылдары

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары.

 

 

3-оқушы:

Ардақты анам,асыл анам,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды                                                                                                                                                         талай бөліп үн қаттың.

Әлпештедің,аяладың,өсірдің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

4-оқушы:

Ақыл айтып баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялаған ұрпақтарын,

Көп жасасын жақсы адам.

5-оқушы:

Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін,

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Асыл сөзің жүрегімде жүргенің

Қандай бақыт ортамызда жүргенің.

6-оқушы:

Бар ізгілік өзің еккен бойдағы,

Көкірегімнен жыр құсы боп сайрады.

Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір,

«Құтты болсын,құтты болсын

Аналардың мейрамы!»

  Ән:«Ай, дидарлы анашым» 

Күнге шағылысқан наурыздың қарындай баршамыздың көңіліміз шат,аппақ болсын деген ниетпен «Наурыз тілек» ойынын ойнайық.

 

10 оқушы   екі қатарға тұрып бір-біріне  тілек қағаздар лақтырады ондағы сұрақтарға жауап беру.

1.Анаңды ренжітіп алсаң ,қалай кешірім сұрар едің?

2.Осы жылғы 8 наурызда анаңа қандай сыйлық әзірледің?

3.Үйде анаңа қалай көмектесер едің?

  1. Анасының тілін алмайтын балаларға не айтар едің?
  2. «Менің анам» тақырыбында әңгімелеп бер.

 

3-сынып:

Ана сүтіне барлық адам нәр алған,

Ол азығың  өзіңмен бірге бірге жаралған.

Туа салып алғаш татқан дәмің ол,

Күш-қуат боп өн бойыңа таралған.

-О,ата-анам,

Таянышым,тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!

Ән.  «Болашағым-бақытым»,   «Желсіз түнде жарық ай»

Көрініс «Әже мен немере»

Ойын  «Ана мен балалар»

Би: «Көңілділер биі»

 

 

 

 

4-сынып:

Өмірде ана-бұлақ,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем,талай шешен,

Талай ер ,талай ақын, талай дана.

Қадірлі ,асыл аналар!Қымбатты қыздар!Сіздер өмір гүлісіздер!Күн шуағындай мейірімдеріңіздің арқасында біз әлі талай шыңдарды бағындырып биіктерге көтерілеміз.

Қандай шыңда жүрсек те Сіздер бізге  көктем гүліндей әдемі,көктемнің ерке желіндей жылы боп қала бересіздер!Өздеріңізге деген тілегіміз ешқашан аяқталмақ емес.Аман –сау болыңыздар.

 

1.Анаңды ренжітіп алсаң ,қалай кешірім сұрар едің?

2.Осы жылғы 8 наурызда анаңа қандай сыйлық әзірледің?

3.Үйде анаңа қалай көмектесер едің?

  1. Анасының тілін алмайтын балаларға не айтар едің?
  2. «Менің анам» тақырыбында әңгімелеп бер.

6.Анаңны шұғылданатын сүйікті ісі не?

  1. Ержеткенде анаңа мереке күні қандай тамақ әзірлеп берер едің?
  2. Анаңа қандай тілектер айтар едің?
  3. Анаң қонаққа кеткенде кіші бауырыңа қалай қамқор боласың ?

10.Анаңа мерекеде  қандай ән  айтар едің?

 

 

 

 

Шал ақын ауданы

Жалтыр негізгі мектебі

 

 

 

 

 

        «Ай дидарлы,Анашым!»

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі:Г.Т.Оспанова

2013-2014 оқу жылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-Жүргізуші:  -Бүгінгі күн-ерекше нұрын төккен,барлық дүние ұйқысынан оянған көктемнің алғашқы шуағын шашаып,аналарды шабытқа бөленген күн.Барлық алғысымыз,сыйымыз аналарға арналады.Ана-бұлақ,ана-пана,ана ардақты,ана аяулы,ана барлық әлемге шуақ шашып,шаттық тілейді.Ананы мәңгі қастерлеп,құрметтеп көрсету,қамқорлық жасау-әрбір баланың парызы.

ІІ-Жүргізуші:     Көрші Ресей елінде 8 Наурыз алғаш рет 1913 жылы мерекеленген екен.Күн жылынып ,аспан әлемі бар мейірін осы бір аналар күнімен ала келгендей ,еліміздің көп жерлерінде қар жауса  да,көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады,өйткені көктем секілді аналар адамзатқа өмір,жылылық әсемдік сыйлайды.Сондықтан тарихымыздың осы күнтізбе беті шуақ шашар аналар күні боп мәңгі қала бермек.

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман сау бол ақ мамам,-деген әдемі ән балалардың аузынан түспей айтыла берсін.

 

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашаайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән-күйден сый жасайық!