Жаңа жыл мерекесі

69

Жаңа жыл мерекесі

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар! Біз сіздерді Жаңа 2014 жылқы жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз! Балалар мен Аяз ата қандай екенін білмеймін, маған түсіндіріңдерші, Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.

  • Балалар Аяз ата кім? Оның мұрны сәбіз сияқты ма? (балалар йә, жоқ деп жауап береді.)
  • Оның құлағы үлкен бе?
  • Ол балаларды жей ме?
  • Ол сендерге үлкен қаппен келе ме?
  • Бірге ән айтасыңдар ма?
  • Бәріне сыйлық бере ме?

Онда Аяз ата кім екені түсінікті болды. Аяз Ата мейірімді, сиқыршы балаларды жақсы көреді, Жылда біз оны асыға күтеміз. Ол бізге бақыт әкеледі. Кәне балалар бәріміз аяз атаға барамыз ба? Аяз атаға біз жаяу бармаймыз атпен барамыз. (Ат шығады)

Ат:  И-го-го, едете вы далеко? И-го-го қайда барасыңдар?

Жүргізуші: Балалар аяз атаға барамыз дейді, бізді апарасың ба?

Ат: Олар маған ат туралы тақпақтарын айтса ғана мен оларды апарамын. Немесе әндерін айтсын.

Балалар: (тақпақтарын айтады)

Ат: Ал енді бәріміз тізбектеп тұрамыз.бір –бірімізді ұстаймыз.Кеттік.

Шырша жаныныда қонжық пен қоян

бір- бірлеріне арқаларын тіреп Аяз атаны күтіп отыр.

1 Қоян: -Аяз атаны күте-күте шаршадым.

2Қоян: Мен де шаршадым, ішім пысты, қарным да ашты..

3 Қоян (үндемейді) .

1 Қоян: Не ойлап отырысың?

2 Қоян: Саған не болды?

3 Қоян: (ашуланып отырады)

Не ойлап отыр дейсіңдер ғой. Онда тыңдаңдар:

Аяз ата келеді.

Бәрімізге сыйлық береді.

Ал оған кім сыйлық береді.

1 Қоян: — Оның, Дұрыс. Қоян достарым ойланып көрейікші. Мүмкін, бір нәрсе ойлап табармыз. (Ойланады).

Үшеуі: — Қандай сыйлық сыйласақ екен?

Үшеуі: Мыналар кімдер шауып бара жатқан? Эй! тоқтандар.Қайда бара жатырсындар?

Балалар: Аяз атаға.

Қояндар: Сендер қызықсыңдар, Аяз атаға барам дейсіңдер, ал аяз ата балаларға сыйлық таратып жүрген жоқ па? Қазір бізге де келмей ме, біз осы шыршаның жанында күту керекпіз. Аяз ата келеді.

Бәрімізге сыйлық береді.

Ал оған кім сыйлық береді? Сендер сыйлық дайындадыңдар ма?

Балалар: ИӘ.

Қояндар: Біздер де сыйлық дайындадық. Онда бәріміз дауыстап, Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз Ата ау! (Аяз ата келеді.)
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата — аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Жылқы жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер бізге қандай сыйлық дайындадыңдар?

Қояндар: Сыйлығымызды қабыл алыңыздар!

Біздің және балалардың атынан.

(Қоян, балалар билейді.)

 

 Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!

Қояндар: Урааааааа. Балалар жақсы көретін сайықмазақ келдіғой.

Сайқымазақ: Мә, мынау не жиын, балалар не тойлап жатырсыңдар? Аааабүгін 8 наурыз мерекесі ғой, құттықтаймын. (қыздарды құттықтайды.)

-Онда сенің туған күнің шығар? Құттықтаймын

— балалар қорғау күні шығар. Құттықтаймын.

Ааааа Жаңа жыл шығар? Құттықтаймын. Жаңа жылда балалар би билеп, көңіл көтеріп жүреді. Ал сендер көңіл көтеруге, ойын ойнауға  дайынсындар ма?

Балалар: иә

Сайқымазақ: (Ойындар жүргізеді.)

 

(Осы кезде түлкілер мен қасқыр кіреді.)

Түлкілер: Туф, сен неге үнемі бізден қалып барасың? Болсайшы, кешігіп қаламызғой!

Қасқыр: (Орындыққа отырады) бекер сендермен бардым, аяғым ауырып тұр. Қазір рахаттанып ұйықтар едім, жоқ жүр барайық, жаңа жыл, аяз ата  деп болмадың, ух бір берейімбе!

