«Жаңашаруа аруы » 9-10-11 сынып қыз оқушылар

 

«Жаңашаруа аруы »

9-10-11 сынып қыз оқушылар

 

Мақсаты:

Білімділік:           Өскелең ұрпақтың өнерін ұштап, талантын ашу.

Ұлт-әдет-ғұрыптарды қыз оқушылардың бойына сіңіру

Дамытушылық: Ауыз екі сөйлеуге, мәнерлеп оқуға баулу, сөздік қорларын толықтыру.

Тәрбиелік:            бойжеткен қыздарды қазақтың салт- дәстүрімен танысып,

одан үлгі өнеге алуға баулу.Қыздарды адамгершіліккеүндеу, кішіге

құрмет көрсетіп қамқоршы болуға үйрету. Өз ұлтымыздың салт-

дәстүрлері арқылы ұяңдыққа, биязылыққа , инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар,

гүлдер,үлестірмелер, мақал-мәтелдер.

 

Жүру барысы:

І-жүргізуші:

Қыз өмірдің қызғалдағы қызығы,

Жарқын ерке сүйсіндерер қылығы.

Ермек емес, ем іздесе жас жүрек,

Көп қой оның мөлдір, таза тұнығы.

Көктем дерсің, көшеге олар шыққанда,

Сәлем бере көзіңді тігіп сұқтанба.

Мың есе артық көрінеді бұл сұлу,

Қара көздің қасиетін ұққанда!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер халайық, сергісін бой.

ІІ-жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық дендеріңізге саулық, оқуда алда болуларыңызды тілейміз. Міне бүгін мектебімізде  «Жаңашаруа аруы» атты сайысымызды қыз оқушылармен өткізгелі отырмыз. Осы сайыс әдет-ғұрыптарды бойжеткендердің бойына сіңіру мақсатында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз сонау заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеу, қыз бала алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаны мінгізу, қыз баласын босағада отырғызбау деген сияқты дәстүрлі тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған.

І-жүргізуші

Мен қазақ  қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, дегендей, аналырымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман-Шолпандар сұлулықтың пірі емес пе?! «Қыз ұлттың жан демекші, ата-аналардың аяулысы,құрбы-құдастарымыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.

ІІ-жүргізуші

Арулар ақ маңдайлы ал тұрыңдар,

Мектептің сахнасын толтырыңдар.

Бұлақтай бұлаң қағып бұрымдарың,

Жұлқынып қолға ілікпей бұлқыныңдар.-деп сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.

/Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға бастайды/

Бірінші ару сүйкімді, жарасар құлағына алтын сырға

 9 «ә» сынып оқушысы Амандықова Айсара

Екінші ару-ақша маңдай, үлкен кіші мақтағандай.

10 «ә» сынып оқушысы Сұлтансиықова Ләйлә

Үшінші ару-достарын сары алтындай сақтағандай  

11  «а» сынып оқушысы Мұқанова Нұрбану

Төртінші ару- ажарлы ақша беті ұқсаған жұмбақтағы хор қызына

10 «а» сынып оқушысы Қабленова Гүлмира

Бесінші ару- өз әлінше жақсыларды жақтағандай

11«бә сынып оқушысы  Досқайырова Әсима

Алтыншы ару-қара шашты, қиғаш қасты

9 «а» сынып оқушысы  Нұрбергенова Амангүл

Жетінші ару-көңілді сыны жоқ, оқуын да ақтағандай

10 «б» сынып оқушысы Зағыпарова Гүлбағыт

Сегізінші ару-ақылына көркі сай

9 «б» сынып оқушысы Ғапуова Айымгүл

І жүргізуші:

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Ал арулар сәттілік тілейікші,

Әділ қазы алқасына әділдікті,-

Деп аруларымыздың әділ бағасын беретін әділқазылармен таныс болыңыздар.

Жұма апай

Ләйләгүл апай

Айгерім апай

Ернар ағай

Марина апай

ІІ-жүргізуші

Құрметті көрермен қауым! Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!

І-бөлім  «Мен қазақтың қызымын»    (өзін-өзі таныстыру)

ІІ-бөлім «Ұлттық дәстүр бойынша сұрақ

ІІІ-бөлім «Қыз өнері» (өз қолынан келетін өнерін көрсетеді)

ІҮ-бөлім « Мақал-мәтелдер сайысы» (қыз, ана, бала туралы.

Ү-бөлім  «Қыз еркем-кестесімен көркем» (яғни үйден дайындап келген кестесін немесе қолөнер бұйымын көрсетіп, жасалу жолдарын айтып кету)

ҮІ-бөлім «Сұлулық сыры» (сән үлгілерін көрсету)

Аруларымыздың әділ қазылар алқасының алдынан өз нөмірлерін алу сұралады.

