I «Халықтар достығы — тірегіміз» фестивалінің өтілу барысы

49

 

М.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің  6 класс  оқушылары арасында өткізілген I  «Халықтар достығы — тірегіміз» фестивалінің  өтілу барысы

 

(Фанфара ойналады)
Жүргізуші-1: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қадірлі қонақтар!

Ведущая-2: Добрый день, уважаемые учителя, гости праздника, друзья! Мы рады приветствовать вас на первом школьном фестивале  «Дружба народов – наша опора», посвященный Дню независимости республики Казахстан.

Жүргізуші-1:

Республикам — Қазақстан даласы,

Ғашықпын саған бабалар жатқан мекенім

Мәңгілік жасар сүйкімді менің қаламсың

Мақтанышпен атыңды   әлемге  паш етемін.

Туғаным- Қазақстан елді мекен,

Сүйген жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен,

Танытқан бар әлемге қазақ атын

Туымды асқақтата  желбіретем!
Бүгінгі  6-сыныптар арасында өткізіліп отырған Мектепішілік бірінші «Халықтар Достығы – тірегіміз»  фестивалі  ашық деп жарияланады.

(Мемлекеттік әнұран ойналады.)

(Мерекелік іс-шараға Байқоңыр қаласында тұратын әртүрлі ұлт өкілдері шақырылып, қатысып отыр. Қонақтарды алдымен  таныстырып аламыз)

Ведущая -2: Разрешите мне представить вам жюри, которое будет объективно оценивать          выступления наших учащихся:

1. Директор школы – Узакбаев Галымжан Алимович

2. Заместитель директора по УВР – Кинжибаева Алия Джанузаковна

3.  Методист школы — Аркабаева Эльмира Жагипаровна

4. Библиотекарь школы —  Кулжанова Сулушаш

5.  Председатель профсоюзного комитета школы     – Бухарбаева Зибаш

1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы.
Ведущий 2: В нашей стране создана уникальная организация- Ассамблея народов Казахстана. В республике работает 26 национальных культурных центров. Выходят газеты и журналы на 11 национальных языках. В  дружбе всех народов и национальностей, проживающих в Казахстане, в их общих  делах и в общих праздниках — залог мирного и счастливого будущего нашего большого дома, имя которому Казахстан.

 

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

2-жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Бүгін алдарыңызда  «Жас өркен» балалар ұйымына  мектебімізде алғашқы рет  қабылданған белсенді сынып ұжымдары өнер көрсетпекші.Сонымен,

6 А сыныбы (сынып жетекшісі ) орыс ,

6 Ә сыныбы(сынып жетекшісі)-   қазақ

6 Б сыныбы(сынып жетекшісі )-     ұйғыр

6 В сыныбы(сынып жетекшісі)-     украин

6 Г сыныбы(сынып жетекшісі)-     кәріс

6 Д сыныбы(сынып жетекшісі)-   тәжік  халықтарының салт — дәстүрлерімен, халқының саны жайлы мәлімет беріп, астана каласымен, ұлттық тағамдарымен таныстырып, билерін  назарларыңызға ұсынады. Яғни әр класс үшін сайыс 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Таныс болайық! Біз Тәуелсіз Қазақстанды мекендеген халықпыз!»

2-кезең. «Әр елдің салты басқа…»

3-кезең. «Би билейміз дөңгелеп…»

1-жүргізуші:Сонымен алғашқы «Халықтар достығы-тірегіміз» атты фестивальді ашу үшін сөз мектеп директоры Ғалымжан Әлімұлына беріледі.

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы!

Қош келдiң қонағым, — деп

Алдыңа әдейiлеп бас тартады.

Жамбасын, жал — жаясын қосар тағы,

Табақты тақырлатып тұрғызбайды,

Қазақтың жиналмайды дастарханы.

 

Ендеше «мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деп жырлаған той иесі қазақ халқын зор ықыласпен ортаға шақырамыз

6 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.

