(КВН) Секретарша:

36

(КВН) Секретарша:

Ыбырай: Негізінде лауазымы жоғары бастыққа кіріп сөйлесу үшін оның алдында отырған хатшының көңілін табу керек бірінші, сонымен қабылдау бөлмесінде болған  жағдай.

№ 1 оқушы: Сәлеметсізбе!

№ 2 оқушы: Санап жаттық

№ 1 оқушы: Жоқ, мен түсінбедім, бастық бар ма іште?

№ 2 оқушы: Бастықтың қолы бос емес!

№ 1 оқушы: Не істеп жатыр?

№ 2 оқушы: Аяғы да бос емес, суға салып отыр

№ 1 оқушы: Жоқ, қызық, жоқ, сен түсінбедің ғой деймін, мен бастыққа кіру керекпін!

№ 2 оқушы: Бастыққа келіп тұрсыз ба?

№ 1 оқушы: Иә, мен бастыққа келіп тұрмын

№ 2 оқушы: Бастыққа келіп тұрсаңыз, күтесіз, күтесіз, куутесіз!!!

№ 1 оқушы: Жоқ, мен түсінбедім, мен бастыққа кіру керекпін!

№ 2 оқушы: Күтесіз!

№ 1 оқушы: Мен кіремін бастыққа

№ 2 оқушы: Шамалы қарамайсыз ба? компьютер тұр ғой!

№ 1 оқушы: Жоқ, сен мені неге итеріп жатсын? жоқ сен мені неге итеріп жатсын?? Таң атпай дік-дік етіп, а?

№ 2 оқушы: Мен сізге не деп тұрмын, бастықты күтесіз, бастыққа келдіңіз бе онда күтесіз! күтесіз!!

№ 1 оқушы: Қанша күту керек?

№ 2 оқушы: 1 жыл күтесіз

№ 1 оқушы: Ойбаййй, қай жаққа кетіп қалды бастығың?

№ 2 оқушы: Әскерге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жатақхана №1

 

№ 1 оқушы: Немене шу мынау? Бұл не деген шу? Не деген шу біздің жатақханада? Немене маған айғайлап тұрсын сен?

№ 2 оқушы: Айғайлаған жоқпын ғой!

№ 1 оқушы: Ішінен айғайлап тұрсын ғой сен маған! Немене айғайлайсын сен маған?

№ 2 оқушы: Айғайлаған жоқпын ғой!

№ 1 оқушы: Немене шулатып жүрсіңдер? Мен осы жатақхананың коменданты боламын!

№ 2 оқушы: Апай концертке дайындалып жатырмыз

№ 1 оқушы: Кетіңдер бар, кетіңдер бар осы жерден! Осы концерттеріне түкіргенім бар. Ал, кетіңдер бар, кетіңдер бар, босатыңдар мына жерді!

№ 2 оқушы:  Апай, біз осы жатақханада тұрамыз

№ 1 оқушы: Осы жатақханадан болсаңдар, бар бөлмелеріне кіріңдер бар!

№ 2 оқушы: Кірейік біз енді өз жатақханамызға

№ 1 оқушы: Немене істеп жатсын? баспаңдар андағы жерді, анау досыңның аяғы саз ғой! баспаңдар еденді! жаңа ғана жуып қойдым ғой . . .

Осылай тәрбиелемесем түсінбейді осылар

 

 

№ 3 оқушы: Сәлеметсізбе!

№ 1 оқушы: Сәлеметсізбе!

№ 3 оқушы: Мен бірінші курс студенті едім, мына жатақханаға орналасуға келдім

№ 1 оқушы: Орналасуға келдін бе? мен саған мынау жатқхананың бірден тәртіптерін түсіндіріп кетейін: жатақханада ең бастысы бөлмені таза ұстау керек, 11-ден кейін кіруге болмайды, және ең бастысы, ЕҢ бастысы  ішімдік ішуге болмайды.

№ 3 оқушы: О, апай ішпеймінде, темекі шекпеймінде, а, апай кешіріңіз мына балай кім?

№ 1 оқушы: Мына бала кеше балконнан кіремін деп, кіре алмай кеткен студент, кіре алмай кетті кеше, айтпақшы балконнан кіруге болмайды түсіндін бә?

№ 3 оқушы: жоқ кірмеймін ғой

№ 1 оқушы: бар, қазір бөлменнің кілтін беремін, күте тұр ана жерде

№ 3 оқушы: а, иа, жарайды

№ 1 оқушы: ей, сен кімсің?

№ 4 оқушы: Сәлеметсізбе?

№ 1 оқушы: ай, Сейфуллин қайдан келе жатырсың?

№ 4 оқушы: ауылдан, апам соғым беріп жіберген ғой

№ 1 оқушы: а, соғым беріп жіберді ме? соғым беріп жіберді ме?

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

Би (ұлдар)

№5 оқушы: «Жалынды жастар» коммандасы өз тарихын біліп, құрметтейтін, мәдениетті сақтайтын комманда. Сонымен өткен тарихын мен мәдениетін ұмытпай, сақтап жүрген және де қазіргі кездегі үрдістен қалыспайтын жастардың өнерін қарсы алыңыздар!

