«Алтын сақа» сайысы

73

 

«Алтын сақа» сайысы

 

Шарты:                                     Балаларға алдан ала қазақ ауыз әдебиетіндегі

ертегелердің бірі Керқұла атты Кедебай ертегісін

оқып келуге тапсырмалар беріледі.

 

Ойынның барысы:                Төрт түсті жол беріледі (сары,қызыл,көк,жасыл),

осы жолдардың түстеріне сай төрт конверт

беріледі. Келіп отырған оқушыларғы конверттегі

сұрақтар қойылады, жауап берген оқушы,

конферттің түсіне сай жолға түрады. Сұрақтарға

жауап берген төрт бала жарысуға шағады.

Жарысуға шыққан балалардың жауап берген ғана

алдынғы бір қадам аттайды.  Алға қарай

жылжыған оқушыға он ұпайдан беріліп отырады.

Ойын соңында кімнің ұпайы аз, сол бала

ойыннан  шығады.

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Құрметті оқырмандар! Ал енді «Алтын сақа» ойынымызды бастайық. Бүгінгі тақырыбымыз қазақ ауыз әдебиетіндегі

ертегелердің бірі Керқұла атты Кедебай ертегісі. Қойылатын сұрақтар аталған ертегі төңірегінде болады.

Сайыстық дода болғасын бүгінгі қазылар алқамызды сайлап алайық

  1. Мектеп диреторы Р.М Айтимова
  2. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі. Бірлестік жетекшісі З.Ғ Ойранбекова
  3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мемлекеттік тәжирбиеден өтуші мұғаліміз

Серікбаева Шолпан Жақанқызы.

 

Енді біз біріншіден кім сайысқа түсетінін белгілеп алайық. Біріншіден сайысымыздың аты «Кім жүйрік?» деп аталады: Бұл ойынның бастамасы болғандықтан  әр сыныпқа бір сұрақ қойылады. Сол сұраққа жылдам және тез жауап беріле, сол бала топ жарып сайыстың жолына түседі.

5 сыныпқа қойылатын сұрақ: Керқұла атты Кендебай  ертегісі қалай басталады?

А) Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, Қаратаудың басында, Қарасудың бойында

Ә) Ерте ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында

Б) Ерте ерте ертеде, ешкі басы шеңгелде, Қаратаудың астында, Қарасудың бойында

6 сыныпқа қойылатын сұрақ: Кендебай аң аулап жүріп, ұзап кеткенде алдынан жылып отырған таз басты баланы кездеседі. Ол кімнің баласы еді және не істеп отырған жан еді.

Жауап: Мергенбай деген батырдың баласы. Тасқара байдың қозысын бағып отыр.

7 сыныпқа қойылатын сұрақ: «Дат – тақсыр»-  деген сөз қандай мағына береді.

Жауап: Дат-сөйлеуге рұқсат сұрау. Қазір айтылмайды (ред)

8 сыныпқа араналған сұрақ: әуелі алдынан бір үлкен тау көрінеді. Тау теңселіп, қозғалып, оған қарай жақындап келеді. Ол не? Нешеу?

Жауап: Бұл – жеті басты дәу екен…

Екінші тур: «Алғыр бала» — деп аталады. Төрт бала ұтып шыққаннан кейін, жауап береген конверттің сұрақтарына түсіне сай жолдың түсына барып тұрады. Осы төрт баланың арасында сайыс жүреді.

5 сыныпқа қойылатын сұрақ: Терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен? Сұрақ Кендебай не істейді?

Жауап: Кендебай жүгіріп барып, көкжалдың құйрығынан ұстай алып бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жібереді.

 6 сыныпқа қойылатын сұрақ: Кендебай Арыстанмен арпалысқанда алмас қылышымен арыстанды екі бөліп, аржағынан шығады. Сұрақ арыстанның несін алады?

Жауап: Кендебай арыстанның азуын қағып алып, қоржынға салады.

7 сыныпқа қойылатын сұрақ: Кешке жақын оарды өзенне өткізейін десе, сиырлар суға түспейді? Сұрақ қалай өткізеді. Не деп айтады?

Жауап: «Айырылғырдың суы айырыл!»

8 сыныпқа қойылатын сұрақ: Керқұла атты Кендебай атты әзірге менің де, сауыт-саймандардың да керегі жоқ. Іздесең мен шақырарсың. Сұрақ: атын қалай  шақырады. Қай оқиғада?

Жауап: Егер керек бола қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат. Хан алтын құйрықты құлынды іздеуге жібергенде.

Келесі сайыс мақал – мәтелдер сайысы: Әр оқушығы екі мақал оқылады. Берілген мақалдардың бастапқа жолы оқылады. Келесі жолын жалғастыру керек.

