«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс

66

«Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле»

Абай

Еңбекке баулу оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, оқушыларды перспективалық технологиялармен таныстырып, олардың политехникалық көзқарасын қалыптастыратын пән.

Бұл пән оқушыларды тұрмыстық және өндірістік қызмет түрлерімен таныстырып, экономикалық өзгерістерге бейімдеп, келешек өмірге дайындап, жаныңда жүрген үлкендердің қызметін дұрыс сезінуге, түсінуге мүмкіндік береді.

Шақшақ шешен өз сөзінде;

«Дәулетің, ұлым өнерің,

Өнермен артар беделің.

Өнерің болса бойыңда,

Халыққа тиер көмегің» деген екен.

«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс

Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)

Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері, биология, география.

Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.

Жоспары (1 сағатқа арналған).

І. Ұйымдастыру бөлімі:

— сайыстың тақырыбымен таныстыру,

— сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

— әділқазы алқаларымен таныстыру.

— сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)

ІІ. Сайыстың барысы:

ІІІ. Сайыс қорытындысы.

 

Сайыс барысы:

Жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер –білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

 

Дарынды мектеп дәстүрін

Жаңалайық, жалғайық,

Ары адал, жаны жаз,

Арулар жолын таңдайық, — деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.

  • — Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 6-7 сыныптардың «Жұлдызды қыздар», «Алтын оймақ», «Өнерлі қыздар», «Шебер қыздар» топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

4 топтың қыздарын ортаға шақырамыз.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)

2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. 5 сұрақ технология пәнінен (15 мин)

3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)

Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)

ә) картоп ашу

б) Инені сабақтап түйіндеу

в) түйме қадау

г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

 

4-шарт. «Тіл өнері» (5 мин)

Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жаубын табу.

5-шарт. «Ас – адамның арқауы» (10 мин) салат түрлерін дайындау.

6-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (Оқушының ой өрісі қандай)

7-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» — қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (сөзжұмбақ 2 мин).

 

 

 

 

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

 

  1. Мектеп директоры: Бейсенова Ғалия Дайрабайқызы
  2. Директордың инновациялық істер жөніндегі орынбасары: Тұрғымбаева Мадина Мейрамбекқызы.
  3. Тәрбие ісі жөніндегі орныбсары Сандыбаева Ләззат Төребекқызы
  4. Мектеп психологы: Тұрғымбекова Гүлзат Ерментайқызы
  5. Технология пәнінің мұғалімі: Сәрсенбаева Анар
  6. Мектептің «Қаныш қыздары» ұйымының жетекшісі: Рысбекова Жаңыл Артыққызы

 

Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)

 

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

«Бәйге»

Әр топқа 10-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр топқа 2 минуттан 8 минут беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бәйге» 1-топқа 7 а сынып

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
  2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
  3. Азық-түлік тапшы болғандағы жұт түрі (аштық)
  4. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
  5. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
  6. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)
  7. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)
  8. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
  9. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)
  10. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

 

«Бәйге» ІІ – топ 7 б сыныбы

  1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
  2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
  3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
  4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
  5. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
  6. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
  7. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
  8. Шым кесте тігу үшін қандай маталар түрі пайдаланылады? (мақта мата, сиса, кенеп, жібек)
  9. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
  10. Шыт, атлас, жібек (мата)
  11. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)

 

 

 

 

 

«Бәйге» ІІІ – топ 6 а сыныбы

  1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
  2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)
  3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
  4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
  5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
  6. Ежелден келе жатқан кәсіп (қолөнер)
  7. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
  8. Құрақтың қандай түрлерін білесің? (жұлдыз, ботагөз, тырна қатар, шаршы, шахмат)
  9. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
  10. Түксіз кілем (алаша)

 

 

 

«Бәйге» 4 – топ 6 б сыныбы

  1. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
  2. Моншақпен тоқуда керекті құрал заттың бірі (сым)
  3. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
  4. Бағалы металл (алтын)
  5. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
  6. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
  7. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
  8. Су моншақты ең көп шығаратын ел (Жапония)
  9. Түрлі тігіс тігетін бұйым (машина)
  10. Уақытша тігістің түрі (көктеу)

 

 

 

 

 

 

3-шарт. «Кім жылдам?»

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).

ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).

б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).

в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).

г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

 

4-шарт. «Тіл өнері»

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.

1-топ 7 а сыныбы.

  1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.          (Ине)       Оқу инемен құдық қазғандай.

 

  1. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың.                            (Тұз)      Доссыз адам – тұссыз ас.

 

3.Екі семсер айқасқан,                                                   Асыл қайшы пішуге сән,

Оқта-текте шайқасқан.                 (Қайшы)               Күміс қасық – ішуге сән.