«Қара жорға» мен «жаңа би» биі

 

 

 

«Клип түсіру»

 

 №1 оқушы: Достар, мен оқу бітіргенде, дәрігер боламын!

 №2 оқушы: Мен оқу бітіргенде кәсіпкер боламын!

 №3 оқушы: Ал мен оқу бітіргенде режиссер боламын! Сонда өзіме ұнайтын «Он тебя целует» әніне клип түсіремін! Міне былай!         Кастинг!!

Мына әнде басты рөлдегі жігіт мен боламын, оның ғашық қызын Сандуғаш ойнайды, және де оның қасындағы жігітті Ыбырай сомдайды. Махаббат сен менің құлағыма сыбырлайтын желдің рөлін ойнайсын.    Сонымен, маэстро музыка!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жалынды жастар» коммандасының құрамасы:

Бөгенбай – комманда капитаны;

Ербол, Дәнекер, Нұрмұқан, Махаббат, Инабат, Сандуғаш, Аян, Аңсар, Ыбырай, Жамиля, Назкен.

КВН №1:

 

1) Кинотеатр – Ыбырай, Дәнекер, Аңсар, Аян;

2) Актер – Махаббат, Сандуғаш, Инабат, Назкен, Аян;

3) Бір түрлі мектеп — Махаббат, Сандуғаш, Инабат, Назкен, Аян, Жамиля, Аңсар;

4) Иллюзиялық шоу – Аян, Дәнекер, Махаббат;

5) Ереже бұзудан сақтанатын жүргізуші.

Қатысушылар: Бөгенбай, Сандуғаш, Ербол, Аян, Нұрмұқан, Дәнекер.
     Ыбырай: Автокөліктің салонының артқы жағында төрт адам отырған кезде кішкентай балаларға әййй обал-аййй…

Бөгенбай  (жүргізуші): Әй, әй жатыңдар, жатыңдар, МАИ қызметкері.

Сандуғаш (әйелі): МАИ, МАИ  тұр… жат, жат, жат, жат, бол, жат.

Ербол (баласы): болды ма?

Сандуғаш (әйелі): немене?

Ербол (баласы): болды ма?

Сандуғаш (әйелі): жатсайшы солайынан, көріп қояды, қазір…    тиышшшшш…

Ербол (баласы): ана болды ма???

Сандуғаш (әйелі): жат деймін, жатсайыншы бол!

Ербол (баласы): тұншығып кеттім…

Дәнекер, Нұрмұқан, Ыбырай (балалары) Ерболдың (баласының) басынан басады..

Сандуғаш (әйелі): ей, тұншықпашы қазір, жатсайыншы, болды, тыныш ғана, тыныш ғана жат!

Бөгенбай  (жүргізуші): болды, болды, болды өтіп кеттік..

Ербол (баласы) басын көтеріп,  тік отырады.

МАИ қызметкерінің машинасының мигалкасының дыбысы шығады…

Жүргізуші машинаны тез тоқтатады…

Сандуғаш (әйелі): болды міне, болды міне, тоқтатты міне, МАИ тоқтатты, тоқтатты міне, түсінбейсіңдер, жат дегенде неге жатпайсың, а а ??, жат дегенде неге жатпайсың???(Ерболдың басынан нұқиды), сен үшін бар ғой әкене айыппұл салады, әкене айыппұл салады, сен үшін! сен үшін, бәрі сен үшін, неге сен осы айтқанды түсінбейсің, а а а???

Бөгенбай  (жүргізуші): ей, жаны шыққыр! неге белдігіңді тағып отырмайсың, а а а???

6) Әскерде болған оқиға – Бөгенбай, Ыбырай, Ербол;

7) Крыша – Аңсар, Дәнекер, Бөгенбай, Аян, Ербол, Ыбырай, Нұрмұқан;

8)  Қазақстан футбол құрамасының гол салуы – Аян;

Ыбырай: Неге Қазақстанның футбол құрамасы бір голдан кейін екінші гол салмайды?? Сонымен қарапайым ойын . . . Қазақстан құрамасының ойыншылары…

9) Олимпиада чемпионы төсек салуда.

Ыбырай: Лондон олимпиадасының тағы да бір олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың (Ербол) кешке төсек салуы…

 

 

10)   Пародия – Махаббат, Дәнекер, «Тау-тау»;

«Нұр-Мұқасан» — Жамиля, Сандуғаш;

«Қыдырәлі мен Қарақат» — Сандуғаш, Ербол;

«Кешью» — Бөгенбай, Ербол, Ыбырай;

«Жолбарыс» — Аңсар;

«Қоңыр» — Дәнекер, Ербол, Бөгенбай.

11) Фотоға түсіру;

12) Скетч;

13) Ата-аналардан скетч;

 


 

Әзіл-сықақ

 


Бөгенбай:

1) Бір күні бір ағамыз бір мекемеге барыпты, сөйтіп барып айтады дейді:

— Әй, айналайын жігіттер, анау екі баламды үйлендіріп, той жасайын деп едім, соған ана аппаратура табыла ма сендерде?