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

№8

 

І-Жүргізуші:

І—бөлім «мен қазақтың қызымын»

Намысын бермеу үщін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған

Көңілді қалған сыз бар өткен күннен

Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан»

Ақ боз үйді үлпілдеткен

Боз даланы бүлкілдеткен

Қуанышты күлкі көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен,

Наурызым!

 

Ендігі кезекте аруларымыз өздерін таныстырады.

(Сайыскер өзінің кім екенін, ата+-ана, нағашылары, жеті атасы т/б таныстырады)

(Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).

 

ІІ-Жүргізуші:

ІІ бөлім «Ұлттық дәстүр бойынша сұрақ»

Аңсап жүрсек осы күнді

Ашып таста есігіңді

Ән тербетсін бесігіңді

Ұмытпаймыз  есіміңді

Наурызым!

Әр сайыскерлерге карточка беріледі. Сұраққа сайыскерлердің жауабы тыңдалады.

  1. «Бастаңғы» дегеніміз не?

2.Үш қасиетті ата

3.Сыныптағы қыздар екіге бөлініп, ренжісіп қалдыңдар. Сен сынып ұйымдастырушысың. Қыздардың бірігіп, татуласуына қандай іс әрекет жасар едің?

 

  1. «Жасау» дегеніміз не?
  2. Үш асылды ата?

3.Сенің жалғыз өзіңді сынып қыздары бөліп тастады. Не себепті бөлгенін білмейсің. Қыздармен қалай татуласар едің?

 

  1. «Алтыбақан » дегеніміз не?
  2. Төрт мұратты ата?
  3. Досың сабаққа жаңа, әдемі қымбат кофта киіп келді. Сен оған қатты қызықтың. Ондай кофтаны алып беруге ата-анаңның жағдайы келмейді . Сен не істер едің?

 

  1. «Шарғы» дегеніміз не?
  2. Бес қатерді ата?

3.Сыныпқа жаңа оқушы келді. Ол сені досыңнан айырып, сенімен достасқысы келді. Сен бұған қандай әрекет жасар едің?

 

  1. «Бесікке салу» дегеніміз не?
  2. Алты парызды ата?
  3. Сен сыныпта озат оқушысың. Сынып жетекшің оқу үлгерімі төмен, сүйкімсіздеу ер баланы сенің қарсылығыңа қарамастан оқу-үлгерімінің жақсы болуына септігі тиер деп сенің қасыңа отырғызды . Сен не істер едің?

 

  1. «Тұсаукесер» » дегеніміз не?

2.Бес қаруды ата?

  1. Сыныбыңда бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз. Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әрекетіңіз қандай?

 

  1. «Айдар дегеніміз не?» дегеніміз не?
  2. Жеті кереметті ата?
  3. Өзіңіз оқитын сыныбыңызға үзіліс кезінде сөмкеңізді тастап кеттіңіз. Қайтып келгенде, сөмкеңізден қомақты ақша жоғалғанын аңғардыңыз. Қайтесіз?

 

  1. «Босаға майлау» дегеніміз не?
  2. Жеті қазынаны ата?
  3. Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың, соғалғанын байқамай алысып жатыр. Бір оқушының лақтырған бас киімі сіздің бетіңізге қатты тиіп кетті. Сіз не істейсіз?

(Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).

ІІ-жүргізуші:

ІІІ-бөлім «Қыз өнері»

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,

Би билеп, ән салып бер енді.

І-жүргізуші:

Мың бұралып билеген, аруды кім сүймеген…

Күміс көмей аруларға кімдер басын имеген.

«Өнерлі өрге жүзер деп халқым бекер айтпаған

Арулардың өнерлерін тамашалап көрейік.

Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.

«Бұл кезде арулар кезек-кезек өнерлерін ортаға салады. Шығыс биі,қазақ биі, өлең оқу, ән айту.)

(Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).

 

ІІ-жүргізуші:

Жарқыраттың шығыс күнін

Бар адамдар туыс бүгін

Тілеп елдің тыныштығын

Жүректерде жүр ұшқын

ІҮ-бөлім   «Мақал-мәтелдер сайысы»  (қыз,ана, бала туралы)

І.  Ананың сүті бал-    (баланың тілі бал)

ІІ. Астың дәмін тұз келтірер,- (Ауылдың сәнін қыз келтірер)

 

І. Әке отырып, ұл сөйлегеннен без,-       (ана отырып,қыз сөйлегеннен без)

ІІ. Гүл өссе жердің көркі ,- (қыз өссе елдің көркі)

 

І. Ана тілегі балада,- (бала тілегі далада)

ІІ. Ас таңдасаң аяғына қара,-(қыз таңдасаң анасына қара)

 

І. Аналы баланың өзі тоқ,-  (анасыз баланың көзі тоқ)

ІІ. Ұлға отыз үйден тыйым,-(қызға қырық үйден тыйым)