 

  1. Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан.                           (Қасық)       Құрғақ қасық ауыз жыртар.

 

  1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.             (Дастархан)    Дастархан көркі – нан.

 

 

2-топ. 7 б сыныбы.

 

  1. Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады,                                                       Жылқыда өт жоқ,

Ірімшік май құртыңда.                            (Сүт)             Құста сүт жоқ.

 

  1. Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап,                                       Шешесін көріп, қызын ал

Жарты сағат жуынар.                (ыдыс-аяқ)        Ыдысын көріп, асын іш.

 

 

  1. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер                   (Қол)      Көз қорқақ, қол батыр.

 

  1. Инеден өзі бір елі де қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды.                (Жіп)

 

  1. Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды.                     (Алжапқыш)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-топ   6 а сыныбы

 

  1. Тап, тап, тап жорға,

Табаны жоқ боз жорға.

(Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас.             (Ине)

 

  1. Тұмсығы мықты ,

Қыр мен ойды тегістеп шықты.       (Үтік)         Ісмердің бүлдіргенін үтік жөндейді.

 

  1. Біреуге киін дейді,

Ал өзі киінбейді.                 (Тігін машинасы)

 

  1. Суда туады, суда өледі. (Тұз) Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

 

  1. Саусаққа киіп ем тобатай, Орақ ұстап әкең қалғанша,

Инені жүгірттім оп-оңай.        (Оймақ)            Оймақ ұстап шешең қалсын.

                                                                                 

4-топ.   6 б сыныбы

 

  1. Сүңгіп батып бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты.     (Ине)            Болат біз қап түбінде жатпас.

 

  1. Екі басы дөңгелек, екі ұшы сүйір

Қиғанға үиір                         (Қайшы)       Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

 

  1. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)

 

  1. Зерленген құмғанды,

Шөмелеге төңкердім                       (Тақия)

 

  1. Сылдыр сұйық су емес

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады?                            (сүт)      Ақты төкпе, сиырды теппе.

 

5-шарт                       «Ас адамның арқауы»

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

 

Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды.     (уақыты 5 минут)

 

 

Келесі кезекте 6 — шартымыз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Әр түрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (оқушы ой-өрісі).

  1. 6 б сыныбы.

Биология: Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері (мата, зығыр, жібек, жүн)

Қолөнер: Киіз үйдің жабдықтарын ата.

География: Кофе отаны. (Африка)

Технология: Өлшемді қай жатқан жасаймыз. (оң)

Сурет: Байлық пен молшылықты бейнелейтін ою-өрнек (қошқармүйіз)

Әдебиет: Үйірілген  сары алтындай сары қымыз.

Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз

Елімнің социалистік сүйген асы,

Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз, — деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім? (Ж. Жабаев)

 

 

  1. 6 а сыныбы.

География: Төрт түліктің киелісі — түйе малының шыққан жері. (Орта Азия, Қазақстан)

Сурет: Магиялық ою. (тұмарша)

Медицина: Микробтар неден жұғады? (өз ойлары).

Биология: Етте қандай дәрумендер тобы бар? (А,Д,РР,В)

Медицина: Ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақта тиісті дәрумендердің болмауынан адам қандай  ауруға ұшырайды? (авитаминоз)

Технология: Киімдегі қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атаймыз? (аксессуарлар).

Медицина: Тамақтың энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)

 

  1. 7 б сыныбы.

Физика: Тоқты өткізбейтін материалдарды ата. (пластмасса, фарфор, резеңке, құрғақ ағаш).

Геометрия:  Ою-өрнекке түрлендірудің қай түрі қолданылады? (симметрия)

География: Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ (ОҚО)

Медицина: Адам тамақтан улануда қандай ауруға ұшырайды? (интоксикация)

Сурет: Мәңгілік нышанын білдіретін ою. (дөңгелек)

Ауыл шаруашылығы: Топырақтың құнарлылығын арттыруға қолданылатын заттар. (тыңайтқыштар)

 

  1. 7 а сыныбы.

География: Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)

Медицина: Гемоглобин түзілуге қатысатын дәрумен. (РР)

Сурет:  «Дастархан» натюрмортының авторы кім? (А. Ғалымбаева)

Сызу: Заттың үлкен кішілігін білдіретін сан (масштаб)

Өнер: Өнер саласын зерттеген академиктің аты (Марғұлан)

Тарих: Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бастапқы элементтері қай дәуірге жатады (тас дәуіріне)

Келесі 7-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ мараппатау қағазымен мараппаталады.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортағас салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымзға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

 

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.