 

5 сыныпқа қойылатын сұрақ: Сумен ойнама – батырсың,

                                         Жауап: Отпен ойнама – жанарсың.

                              

                                                        Ақылды адам — батпан – ақ,

                                        Жауап:  Ақылсыз адам- сасқалақ.

 

6 сыныпқа қойылатын сұрақ: Атыңнан айрылсан да,

                                         Жауап: Ер – тоқымнан айырылма.

 

                                                        Ас тасыса, қатық төгілер,

Ашу тасыса, ақыл төгілер.

                                          Жауап: Ақ жүрген азбас.

 

7 сыныпқа қойылатын сұрақ: Тарта жесең тай қалар

Қорқа жесең қой қалар,

                                         Жауап: Қоймай жесең нең қалар?

 

Жаздың бір күні

                                         Жауап: Қыстың мың күнін асырар

 

8 сыныпқа қойылатын сұрақ: Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

                                         Жауап: Атадан жаман ұл туса,

                                                        Елінің малын жейді.

 

                                                        Ердің тозғанын

Иесі білмес – ат білер.

                                         Жауап: Ағайынның азғанын,

                                                        Өзі білмес – жат болар.

 

Әр жауап берген мақал-мәтелге 10 ұпайдан беріліп отырады.

 

  • Келесі біздің сайысымыз сұрақ жауап сайысы

 

5 сыныпқа арналған сұрақ. Кендебай құлында қалай асырайды?

Жауап: Оны құланның сүтімен асырайды.

 

6 сыныпқа арналған сұрақ. Кендебай қандай кісі болған?

А) Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты.

Ә) Құралайды оқпен тигізген мерген болыпты.

Б) Құралайды садақпен тигізген мерген болыпты.

В) Құралайды мылтықпен тигәзген мерген болыпты.

 

7 сыныпқа арналған сұрақ.     

Мергенбайдың баласы таз кімнің қолында қозы бақты және неше жаста?

А) Қарабайдың қолында, 7 жаста

Ә) Тасқараның қолында, 6 жаста

Б) Қазанғаптың қолында, 7 жаста

В) Алшынбайдың қолында, 6 жаста

 

8 сыныпқа арналған сұрақ Кендебай өзеннен өтіп жатқанда, кім оған айқайлайды? Не деп айтады.

Жауап: Ханның кіші қызысудың арғы жиегінен көріп тұрды.

— Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Күндегідей: «Айырылғырдың суы айырыл» деп неге айтпайсың? — дейді

 

—- Сайытың барысы бойынша ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығып, шағын сыйлықтармен марапаталады.

 

Келесі сайыс жұмбақтар жасыру сайысы.

 

Сап түзеген қаз қатар,                                      Қан тамырдай таралған,

Сарбаз да деп қаласың,                                     Береді жүрт, оған нәр.

Кездесесің аң мен құс,                                      Есігіңнен басталып,

Араласаң арасын.            (орман)                    Үйге ұайтып оралған,         (жол)

 

Таймасын деп табаны,                               Тіреумен тіреп ақырын,

Тек, тұяққа қағады.      (таға)                    Көтеріп тұр, шатырын.   (саңырауқұлақ)

 

Көлеңкеңді түсірме,                                           Көзін ашсаң, көл – көсір.

Патша жатыр ішінде.   (Бесіктегі бала)                                                   (Бұлақ)

 

—- Сайытың барысы бойынша ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығып, шағын сыйлықтармен марапаталады.

 

Келесі сайысымыз  мәреге жеткен екі оқушыға арналған күрделі сайыстар. Қазақ халқының көнерген сөздерінің мағынасын ашу.

              /барынша түсінік беру/

 

1 ойыншыға

Адырна – қару-жарақтың бір түрі. /қазір пайдаланылмайды/

Наруана – нарға жүк артылатын сандық

 

2 ойыншыға

Торқа – матаның түрі немесе атауы.

Жоламай— жол жөнекей тігілетін баспана /ертеде көшпелі қазақтарда қолданған/

 

 Келесі сайысымыз құрастыру сайысы. Екі оқушыға суреттелген көріністің бірнеше бөлікке бөлінген бөлшектері беріледі. Кім тез және жылдам құрастырады сол оқушы жеңеді.

 

Келесі сайысымыз сөздік қор сайысы. Бір минуттың ішінде алдыңызға қойған сөзден мағына беретін сөздер жиынтығын жинау крексіздер. Кімнің сөзі көп, әрі мағыналы болса сол оқушы жеңеді.

Ол мынадай соз: Болашақтандыруымыздың

Қазылар алқасы сайыстың соңғы нәтижесін шығарып, ұпайы көп оқушы жеңіске жеткізіліп, марапатталады.

 

Бүгінгі күні ұйымдастырылған «Алтын сақа» сайысы өз мәресіне жетті.

              Хош сау болыңыздар !!!