Сөйтсе, анау жігіттер:

— иә, иә, иә, иә, бәрі бар, бізде, бәрі бар  деп.

Соған анау ағамыз айтыпты:

— айтпақшы, сендерде, анау, «Гүлім, гүлім, гүлімсің . . .» деген ән бар ма?

сөйтсе, анау жігіттер:

— иә, иә, иә, иә, бар, бар, бар.

— анау, «өзің болдың арманым» деген ән бар ма  десе . . .

— иә, иә, иә, соны біз айтамыз ғой, біз айтамыз ғой деп.

— ал, енді анау, әәә, билеуге қандай әндерін бар…. әәә, анау ән бар ма «Сағынғанда Ақмаржан» ???

— иә, иә, иә, иә, ол да бар, бар, бар…

— сосын анау , «Тоқта қарындас . . .билейікші қарындас» деген…

— иә, иә, иә, оны да біз айтамыз, бар, бар…

— «Биле, биле құдалар» деген ән бар ма?

— ойбай, олда бар…

— ал «Ойна да күл» деген ән бар ма?

— ойбай, аға, ол да бар, ол да бар . . .  десе

Ағамыз айтады дейді:

— айналайын жігіттер, өтініш, ертең анау біздің тойда  осы өлеңдерді айтпай-ақ қойындаршы деп…

 

2) Тағы да бір ағамыз тамада іздеп келіпті, сөйтіп, анау, тамаданың үйіне келіп айтады дейді:

— «әй, тамада, тамада бала, анау, жалғыз балам бар еді, соны бір үйлендіріп, той жасайын деп едім, соған өзіңді тамада қылсам ба деп едім, сенің енді . . . жаңағы . . . . ставкаң қанша болады  . . . десе, анау жігіт айтыпты:

— ағасы, енді ол  мың доллар болады . . . деп, сөйтсе, анау ағамыз, подъезде есіңен танып қалыпты. . . соны не керек, тамада су шашып, әзерге дегенде, анау ағамызды тұрғызып алып,

— ойбай, аға, ставканы өзіңіз айта салыңызшы десе . . .

Ағамыз:

— елу доллар  десе, тамада талып қалыпты.

 

3) Бір күні орманда кірпі жүгіріп жүр дейді, сөйтсе, бұғы, келіп:

— кірпі, не болды, неге жүгіріп жүрсін? десе, кірпі айтады дейді:

— кайф ұстап жүрмін, кайф деп, сөйтсе бұғы:

— жүгіргеннің несі кайф? десе

— жүгіріп көрсейші деп, бұғы мыңмен жүгірген ғой . . . бұрқырап, шаршап келіп,

— ей, кірпі, бұнын несі кайф? десе, кірпі айтады дейді:

— бұнын несі, сенің қарныңды шөп қыдықтамайды ма? —  деп, тема айтып қояды екен…

 

4) Тағы да бір күні бір ағамыз жұмыстан келсе үйінде жүрген  жиен бала иттің шыңжырында байлаулы тұр, — дейді, сөйтсе, ағамыз барып, әйеліне айтыпты:

— ей, қатын, сен, жиенді неге иттің шыңжырына байлап қойғансың? десе, әйелі айтады дейді:

-ойбааай, жиенің жынды ма, бір пәле, итті ары қуады, бері қуады , сосын болмаған соң иттің шыңжырына байлап қойдым, деп, сосын күйеуі айтыпты:

— ей, сен жындысың ба? жиенді байлағанын не, итті байламайсың ба? — десе, әйелі:

— ойбай, сонда сенің жиенің бос жүре ме? деп, айтады дейді.

 

5) Баяғыда бір адам тоғызыншы этаждан құлап кетіпті, бейшара, жерге түскеннен кейін тірі қалыпты, енді атып тұрып, үстің қағып жатса, бір полиция келіп,

— әй, не болды? десе,

— білмеймін, өзім жаңа келдім, деп, айтады дейді.

 

6) Бір күні бір ағамыз әйеліне:

— жаным, мына менің жемпірімнің мойыны созылып кетіпті, маған ақша бер, ертең базарға барып, плотный туфли алмасам. — деп, айтады дейді.

 

7)

— Ей, Баука, сотканды айтып жіберсейші, сотканын нөмірін

— Қой, ей, тұрайын енді осы жерде, шұбыртыыып, 8 702 998 57 96 . . . деп

— Пасворд ше, пасворд?

— 8 7… , ей, қой енді, айналайын, ей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КВН №2

 

Ыбырай:   Олимпиада чемпионы, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сапиевтің журналистерге сұхбат беруі:

Аңсар:   — Сәке, Сәке, сізге сұрақ қоятын мүмкіндік дәл осы жерде туды-ау деп үміттенемін. . . сіз әлемнің ең үздік боксшысына берілетін «Баркер кубогін» жеңіп алдыңыз, әлемнің үздігі атаңғаңызда қандай сезімде болдыңыз??

Дәнекер:   — енді ол менің жеңісім емес, ол елімнің жеңісі, ол менің қолым емес, ол елімнің қолы, мен … ол …это… әнұран айтылғанда ол сезім . . . айту мүмкін емес.