 

Ведущий 2: А теперь отправимся на самый Восток. Вы любите рис? А жители этой восточной страны его просто обожают. Загадочная страна Корея. Кто хоть раз побывает здесь, непременно захочет вернуться снова и снова. Поприветствуем дружных представиелей страны Корея!

Что мы только не видали,

Но в Корее не бывали!

Какие только их салаты!

Просим вас мы не скучать,

Корейцев дружно всех встречать.

6 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.

Ведущий 1:

Приятна мне лазурь твоих небес,

И облака, от солнца золотые.

Смотрю, любуясь, на весенний лес.

О, великая держава, Россия!

На территории Республики Казахстан рука об руку живут, трудятся добрые, отзывчивые, образованные люди русской национальности. Мы с любовью и уважением  говорим , что они – наши соотечественники. Сколько песен о России спето, сколько стихов, былин, легенд и сказок о ней сложено. И сегодня, друзья, вы имеете  возможность получить много информаций о русском народе, о их традициях.Итак, мы приветствуем следующих наших участников!

 

6 А сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.

 

Ведущий 1:.

Қадірменді бір досымыз-өзбегім,

Қалтқысы жоқ деймін бейне өз елің,

Өз сезімдей жанға жайлы сөздерің,

Өз көзімдей күлемдейді көздерің.

 

Жүргізуші-2:

Ақ мақтаның мекені

Көңілі болған қарлы шың.

« Өз ағам» — деп еркелер,

                  Өзбек ағам, армысың!

Бауырлас өзбек халқының өкілдерін  қошеметпен қарсы алайық!

 

6 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.

Ведущий-2:

Стамбул!Анкара!

О!Турция  прекрасная страна!

Чарующим зовом ты манишь меня…

Как звездочки в небе, сияют всегда,

Твои  курорты и города.

Түріктерміз бауыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!-деп жырлаған түрік бауырларымызды ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші-1: Ұйғыр ұлтының өкілдері  Қазақстан жерінде тату тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Біз бұл ұлт жайлы көп біле бермейміз десем, қателеспеген болармын.

Қазақ жері достықтың гүлстаны,
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Ұйғыр ұлты қолдасып ту ұстады.

Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Қазақ пенен ұйғырым мереке күн! Ендеше қарсы алайық, ұйғыр ұлтының өкілдерін!
Жүргізуші-1:

Сонымен Қазақстан Республикасында тату-тәтті мекендеген ұлт өкілдерінін   өнерлерін

тамашаладыңыздар. Мереке мәреге де жетті.

Алдымен бүгінгі фестивальдің барлық қатысушыларын, балаларды дайындаған, бағыт – бағдар берген сынып жетекшілерін  қошеметпен ортаға шақырайық!

Фестиваль жұмысын қорытындылап, қатысушыларды марапаттау үшін сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.

Марапаттау рәсімі болады. Жеңімпаздарды, қатысушыларды марапаттау.

Жүргізуші-2:    Елімізде халықтар достығы жасасын!

Ведущая-2: » Дружный дом — счастья полон, дружбу потерял — счастье расплескал» — гласит казахская пословица. Счастья вам, благополучия, мира и радости!

Вместе мы одна семья

Ты, вы, мы и я

Здравствуй, друг, который справа.

Здравствуй, друг, который слева.

Вместе мы одна семья.

Вместе нам скучать нельзя

Обними соседа справа,

Обними соседа слева,

Ущипни соседа справа

Ущипни соседа слева.

Погладь соседа справа

Погладь соседа слева

Вместе мы одна семья

Ты, вы, мы и я

Всех участников нашего фестиваля я приглашаю встать в хоровод дружбы.

Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған  6-сыныптар арасында өткізіліп отырған Мектепішілік бірінші Халықтар Достығы фестивалі  жабық деп жарияланады.  Қош-сау болыңыздар!