Түлкілер: Ту ашуланбашы енді, жаңа жыл көңілді мереке емес пе, сыйлық аламыз, би билейміз, оооо қарашы келген сияқтымыз, шыршаны қара қандай әдемі!

Қасқыр: осы шыршадан не пайда, жейтін ештеме жоқ, осы адамдарды түсінбей қойдым несіне ойыншықтарды іледі, қуырылған қоянды ілсеғой.

Түлкі: Аха ал аюды ілсе не істер едің? Сен тамақ ішуге келгенжоқсынғой, көңіл көтеруге келдің.

Қасқыр: Қалай билеймін, ішімдегі шегім тинтониг билеп жатыр.

Түлкілер: (Қасқырдың ішегін тыңдап, билейді.) расымен билеп жатыр екен. Аяз атадан қабын ұрлап, тамақтанып ал.

Қасқыр: Жоқ ұрламаймын, есіңдеме былтыр ұрлаймын деп, аяғымды қатырып қойды, әлі ақсандап жүрмін.

Түлкілер: Онда балалармен ойын ойнайық, олар Аяз атадан сұрап бізге кәмпит беретін шығар

Қасқыр: ойнасақ ойнайық.

(Қасқыр, түлкілер ойнайды.)

 

(Осы кезде шрек пен фиона келеді)

Шрек: ококо қаншама адам жиналған!

Фиона: Расымен, ооооо мынау не?

Шрек: Көрмейсің бе? Шырша ғой!

Фиона: (Таңғалып, шыршаны айналады) көрмеймін.

Шрек: (Күліп) сен шыршаны айналып жүрсің ғой, қалайша көрмейсің, мынау шырша.

Фиона: Мынау ма? Осындай шыршаны бірінші рет көріп тұрмын, біздің орманда осындай шырша жоқ.

Шрек: Оларда да осындай шырша өспейді, жай әдемілеп қойды.

Фиона: мммм, бәсе үйлерінде де, бастарында да ештеңе жоқ.

Шрек: (Балаларға көрсетіп) жоқ қателесесің, үйде де, бастарында да бәрі бар. Қара қаншамасы.

Фиона: Олар бәрі бір үйде тұрама?

Шрек: Жоқ олар бірге оқыйды, мектепте де үйде сияқты сезінеді.

Фиона: Ааа,енді түсіндім, бірақ бишара шыршаға неге соншама ойыншық ілген? Аяз ата мен ақшақарды да отырғызып қойды?

Шрек: Эх ақымақ! Жаңа жыл емес пе,

Фиона: ааа, маған ескі де ұнайды.

Шрек: Саған ұнаса қайтейін, табиғаттың заңы осындай, 12 айдан кейін жаңа жыл келеді, айтпақшы білесің бе? Жаңа жыл ат болып келеді.

Фиона: Неге?

Шрек: Жасыл бас түк білмейсің ғой, өзің!Әбден башняда отырып қараңғы болып қалғансың

Фиона: Болды, қашаннан бері ақылды болағапсың? Ақылды болсаң онда неге ат жылы түсіндірші

Шрек: А сенде басқа ұсыныстарың бар ма?

Фиона: Иә, жаңа жыл Шрек немесе Фиона болсын.

Шрек: Жоқ болмайды.

Фиона: Аяз атадан рұқсат сұрап, болғызайық.

Шрек: Жоқ армандама.Сен оданда жаңа жыл туралы тақпақ білесің бе?

Фиона: Білемін.Неге?

Шрек: Жаңа жылға келгеннің бәрі тақпақ айтып, би билейді.

Фиона: Аяз ата мен ақшақарды биге шақырайық?

Шрек: Балаларды да шақырайық

(Бәрі би билейді)

(Мыстан кемпір ұшып келеді. Аяз ата мен ақшақарды ұрлап кетеді, де өзі балаларға келеді)

Мыстан: ха-ха –ха. Аяз атаны көрдім, қабымен кетіп бара жатыр.ха-ха-ха.

Жүргізуші: Аяз атамыз қайда? Жаңа ғана бізбен би белеп жүрді ғой, қане мыстан айт тез аяз атамызды қайда жібердің?

Мыстан: Оны, мен тығып қойдым, ол өте салқын екен,(түшкіреді) өзім ауырып қалажаздадым.