 

2)

Дәнекер:    Егерде «Рэкетир» фильмімен «Жаужүрек мың бала» фильмін біріктірсе қалай болар еді:

Ыбырай:   — эй, ты кто такой вообще, а? а? пришел тут и базаришь, все, этот Руслан твой мне не авторитет, понял, все базар окончен!

Ербол:   — әй, сумелек, сен киммен сойлесип турганынды билесин бе? бул Жолан батырдын улы Айыр.

 

3)

Ыбырай:    Кезінде боксқа қатысқан, тіпті чемпион болған ағамыз, аяқ астынан сынықшы болып кетіпті.

Дәнекер:   — ай, бісіміллә, ал,

Нұрмұқан:   — әй, айналайын, бел ауырады, енді

Дәнекер:   — а а а, ары қара, ары қара, ал, енді бұл қазақтың емі, айналайын

Нұрмұқан:   — иә

Дәнекер:   — ал, бұл енді менің қолым емес, ал менің қолым емес, ол менің қолым емес, ол елімнің қолы, мен … ол …это… әнұран айтылғанда ол сезім . . . айту мүмкін емес.

4)

Ыбырай:   — Ғылым таппай мақтанба дейді, ал мен мақтанамын, сендер Шыңғысханның атының оң жақ көзінің түсінің қандай болғанын білесіңдер ме?

Аңсар:   — Әә, ҰБТ-ның сұрақтарын құрастырған сіз бә, не?

 

5)

Ыбырай:   Бір жұмысты жасап жатқан кезде, басқа біреу келіп, дәл сол жұмысты жаса деп бұйрық бергенде, жұмыс істегін келмей қалады, сонымен қарапайым отбасы:

Дәнекер:   — ей, балам, анау қонақтармен амандас . . .

Бөгенбай:   — отырыңыздар, отырыңыздар, қолдарыңызды жуып алыңыздар . .

Дәнекер:   — әй, балам, анау құманды алда, қолдарына су құй . . . . .

Бөгенбай:   — қолдарыңызды сүртіп алыңыздар

Дәнекер:   — әй, берсейші анау орамалды, не істеп тұрсын?

Аңсар:   — әй, балам, әй, анау немереме айтшы қонақтарға орамал берсің. . . әй осыларға айтпасам ештене істемейді.

 

6)

Ыбырай:   «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 70 жылдан кейін пәтер алып жатқан жас жанұя:

Назкен:   — әй шал ау, жетпіс жылдан кейін болса да үкімет үйін берді ау, әйтеуір,

Ербол:   — үкіметте берем деген затын түбі береді ғой, ал сен сенген жоқсын, бес жыл ерте үйленгенде, алпыс бес жасымызда алар ма едік бұл пәтерді, иә?

Назкен:   — әй, сорлы басым ау, медакадемияда оқып нем бар еді, оданда юристке оқу керек еді, юрист, юрист.

Ербол:   — қойшы, сонда юристтерге жұмыс табылып жатыр ма?

Назкен:   — жоқ, қазір бізді тыңдап отырған көрермендеріміздің ішінен  болашақ юристтер болса үміттерін үзбесін дегенім ғой,

Аңсар:   — әке, ана, мен бүгін елуге толдым

Ербол:   — о о, құтты болсын!

Аңсар:   — бұйырса, осы жазда, бала-бақшаға тұратын кезегімде келеді, енді жазға дейін уақыт өткізе алмай жүрмін, не істесем болады?

Ербол:   — сен бар да несие ал, сосын көрейін уақытты тоқтата алмағанынды

Аңсар:   — өйй, әке

Назкен:   — әй, сен де балаға дұрыс әңгіме айтпайсын. . .

 

Өмір жасын пәтердің кезегіндей болсың, ұзақ,

Бала-шаған несиенің пайызындай болсың, көп,

Денсаулығың мұғалімдердің жүйкесіндей болсың, мықты,

Өзің «Нұр Отан» сияқты бол, айтқан нәрсеңді істе және ешқашан жеңілме!

Аңсар:  — аумин!

 

7)

Ыбырай:   Өсек айтуды жақсы көретін екі құстың әңгімесі:

Махаббат:   — Өлә, құс десе өзімізгеде да, анау Бүркітті айтамын, «Тау-тау» деген өлеңін шығарып, көтеріліп кетіпті ғой

Сандуғаш:   — қой. . . ол ештене емес

Махаббат:   — а а

Сандуғаш:   — ол ештене емес, сол Бүркітті ше, алдында кафеде отырғызып кетіпті ғой

Махаббат:   — кім?

Сандуғаш:   — шағала

Махаббат:   — чайка ма?    Ее, одан шығады, ол ештене емес, анау тауықты айтамын, айтсам өсек болады, құрсын, тауықты айтамын, үйінде отырып туып қойыпты,

Сандуғаш:   — қой, өлә, масқара, сондай болды ма?

Махаббат:   — ол ештене емес, анау, үкіні, айтамын, үкіні, түнімен жүреді, ай, сол бұзылып кетпесе болғаны . . .

