«Тарихи таным» интеллектуалды ойыны

120

 

       Сабақтың тақырыбы:  «Тарихи таным» интеллектуалды ойыны

     Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың тарих сабағынан  алған білімдерін жинақтап, одан әрі  танымдылығын  арттыру.

Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау, ойлау  дағдысын дамыту.  Өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге, ізденуге.

Тәрбиелік:  Төл тарихымызды құрметтеуге, ұжымшылдыққа,  эстетикаға, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,   тірек -сызба, слайдтар, интер белсенді

                                          тақта,   қажетті сөздер.

Сабақтың  түрі:   сыныптан-тыс

Сабақтың әдісі:    білімді  жинақтау, қорыту, сұрақ- жауап,  ойын  әдістері

Сабақтың   типі:  қайталау

 

                                   Сабақ  барысы:

І.  Ұйымдастыру

ІІ. Ойынның мақсаты мен жоспарын айту

ІІІ. Ойынды кезең бойынша өту

ІҮ. Топтарға әр түрлі тапсырмалар беру

Ү. Қорытындылау

 

І-кезең     «Бәйге». (топбасшылар сайысы)

      ІІ-кезең       «Сөйлемді толықтыр»   (тарихи деректермен жұмыс)       

     ІІІ-кезең        «Ойлан, тап» (сұрақ -жауап)

      ІҮ –кезең     «Жылдар сөйлейді»   (жылдарға анықтама беру) 

     Ү-кезең           Сөзжұмбақ шешу  

     ҮІ .   «Қарлы кесек» (Екі топ  бір-біріне  сұрақ  қояды)

  І-кезең

І-топ

  1. Этнонимика — ру, тайпа, халық атауын зерттеу
  2. Құдай-мүсін қалай аталады? (пұт)
  3. 1247-1318ж. өмір сүрген тарихшылардың бірі  (Рашид  ад-дин ,  «Жами ат

тауарих» «Жылнамалар жинағы»)

  1. Ауыз әдебиетін жинақтаушы   (фольклоршылар)

5.Жазу дегеніміз не? (адамдардың  ойын, пікірін білдіретін,  хабарын жеткізетін

жүйесі)

  1. Қышқа жазылған сурет жазулар қалай аталады (пиктография)
  2. Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар  (қытайлар)
  3. ҚР неше облыс бар (14)

9.Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)

10.Бірінші дүниежүзілік  соғыс қашан   басталды (1914)

 

        ІІ-топ

  1. Антропонимика-кісі есімдерін зерттейді
  2. 1247-1318ж. өмір сүрген тарихшылардың  бірі Рашид ад диннің  еңбегі (Жами ат тауарих)
  3. Ислам дінінің   негізін  қалаған (Мұхаммед пайғамбар)
  4. Халықтың әдет-ғұрпын, шығу  тегін зерттейтіндер  (этнографтар)
  5. Тарихтағы ең  көне  жазу үлгісі  (Шумер сына  жазуы)
  6. Азамат соғысы  дегеніміз не?
  7. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі  қай қалада  тұрғызылған  (Түркістан)
  8. Тәттімбеттің қанша  күйі  бар (40-тан астам)
  9. Дін саласын зерттейтін ғылым саласы (теология)
  10. «Наурыз» сөзі қандай мағынаны білдіреді, қай тілден алынған (жаңа  күн, парсы сөзі)

 

  ІІ кезең. «Сөйлемдерді толықтыр»

 Бұл кезеңде  2 топқа  тапсырма  беріледі. Тапсырмада  мәтін  жазылған,  сөздер  түсіріліп,  көп  нүкте қойылған. Осы  сөздердің  орнына тиісті  сөздерді  қойып жазу  керек.

 

  1. Алғашқы адамдар  дүлей  табиғат  күштерінің   алдында ………………..  болды  және

………   алмады.

  1. Б.з-дың ҮІ  ғасырынан  бастап  Қазақстан жерін  мекендеген  түрік   тілдес    халықтар  арасында ………., …………, ……………. ілімі  біртіндеп  ене бастады.
  2. 1917ж 5-13 желтоқсанда  Орынбор  қаласында    өткен   жалпықазақ  съезінде    ………….құрылғандығы  жарияланды.
  3. Қола дәуірінде қазақстан  жерін  мекендеген   көне   …………………. тайпасы  осы

…………….   ілімін  ұстанған.