Жүргізуші: Бұның не? Аяз атасыз жаңа жылда келмейдіғой…

Мыстан: Аяз ата балаларды ауры қылады, бәріне тұмау тиеді,әпши. (Шыршаға қарап,) мынау не тағы? Кактусты әдемілеп қойыпсындарғой?

Жүргізуші: бұл кактус емес, шырша. Сөзді доғар, қане айт аяз ата мен ақшақар қайда?

Мыстан: (естімейді, үндемей отырады)

Жүргізуші: Естімейтін сияқты балалар, кәне бәріміз бірге сұрайықшы

Балалар: ҚАЙДА?

Мыстан: Айқаламандар! Жоқ аяз ата, қабын алып қойдым, сыйлықтарын өзіме алдым,ақшақарды байлап,  аяз атаны пешімнің қасына отырғызып қойдым.

Жүргізуші: Сен оларды мүлдем аямайсың ба?

Мыстан: несіне аяймын, саз болып кетседе маған бәрібір.

Жүргізуші:Саз болып кетсе не істейсің?

Мыстан: ештеме

Жүргізуші: Жіберші оны, Аяз ата сенің үйіңді қатырып тастайды, саған суық тиеді, сосын жыл бойы тұмаумен ауырасың.Саған сол керек пе?

Мыстан: Оның дұрыс. Одан бәрін күтуге болады. Жыл бойы ауырғым келмейді, бірақ атаны да жәй бермеймін

Жүргізуші: Онда айт, біз не істеуіміз керек?

Мыстан: менің үш шартым бар,оны орындауларың керек.Содан кейін жіберемін.

Жүргізуші: Келістік. Бірінші шартың қандай?

Мыстан: Балаларың менің сұрақтарыма иә,жоқ деп жауап берсін? Жаңа жыл немен келеді?

-Африканың күнімен?

-Аяз атамен?

-сасық өрікпен?

-ақ қармен?

-сары жапырақпен?

-теңіздің желімен?

-жаңа жыл әнімен?

-Кактуспенен?

-гирляндымен?

-әдемі купальникпен?

-қатты жауынмен?

-манный кашамен?

-ақшақарменен?

-немесе менімен?

Жүргізуші: Ал,бірінші шартыңды орындадық, екіншісін айт

Мыстан: Жаңа жыл мерекесі немен келетінін әр тауық біледі. Бірақ биден меннен қаласыңдар. Мен сияқты ешкім биле алмайды?

Жүргізуші: Оны көре жатармыз, кәне балалар дайынсыңдар ма?Бастайық

(бәрі би билейді)

Мыстан: Жарайсыңдар.Жақсы билейсіңдер, менің шартымды оп-оңай орындайды деп ойламаппын. Ал енді менің үшінші шартым.Өз ауруымды сендерге таратамын ха-ха-ха. (Баларға барады)

Жүргізуші: Тиіш мыстан, біреу келе жатыр

(Аю кіреді)

Аю: Балалар Машаны көргенжоқсындар ма? Орманда ойнап жүріп жоғалып кетті, осы Маша мені өлтіретін болды? Күнде бір нәрсе шығарады.

Жүргізуші:Жоқ аю, біздің де көңіл күйіміз жоқ, мына мыстан Аяз Атамызды орманға ұрлап әкетті.

Маша: хи-хи-хи (Күліп, билеп Аяз ата мен Ақшақарды қолынан ұстап келеді)

АЮ,Аю Қара мен орманда Аяз ата мен Ақшақарды тауып құтқардым. Мен енді аяз атаның қабындағы барлық сыйлықтарын аламын, алақай ха-ха-ха.

Аю: Жоқ Маша, Аяз Атаның сыйлықтары баларға арналған.

Маша: (Бақырып жылайды)

Аю: (Құлағын жауып) БОЛДЫ, жылама балалармен би билеп тақпақ айт сонда сыйлық аласың.

Маша: Алақай, Аяз ата мен бірінші айтамын

Аяз ата: Маша бірінші балалар айтсын,содан кейін сені тыңдаймыз

(Балалар тақпақтарын айтады)

Ақшақар:Жарайсыңдар балалар! Тақпақтарың әдемі екен!

Ал енді Маша бізге билеп беретін шығар, Ата рұқсат бересің бе?

Аяз Ата: Әрине, Маша билейғой,балаларда сенімен билесін

(Маша билейді)

Ақшақар: Жаңа жыл құтты болсын!

Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт — береке жылы бол, Жаңа жыл.

Аяз ата: — Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып — қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
— Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
(Көріністер кетеді)
(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры» әні орындалады )
— Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )
Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…