Сандуғаш:   — әй, осы бұзылады ау

Махаббат:   — анау, өткенде құстықта отырсам

Сандуғаш:   — құстығын несі?

Махаббат:   — құдалықта

Сандуғаш:   — а а а

Махаббат:   — анау, кім бар ғой, құда бала, жарқанат, ойбай, ішіп алып, қанымды ішті

Сандуғаш:   — қой

Махаббат:   — анау құдағи, индюк бар ғой, миымды ашытты

Сандуғаш:   — не дейді?

Махаббат:   — білмеймін, (индюктің дауысы), деп миымды ашытып, ештене түсінбейсін

Сандуғаш:   — өләә, масқарааа  . . . ай, айналайын оның бәрін кімнен естідің?

Махаббат:   — а а а?

Сандуғаш:   — кімнен естідің?

Махаббат:   — анау, кеше түскен келін тоқылдақтан . . .

8)

Ыбырай:   Егінді-Ағаш орманға бай өлке. Сонымен, сол ормандардың біріндегі ағаштардың әңгімесі.

Сандуғаш:   — Бұтағыңды тартшы, ауызымызға тығасың ба?

Махаббат:   — жапырағыңды жаймашы маған қарай . . .

Сандуғаш:   — өзін дұрыстап тұрсайшы, тамырыңды тартылмай, өзі бір аяқпен тұрмыз ғой

Махаббат:   — әй, мен ғой сені суарып отырған, тамырыммен

Сандуғаш:   — сондайларыңды қойындаршы,  сондайларыңды . . . Өй, тартшы деймін бұтағыңды!

Назкен:   — жел ғой, досым, жел . . .

Бір адам (Аян) өтіп бара жатып, темекісін лақтырып кетеді

Махаббат:   — әәй

Сандуғаш:   — темекісін тастап кетті ғой

Махаббат:   — әәәй, темекі . . .

Сандуғаш:   — сенің аяғынның асты бықсып жатыр (үрлейді)

Махаббат:   — үрлеме, үрлеме, өртенеміз, үрлеме, үрлемеңдер!

Сандуғаш:   — бықсып жатыр, түтін шығып жатыр ғой . . .

Махаббат:   — енді не істейміз???

Сандуғаш :   — осындайда иттерде өтпейді ғой

Махаббат:   — соны айтамын . . . Өй, мені құтқарсаңдаршы, енді

Сандуғаш:   — сен өрттенсен, бәріміз өрттенеміз . . .

Махаббат:   — жоооооооқ!!!

Ыбырай:   — жігіттер шылымды шегуді қояйық, орманымыз азайып бара жатыр!

 

9)

Бөгенбай:  

Олимпиада жаңалықтары:

  • 4 бажа жиналып, не үшін ішерін білмей отырғанда, Винокуров аяқ астынан чемпион болып кетіпті.

 

  • Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе помада жағып алған.
  • Қызым саған айтамын, келінім босаңды.
  • Он үште «Отау тв»

 

  • Кеше сотка, сим-карта, сеть үшеуі жүз граммдатып, нәтижесінде сеть қуып кетіпті.
  • Хирургтардың ұраны: жеті рет өлшеп, бір рет кес!
  • Бір пысық бала өзінің қызына 9 наурызда сөз берсе, қызы 8 мамырда жауап беріпті.

 

10)

Ыбырай:   Нағыз қызық нәрселердің барлығы жанұяда болады, ал үйдегі нәрсені біз ешқашанда сыртқа шығармаймыз.  Сонымен тату-тәтті жанұяда болған оқиға:

Бөгенбай:   — Осы үйді мен түсінбеймін күнде жинайсын, күнде шашылады, кім шашады, соны түсінбеймін, түсінбеймін мен осы үйді, бүгін жинасам, ертең шашылады, ертең жинасам, арғы күні жиналғысы келіп тұрады, айналайын, не деген адамсыңдар? жинап жүрмейсіңдер ме соңдарынан.

Бері кел, айналайын, сағат жеті болды ғой, жұмысына бармайсың ба? жұмысына барсайшы, жұмысына!

Дәнекер:   — Ей, қойшы ей, менің балғам қайда?

Бөгенбай:   — Әй, осы үйдің еркегі сен емессін бе? Балғаны мен білемін бе, сен білесің бе?

Дәнекер:   — Оу, айналайын, не болды, еркек, әйел деп бөлініп, а? не болды?

Бөгенбай:   — Ойнап жатырмын ғой . . .

Дәнекер:   — Осы үйге ақша алып келетін кім?

Бөгенбай:   — Сол ақшаны жұмсайтын кім?

Дәнекер:   — Әй, таң атпай, балаларды бала-бақшаға апаратын кім?

Бөгенбай:   — Сол бала-бақшадан балаларды алып келетін кім?

Дәнекер:   — Өй, айналайын, сол балалар дүниеге кімнің арқасында келді?

Бөгенбай:   — Әрине, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген, менің арқамда, не сонда, сенің арқаңда дүниеге келді дейсің бе?

Дәнекер:   — Оу, айналайын, не болды сонда? Әй, бұл үйдің еркегі кім?

Бөгенбай:   — а а?

Дәнекер:   — еркегі кім?

