Ең үздік актерлер

54

 

Сабақтың  тақырыбы: Ең үздік  актерлер

Сабақтың  мақсаты:  Оқушыларды  актерлік  шеберліктерін шыңдау,

шығармашылыққа  баулу,өнерін шындау

 

 

 

 

Барысы:

 

Жүргізуші:

Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе   бүгінгі  театр  туралы  айта  кетелік.

 

Жүргізуші:

Театр (грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

 

Жүргізуші:

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

 

ЖүргізушіТеатр — күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер. Ендеше  осы  өнерді  біздін  бүгінгі  сайыскерлеріміз  қаншалықты  көрсете  алар екен  тамашалайық.

Жүргізуші:

Ендше  алдарынызда  ………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Жүргізуші:

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады.

Жүргізуші:

Сахынада  қойылатын  көріністер     адамдардын  ойын  санасына қандай да  бір     әсер қалдыруы  үшін  қойылатын  пиеса  тартымды  және  актерлер де образға  еніп  ойнай  білуінің  де  манызы  зор  екен.

Жүргізуші:

Ендеше  келесі  кезекте  ………………………………………………………………………………………….

Жүргізуші:

Поэзия,досым  менің  күй аңсаған,

Өзімді ,өмірімді  қиям саған.

Шағымда  шабыттанған,

Шапағың бар  шаттығын құяр  маған ,- демекші   жазушы  шығармашыл  Мұқағали, Мұхтар  ағаларымыз  сияқты  ағалар  жолын  қуатын  жастар  қатары  арта  берсін.

Жүргізуші:

Өнер,  білім  үйреніп

Шыңына өмір шығыңдар.

Ата анаңды  қуантып,

Мақтаны  болып  тұрыңдар,-  деп бүгінгі  сахнада  өнер  көрсеткен  өнерпаздарға  рахметімізді  айта  отырып  бүгінгі сайысымыздың  қортындысын  айтуға  әділқазыларға  сөз  кезегін  берелік.