«Құқықтық сауаттылық — заман талабы»

 

«Құқықтық  сауаттылық  —  заман  талабы»

Мақсаты :          оқушылардың  құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындай  , құрметтей  білуге үйрету , адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Барысы.

Ұйымдастыру

а/  Оқушыларды екі топқа бөлу

б/ Әділқазылар алқасын тағайындау

в/Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру

Кіріспе.

Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің кабылдаған негізгі заңы ел дамуының компасы болды. Мемлекет дегеніміз – белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері,ұлты бар жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол халық ұлтының төл Конституциясының қабылданғанына 16 жыл толып отыр. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған. Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10 – желтоқсанда «Адам құқықтарының күні» аталып өтіледі.

Әлемде бала құқығын халықаралық күнін мерекелеу 1959 жылдың желтоқсанында Декларацияны жариялаудан басталды. 1979 жылы халықаралық балалар жылын өткізу кезінде « Бала құқығы туралы Конвенцияны » дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылдың 20 қарашасында Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымында бірауыздан қабылданды. Бала құқығының халықаралық күнінің маңызы  осы сәттен бастап арта түсті.

1995 жылы Қазақстан Республикссының Президенті Н. Ә. Назарбаев Нью-Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге «бала құқығы туралы Конвенцияға » қол қойды. Әлемнің 156-шы елі болып  қол қойған Қазақстанның мәртебесін асыратын бұл елеулі қадам, республика балаларының жыл сайын 20 қарашада өз құқықтарын қорғау мерекесін атап өтіп келеді.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Мемлекетіміздің ата заңының 1 – бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,  құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретірде орнықтырлы. Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен ұйымдастырылған сайысқа қош келдіңіздер!

1 -бөлім Таныстыру

Топтарды таныстыру

2 бөлім  «Тікелей сұрақ»

(Әр топқа заң, құқық тақырыптарына байланысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.)

1)Конституция сөзінің аудармасы қалай?(құрылым, өкілім)

2)ҚР мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы(халық)

3)Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?(Президент қол қойғаннан кейін)

4 )Егемендік алғаннан кейін ҚР-да коституция қанша рет қабылданды?(2 рет: 1993 жылы 28 қаңтар, 1995 жылы 30- тамыз)

5)Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата.(Парламент.)

6) «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады(5 тарау)

7)ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?(Демократиялық, құқықтық, зайырлы,әлеуметтік.)

8)Құқық дегеніміз не?(Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын,          жалпыға бірдей нормалар жүйесі)

9)ҚР Коституциясы неше бөлімнен және қанша баптан тұрады?(9 бөлім, 98 бап.)

10)17 желтоқсан  қандай күн?( демократиялық жаңару күні.)

 

 

1) Еліміздегі мемлекеттік тіл. (Қазақ тілі.)

2)ҚР «Баланың құқықтары туралы заң»қай жылы күшіне енді?(2002 жылы 8-тамыз)

3)ҚР – ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді?   (1993 жылы 15-қараша)

4)Дүние жүзіндегі тұңғыш конституция қай жылы пайда болды?АҚШ-та 1787 жылы)

5)Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?(1948 жылы 10 желтоқсан)

6)ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары»туралы заңы қай жылы қабылданды?(1992 жылы 4-маусым)

7)ҚР-дағы  «Бала құқықтары»туралы заң қанша тараудан тұрады?(10 тарау 53 бап)

8) «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?(Тәуке хан)

9)  Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-ның бас Ассамблеясы қабылдады.)

10)ҚР-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды?(2006 жылы 6- қаңтар)

 

1 – жүргізуші

Тәрбиелі  — тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің ұлы.Бауыржан Момышұлы.

Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. Менандр.

Заң адамды бағындырады. Т. Фуллер.

 

3 – бөлім. «Тапқырлық»

(Жағдаят шешу)

1)Ерлі- зайыпты Галимовтар ҚР азаматтары болып табылады. Бірақ олардың баласы дүниеге келген кезде олар Англияда оқуда болды. Азаматтық алуда қиындықтар туа ма?

2)Балалар үйінің жанынан емшектегі нәресте табылды, оның ата-анасын анықтау жұмысы нәтиже бермеді. Бала кім болып табылады: азаматтығы жоқ; ҚР-ның азаматы; шетел азаматы?

3)Парламент депутаттығына кандидат сайлау өткізілетін күні үгіт жүргізді. Кандидаттың мұндай іс-әрекеті заңға сәйкес пе?Сайлау  уақытында үгіт материалдарын тарату мүмкін бе?

4)Қала әкімінің аппаратындағы екі лауазым иесі басқа екі адаммен бірігіп жарнама агенттігін құрды. Мемлекттік қызметкерлердің бұл іс-әрекетін заңға сәйкес деп табуға бола ма?

Жүргізуш і:

Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.Ғабиден Мұстафин.

Халық заңды өзінің тірегі , өзін күзететін қабырға – дуал ретінде қорғауға тиіс.Гераклит

3)Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі болып табылады. С. Джонсон.

4- бөлім «Ой талқы»

Берілген сұраққа әр топ ой – тұжырымдарын береді.(уақыт 3 минут)

1)Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2)Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

 

5 – бөлім «Адасқан әріптерді  орналастыр»

ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйым.

АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі.

ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы.

УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілген өнім.

АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат.

РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган .

 

6 – бөлім «Өз құқығыңды біл.»

ҚР ның 2002 жылы 8 – тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңындағы кейбір баптарға тоқталу.

7 – бөлім «Ой жалғау»

1)Заңның құрығы …(бәрінен ұзын)

2)Өш алғаннан гөрі…(кешірген жөн)

3)Тура биде…(туған жоқ).

4)Ақырын жүріп …(анық бас)

5)Асыл тастан …(өнер жастан).

6)Ұрлық түбі…(қорлық)

7)Жазасын тартпайтын …(жамандық болмайды)

8)Әдепті бала …(арлы бала)

9)Тәрбие …(отбасынан басталады).

10)Әділ істің …(арты игі).

 

8 – бөлім «Ой елегінен өткіз.»

1)Оқушы неге  құқылы?

2)Оқушы неге міндетті?

(Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарынакедергі жасауға, ата- анасын тыңдауға,басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға,мектеп тәртібін сақтауға,үй тұрғызуға …)

9 –бөлім «Білімді тиянақтау»

Адам құқықтары мен өздерінің күнделікті өмірлерінің арасындағы байланысты табу

Мен бүгін не істедім?Адам құқығы
Түнде ұйықтадым.Демалыс және денсаулық құқығын жүзеге асырдым.

 

Әділқазылар алқасының қорытындысы

 

Туған жерім күн санап әсемденіп,

Көз тартады көркімен әсер беріп.

Ата заңым елімнің мақтанышы,

Бірге есейген халқыммен бекемденіп.

Еңбек тыныс,тіршілік жарасқандай,

Бір қазанда қайнаған толас болмай.

Асқақтаған желбіреп көк байрағым,

Өршіл бейнең аспанмен таласқандай.

Жаса мәңгі тәуелсіз арысты елім,

Ата заңмен әрқашан табысты едің.

Соның бәрін дамытып кең далада,

Болашағың болсын тек Барыс сенің!

 

Жеңімпаздарды марапаттау.

Музыкалық сәлем