Бөгенбай:   — Сол еркектің түнде аяғын уқалайтын кім?

Дәнекер:   — Тфуй, балғам қайда? балғамды табыңдаршы менің!

Ербол:  — Гүлжан, Гүлжан, күйеуін кетіп қалды ма?

Бөгенбай:   — ау?

Ербол:  — күйеуін кетіп қалды ма?

Бөгенбай:   — ойбай, сен осы біздің үйді аңдып жүресің бе?

Ербол:  — шай ішпесем, сенімен шай ішпесем ше, басым ауырмайды.

Бөгенбай:   — мен ішсем, ауырады, сенімен!  Қызғаншақ күйеуін қайда?

Ербол:  — ойбай, жүр ғой.

Бөгенбай:   — жүр ме? жоқ, мен сенің күйеуіне таң қаламын, не ғып сені қызғанатынын, ей, біздің Арманды қарашы мені бір қызғанбайды ғой.

Ербол:  — ойбай, сенің қызғанатын жеріңде жоқ ғой, айналайыным-ау, қойшы . . . Ойбай, Гүлжан, көзіне не болған?

Бөгенбай:   — қойшы, айтпай-ақ қояйыншы

Ербол:  — айтшы, айтшы, айтшы, айтшы, а а а!!!

Бөгенбай:   — кеше концерт болды үйде . . .

Ербол:  — не болды???

Бөгенбай:   — концерт болды, три Д (3D)

Ербол:  — Арман концерт қойды ма?

Бөгенбай:   — иә, концерт қойды, алдыңғы қатарда отырғанмын ғой

Ербол:  — ойбайй, байқамайсын ба?

Бөгенбай:   — қайдан білейік енді . . .

Аян:  — мама, мама, сені папа шақырып жатыр

Бөгенбай:   — а  а?

Аян:  — сені папа шақырып жатыр . . .

Бөгенбай:   — әй, папаң жұмыста ғой, сенің

Аян:  — е, білмеймін, папа шақырып жатыр, шай, тамақ қашан дайын болады дейді

Бөгенбай:   — әй, былай деп айтшы, Құралаймен сөйлесіп жатыр, сосын барады деші

Аян:  — ей, папаға бар дейсің, папаға барсам мамаға бар дейді, мамаға барсам папаға бар дейді, папаға барсам мамаға бар дейді, мамаға барсам папаға бар дейді

Бөгенбай:   — үйдегі кенже бала ғой, тұңғыш

Ербол:  — ә ә ә? мынау сенің балаң ба? ойбайй, ер жетіп қалыпты ғой

Бөгенбай:   — иә, кенже бала ғой, тұңғыш, бірақ  бала  дегенім ғой

Ербол:  — Гүлжан, сағат неше болды?

Бөгенбай:   — 6 болды

Ербол:  — әәәй, газды қазанға қойып кеткен едім

Бөгенбай:   — газды қазанға қойып кеткен едім дейді? Әй, дұрыстап қара, газын қайнап жатқан шығар!

Дәнекер:  — терезеңнен . . . (мас күйеуі кіріп  келеді)

Бөгенбай:   — о, келді мынау

Дәнекер:  — самал    жел  соғып   тұр

Бөгенбай:   — ей, айналайын, мен неше жыл тұрдым, үйге бір ауызын құрғап келген жоқ, түсіндін бә? мен неше жыл сенімен жанұя болып тұрдым, менің шыдамым таусылды, шыдамның да шегі бар, шектің де шегі бар, тоқ ішек, аш ішек, соқыр ішек деген, менің шыдамым бітті, сенімен ажырасам, түсіндін бә? кет бар, мен саған қайтадан келмеймін түсіндін бә? келсен кел, келмеймін түсіндін бә? кет бар

Дәнекер:  — келмей-ақ та қой

Бөгенбай:   — келмеймін мен саған түсіндін бә? мен сен сияқты байды балшықтан жасап аламын, түсіндін бә? жасап аламын, жаса, жасалса, жаса, жаса Қазақстан! түсіндін бә? Мен ертең осы үйге қайтып келсем Гүлжан атым құрысын! келмеймін, түсіндін?

Дәнекер:  — Гүлжан???

Бөгенбай:   — албасты арақ ішіп менің атымды ұмытайын депсін ғой, енді сен сияқты Арман деген байым бар десем ғой . . .

Дәнекер:  — О о оу, менің атым Арман емес

Бөгенбай:   — енді кім?

Дәнекер:  — Темірбай

Бөгенбай:   — Өй, жынды сен Құралайдың байысың ба? кет бар, кетсей бар өз үйіне, барсайшы

Ербол:  — Гүлжан, әй, Гүлжан, анау байына ие болмайсын ба? күйеуіне ме?

Бөгенбай:   — сен маған өйтіп шәңкілдей бер ме, өзін күйеуіне ие бол, біздің үйде жүр

Ербол:  — ал, ие болам, ал енді не? . . . Шақыр менің күйеуімді!

Бөгенбай:   — бері кел!

Ербол:  — шақыр күйеуімді, алып кетейін . .

Бөгенбай:   — Темірбай!

Ербол:  — бері кел, әй!