І. Атың ауыр жүк артпа,- (анаңа ауыр сөз айтпа)

ІІ. Жақсы қыз жағадағы құндыз,-( жақсы жігіт төбедегі жұлдыз)

І. Анасын сыйламағанды адал деме,-(ұстазын сыйламағанды адам деме)

ІІ. Ақылды қызға ана көп,- (аяулы жанға пана көп)

І. Баланың жақсысы сүйініш,- (жаманы күйініш)

ІІ.Жақсы қыз біреу келсе есік ашар,-(жаман қыз біреу келсе төрге қашар)

І. Бала балдан тәтті,- (немере жаннан тәтті)

ІІ. Қалыңсыз қыз болса да,-(кәдесіз қыз болмайды)

 

(Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).

 

 

І-Жүргізуші:

Ү- бөлім «Қыз еркем кестесімен көркем»

 

дегендей аруларымыздың үйден дайындап келген кестесінің жасалу жолдарын айту.

(Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).

 

ҮІ бөлім

«Сұлулық сыры»    (сән үлгілерін көрсету)

Бұл кезде арулар кезек-кезек сән үлгілерін ортаға салады.

(Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).

ІІ-Жүргізуші:

Жүзден жүйрік күнімен,

Мыңнан тұлпар шықты шын.

Арулардың ішінен

Шыққан ару мықтысың

Құттықтаймыз ал енді

Ару болған аруды,

Өрге жүзіп өнері.

Тауға өрлесін талабы

Қуанышпен жанары деп-Әдіәлқазылар алқасына  сөз кезегін береміз.

Біз өздеріңіз көргендей әрбір турдағы ұпай санын есептеп келе І-орынды «Жаңашаруа аруы-2012» атағын жеңіп алған   _______сынып оқушысы_________________________

ІІ орынды_______  ұпаймен            _______сынып оқушысы_________________________

ІІІ орынды_______  ұпаймен           _______сынып оқушысы_________________________

«Шебер ару» атағына ие болған   _______сынып оқушысы_________________________

«Инабатты ару» атағына ие болған  ___сынып оқушысы_________________________

«Зерделі ару» атағына ие болған  _______сынып оқушысы_________________________

«Парасатты ару» атағына ие болған  __сынып оқушысы_________________________

«Ибалы  ару» атағына ие болған  _______сынып оқушысы_________________________

 

Әр сынып өз сайыскерлеріне демеушілік жасайды.

Оқушылар, ұстаздар  Өздерің тамашалып көріп, куә болған «Жаңашаруа аруы-2012» байқауы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.«Бастаңғы» дегеніміз не?

2.Үш қасиетті ата

3.Сыныптағы қыздар екіге бөлініп, ренжісіп қалдыңдар. Сен сынып ұйымдастырушысың. Қыздардың бірігіп, татуласуына қандай іс әрекет жасар едің?

 

1.«Жасау» дегеніміз не?

  1. Үш асылды ата?

3.Сенің жалғыз өзіңді сынып қыздары бөліп тастады. Не себепті бөлгенін білмейсің. Қыздармен қалай татуласар едің?

 

1.«Алтыбақан » дегеніміз не?

  1. Төрт мұратты ата?
  2. Досың сабаққа жаңа, әдемі қымбат кофта киіп келді. Сен оған қатты қызықтың. Ондай кофтаны алып беруге ата-анаңның жағдайы келмейді . Сен не істер едің?

 

  1. «Шарғы» дегеніміз не?
  2. Бес қатерді ата?

3.Сыныпқа жаңа оқушы келді. Ол сені досыңнан айырып, сенімен достасқысы келді. Сен бұған қандай әрекет жасар едің?

 

  1. «Бесікке салу» дегеніміз не?
  2. Алты парызды ата?
  3. Сен сыныпта озат оқушысың. Сынып жетекшің оқу үлгерімі төмен, сүйкімсіздеу ер баланы сенің қарсылығыңа қарамастан оқу-үлгерімінің жақсы болуына септігі тиер деп сенің қасыңа отырғызды . Сен не істер едің?

 

  1. «Тұсаукесер» » дегеніміз не?

2.Бес қаруды ата?

  1. Сыныбыңда бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз. Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әрекетіңіз қандай?

 

  1. «Айдар дегеніміз не?» дегеніміз не?
  2. Жеті кереметті ата?
  3. Өзіңіз оқитын сыныбыңызға үзіліс кезінде сөмкеңізді тастап кеттіңіз. Қайтып келгенде, сөмкеңізден қомақты ақша жоғалғанын аңғардыңыз. Қайтесіз?

 

  1. «Босаға майлау» дегеніміз не?
  2. Жеті қазынаны ата?
  3. Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың, соғалғанын байқамай алысып жатыр. Бір оқушының лақтырған бас киімі сіздің бетіңізге қатты тиіп кетті. Сіз не істейсіз?