  1. мектепті 1857    бітіріп,   атасы   ………….  бидің  хатшысы  ретінде     ……….. қызмет атқарады.  …….. қазақ    балаларына арналып   ашылған   мектепте   ұстаздық  етеді.
  2. Ауызша тарихқа- ……., …….., ………. жатқызамыз.  ……….   тарих   ғылымының   жеке бір саласы   болып,  алыс   шетелдерде  …… ғасырдың   екінші     жартысынан  бастап  енген.

 

ІІІ кезең   «Ойлан тап!»  сұрақ-жауап . Бұл кезеңде  тақтада  жасырылған   ұяшықтағы  сұрақтарға   жауап беру керек.

   

  1. Мәдениет неше түрге бөлінеді?   ( рухани және  материалдық)
  2. Шежіре дегеніміз не? (халықтың  шығу тегін,   таралуын   баяндайтын   тарих    ғылымының  бір  тармағы)

3.Киіз  үйлер  үлкен-кішілігіне қарай   неше  түрге  бөлінеді?

4.Киіз  үйдің   сыртына    жабатын  киізі  ( туырлық,  үзік,  түндік)

  1. Әледегі ең көне  кітаптардың  бірі  болып   саналатын   заратуштра  дінінің  қасиетті  кітабы қалай аталады?  (Авеста)
  2. Ресейде монархиялық билік    қай жылы  жойылды?  ( 1917ж)

 

ІҮ кезең  «Жылдар  сөйлейді»  бұл  тапсырмада  тақтада  ілінген  жылдар  қандай  оқиғаны  білдіретінін   айту  керек.

1711- Абылай хан  дүниеге  келді

1771-Абылай хан  таққа  отырды

1835- Шоқан  Уәлиханов  дүниеге  келді

1883-  Семейде  қоғамдық  кітапхана  ашылды

1841- Ыбырай  Алтынсарин   дүниеге  келді

1887-  Ырғыз  қаласында  жанында  интернаты  бар  қыздарға  арналған мектеп  ашылды

1922ж. 30 желтоқсан    -КСРО-ның   құрылуы

1873ж-   Ахмет    Байтұрсынов  дүниеге  келді

Ү   кезең .  «Тарихи таным»  сөзжұмбағын  шешу  

  1. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі,  ақын,  тілі  білімі   мен  әдебиет ғылымдарының  негізін  салушы (Ахмет Байтұрсынов)
  2. Хат жазуға арналған    папирус  парағы  (карта)
  3. Тарихтың атасы (Геродот)
  4. Мұсылманша жыл санау
  5. Адамзаттың өткен тарихын заттай дерек  арқылы   зерттейтін  ғылым  (археология)
  6. 1873 жылы атақты   Троя  қаласының   орнын  тапқан   неміс  археологі (Шлиман Генрих)
  7. Орхон-Енисей өзендері бойынан  табылған   ескерткіш   (Күлтегін)
  8. Египетте жазу құралы ретінде  Ніл  өзенінің  таяз  жерлерінде  өсетін   ағаш  тәрізді  өсімдік (паирус)
  9. Атаулар тарихын зерттейтін  ғылым (ономастика)
  10. Қазақ даласында бірінші болып   қыздарды   білімге  тартқан  ағартушы,  педагог (Ыбырай)
  11. Қазақстанда дайын өнім  шығаратын  өндіріс  ашуды  ұсынған  мемлекет  және   қоғам қайраткері

 

 

А Х М Е Т
К А Р Т А
Г Е Р О Д О Т
Х И Ж Р А
А Р Х Е О Л О Г И Я
Ш Л И М А Н
К Ү Л Т Е Г І Н
П А П И Р У С
О Н О М А С Т И К А
Ы Б Ы Р А Й
С М А Ғ Ұ Л О В  

 

     ҮІ .   «Қарлы кесек» (Екі топ  бір-біріне  сұрақ  қояды)

 

Қорытындылау:  Сабақты қорытындылау,  жеңімпаз  топты   марапаттау