Бөгенбай:   — жүрген жүрісін қара, мынаның!

Ербол:  — бері кел, әй!

Бөгенбай:   — күйеуіне ие бол, түсіндін бә?

Ербол:  — ие боламын!

Дәнекер:  — жаным!

Бөгенбай:   — түсіндін бә? сен өзінің күйеуіне ие бол, мен өзімнің күйеуіме ие боламын, түсіндің бә? . . . Құдай ау, түрін қарашы . . .Бірақ қанша дегенмен де, Құралай айтқым келеді, осылар қанша ішсің, жесің, осылардың арқасыңда күн көріп жүрміз, әйтпесе түн көріп жүрер едік, түсіндін бә?

Ербол:  — ағаларымыз аман болсын, ағалар!

Бөгенбай:   — дұрыс, осы ағаларымыз аман болсын!  Осы көрініспен біздің айтқымыз келгені, жанұя болғандықтан ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды! Отбасының өзі бір мемлекет! Біздің мемлекетіміздегі ағаларымыз ауысқанымен, үйдегі ағаларымыз ешқашан ауыспасын!

 

11)

Инабат:   Қазақстанда мектеп түлектерінің оқуға түскеннен кейін 60 пайызы жатақханада тұрады екен. Сондай жатақханалардың бірінде болған оқиға:

Аңсар:  — аа, мынау жатақханама?

Ербол:  — иә, жатақхана, орналасуға келдің бе?

Аңсар:  — иә

Ербол:  — 36 бөлме емес пе?

Аңсар:  — иә, 36 бөлме

Ербол:  — онда бірге тұрамыз ғой

Аңсар:— иә, солай ма?

Ербол:  — солай

Аңсар:— анашым ғой, алло, иә, анашым бәрі аманшылық, аманшылық, иә, а а? не зт? не зт? а а, бәрі, бәрі аманшылық, өздеріңізде қалай, өздеріңізде? иә, аха, мам, міне қасымда осы бір бөлмеде тұратын бала отыр, иә, а , қай жақтан деп сұра дейсің бе? Қай жақтансын?

Ербол:  — Семейденмін

Аңсар:— Семейден? мама анау Айгүл апайдыкінде тұрсам қалай болады? а а а, адам көп пе үйінде, аха, жарайды, сау болыңыз. . .   Сонымен, не хабар?

Ербол:  — не  хабар?

Махаббат:  не хабар – Қазақстанның батыс бөлігінде «қалын қалай?», «қалайсын?» деген мағынаны білдіреді.

Ербол:  — ей «Хабар» емес, «Қазақстанды» көрсейші, «Жайдарман»  содан болады ғой. . . .Е, жатақхана өзің келдің бе? әлде вокзалдан біреу тосып алды ма?

Аңсар:  — тосып алды ма?

Махаббат:  тосу – Қазақстанның шығыс бөлігінде «күту» деген мағынаны Қазақстанның батыс бөлігінде кішкентай баланы тосу деген мағынаны білдіреді.

Аңсар: — ей, жындысын ба? жасым деген жиырмада өзім-ақ бара аламын ғой, жынды ма?

Ербол:  — ей, жарайды, жай сұрағаным ғой.

Дәнекер:  іштерін тар, сендердің іштерін тар, бір 20 манты үшін, әңгіме айтып маған! Іштерін тар, шығарам мен сендерді жатақханадан!

Мынау кім?айқайлама маған! шынымен, айқайлай береді ғой маған.

Ербол:  — Бұл бала менімен бірге тұрады екен 36 бөлмеде

Дәнекер:  Тыныш отырыңдар! Осылай отырыңдар!

Ербол:  — иә, иә, күте тұрамыз, аха.

Дәнекер:  әй, сен мені адам құрлы санамайсың ба? адам құрлы санамайсың ба?аа?

Бөгенбай:  — е, мынау әпшенің есі дұрыс па өзі? алло, иә, иә, азаңмен сағат 5-те келдім, иә, азаңмен келдім. Қаяқтасың? Әй, жатақханадамын, мынаяқ бар ғой шынымееен суық екен, бар ғой. Жаурап кеттім, бар ғой, жаурап кеттім. Ләжі болмағанда, қалың киімдерімді салып жіберіңіздерші? Е, жыта алмасам, өзім-ақ жұмыс істеймін, керек емес. «Шанхайға» барып жұмыс істеймін бе, «Артемға» барып жұмыс істеймін бе, керек емес! Жақсы. Тууф, оқуға түспей жатып жынға тиеді ғой, осылай! Ей, балдар, қалайсыңдар? Қалайсыңдар?

Аңсар:— сонымен мынау кім дейсің? . . . Ассалаумағалейкум!

Бөгенбай:  — Уағалейкумассалам!

Ербол:  — 36-шы бөлме ме?

Бөгенбай:  — 36-шы бөлме.

Ербол, Аңсар: — ее, бірге тұрамыз онда, бірге тұрамыз.

Бөгенбай:  — көршілерім?

Ербол:  — иә, иә

Бөгенбай:  — оо, көршілерім.

Аңсар: — жайғасайық!

Ербол:  — үй ішінің суреттерін көрсетіп жатырмын, сурет.  Иә, мынау менің ата-анам.

Аңсар: — анау, сен папана ұқсайды екенсің, тамағың.

Ербол:  — бәрі сөйтіп айтады, иә, мынау менің туған ағам.

Бөгенбай:  — тәтең шығар? тәтең шығар, анау?

Ербол:  — тәтем 72-де, мынау менің ағам.

Бөгенбай:  — ей, білмеймін, тәтеңе ұқсайды екен, мынау бар ғой…

Ербол:  — мынау менің туған қарындасым, бірінші класста оқиды, мынау туған апайым менің

Бөгенбай:  — апайын?

Ербол:  — иә

Бөгенбай:  — ә, мектептегі апайың ба? колледждегі апайың ба?

Ербол:  — қайдағы мектеп, туған апайым менің

Аңсар: — әәәә, жігіттер, жігіттер, мен бәрін түсіндім, бұл сенің апаң ғо, апаң ғо бұл сенің

Ербол:  — ей, жасы 21-де, қайдағы апа?

Бөгенбай:  — өләә, түсіндім мынаны, мына оның әпшесі

Аңсар: — не зт?

Бөгенбай:  — әпшесі

Аңсар: — не зт?

Бөгенбай:  — өй, әпшесі деймін!

Аңсар: — апасы бұл!

Ербол:  — өй, қайдағы әпше? ұялмайсың ба андағы сөзді айтқанға?

Аңсар: — не зт?

Бөгенбай:  — өй, әпшең ғо анау сенің?

Ербол:  — апайым менің

Аңсар: — апан ғо!

Ербол:  — апам менің 96-да

Бөгенбай:  — ей, әпшең анау сенің!

Аңсар: — апаң деймін сенің!

Ербол:  — апам 96-да!

Ыбырай:  — ооо, саламалейкум, ребята, как дела?

Бөгенбай:  — нормально, с приездом!

Ыбырай:  — спасибо! . . .Адлет

Ербол:  — Дархан, я с Исемска

Ыбырай:  — а я с Петропавловска . . . Адлет

Аңсар: — Данияр, с Актау

Ыбырай:  — очень рад познакомиться!

Аңсар: — взаимно!

Ыбырай:  — аха!  я смотрю вы тридцать шестая квартира?

Аңсар:  — да

Бөгенбай:  — да

Ербол:  — да

Ыбырай:  — ааа, значит вместе, да? будем жить?

Бөгенбай:  — да

Аңсар: — да

Ербол:  — қазақша сөйлеп бір-бірімізді түсінбеп едік, біреу орысша сөйлеп еді, бірден түсіне кеттік,  иә??

Вечером теплым брожу один

G

Ты не сможешь вернуть ее

E

Шепчет мне нежно дождь

Знаю что встречу тебя с другим,

Лучше это была б не ты ,но рядом с ним ты идешь

 

Я ж тебя так любил ,так любил,

Думал что ты ждала меня,что же ты сделала?

Я ж тебя так любил ,так любил,

А теперь потерял тебя.

 

 

Am

А он тебя целует

             F

говорит что любит

 

                   G

И ночами обнимает

            E

к сердцу прижимает

Am               F

А я мучаюсь от боли со своей любовью

G                     E

Фотографии в альбоме о тебе напомнят, о тебе..

 

О тебе…

 

Вечером теплым гремит гроза

Снова вижу я вас вдвоем, ты улыбаешься

В сторону я отвожу глаза

Что же делаешь ты со мной, зачем издеваешься

Я ж тебя так любил, так любил

Думал, что ты ждала меня. Что же ты сделала

Я ж тебя так любил, так любил

А теперь потерял тебя

 

А он тебя целует, говорит что любит

И ночами обнимает, к сердцу прижимает

А я мучаюсь от боли со своей любовью

Фотографии в альбоме о тебе напомнят

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. әзіл-сықақ, квн (жасөспірім мен атасының оқиғасы)
  2. режиссер болсам мен егер (бір әнге клип түсіру)
  3. ән айту
  4. танымал әнге өзі шығарған өлеңді айту
  5. мерекелік қабырға газетасы

 

 

  1. Өткен күнді еске түсірмей, болашаққа көз тастай алмаймыз…

— Өткен күн демекші бар ғой, Лондонда өткен олимпиадада Әділбек Ниязымбетов нағыз мұсылман екендігін дәлелдеді,

— қалай, қалай дәлелдеді, қалай сонда?

— мұсылмандарда ер адамдар күміс тағады…

 

  1. Елдегі мектеп жаңалықтары:

— Қазақстан мектептеріндегі еңбек мұғалімдері мереке күндері үйлеріне еңбектеп қайтады екен…

 

  1. Ерте есейіп кеткен сәби . . .
  2. Илья Ильин . . .

Илья  әлемге қазақ елін паш еткен Қазақстанның батыры,

Құрметтейміз, мақтан тұтамыз, дәл осындай мықты ұлды,

Ол қазақтың кім екенін ұқтырды,

Ильяның төбе шашы секілді, бүкіл әлем аяғынан тік тұрды.