«Туған өлкем-неткен көркем» Шығармашылық іздендіру тәрбие сағаты.

790

 

 

Тақырыбы:  «Туған өлкем-неткен көркем» Шығармашылық іздендіру тәрбие сағаты.

Мақсаты: Оқушыларды туған өлкесінің тарихын, мәдени мұраларын, тарихи құжаттарын зерттеуге баулу.Өзіндік әрекет дағдыларын жетілдіріп және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдісі: Шығармашылық, топтық жұмыстар, талдау, жинақтау, салыстыру, эссе, мүсіндеу, бейнелеу, монтажды концерт, жеке жұмыс, ән айту, қорғау, қортындылау.

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың өз бетінше ойлауға,есте сақтау қабілетінің жетілуіне, дүниеге рухани және эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға, өз бетімен ізденіп, білімін көтеруге бағытталған.

Көрнекілік: Шармен безендірілген, телебейне «Қызыларай таулары», «Бегазы қорымы», «Сарқырамалар», әр топтың шығармашылық жұмыстары, суреттер, буклет,Қазақстан тарихи оқулығы 6-сынып, фильм концерт «Дала әуендері», құралдар. Туған ауылы, Ақтоғай өңірінде дүниеге келген тарихи тұлғалар, өнер жұлдыздары туралы деректер, қанатты сөздер.

 

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Топқа бөлу. Таңбалар арқылы.
  2. Топ жетекшілерін сайлау.
  3. Кіріспе сөз: Н.Ә.Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы

ІІ. Ізденуші топ төртке бөлінеді.

1-топ «Тарихи тұлғалар»

А) Ақтоғайдың мақтанышы Жалаңтөс батыр

Б) Қазақ халқының жеке мемлекет болуына үлес қосқан «Үш Арыс»

В) Ұлы Отан соғысы батырларының бейнесі: Нүркен, Қазбек.

Г) Батырлық, ерлік шығармашылық жұмыс: «Өмірде ерлікке әрқашан орын бар» монументі (мүсіндеу композициясы)

2-топ «Халық мұрасы»

А) Қараменде би-арқа ардақтысы:

Б) Белгілі би –Сана би

В) Ақын, әрі шешен Жидебай

Г) Ірі қазақ ақыны-Нарманбет

Д) «Ақтоғай әділ сөзді билер мен ақындар мекені» Эссе жазу.

3-топ «Сөнбес жұлдыздар»

А) Қазақ бұлбұлы-Күләш

Б) Ақын-сазгер-Әсет

В) Асқақ үнді-Манарбек

Г) Шертпе күй шеберлері-Аққыз,Мағауия.

Д) Фильм-концерт «Дала әуендері»

Е) Монтажды концерт «Өнер-өмір жалғасы».

ІІІ. Қорғау «Туған өлкем-неткен көркем»

ІV. Балауса өлең бақ сынап «Ауылым-алтын бесігім» Оқушылар   шығармашылығы

  1. Қорытынды ән «Ақтоғай-алтын бесігім»

     Кіріспе: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы   Назарбаев қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасына өз үлесімізді қосу үшін жұмысымызды шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып «Туған өлкем-неткен көркем» тақырыбында, туған өлке асыл қазыналарын, тарихи-әлеуметтік маңызы бар ескерткіш мұраларды жинақтап жүйелеуіміз  керек.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын жалғасытыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы, қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет екендігі атап көрсетілген.Осыған орай,ата-бабамыздың салып кеткен жолын, туған өлкеміздің тарихын білумен жалғастыруымыз қажет.Халқымыздың адамгершілік ұғымдары үлкен қазына десек, оның негізі-тіл, тарихы, әдет-ғұрып, салт –дәстүрінде жатыр. Оны үйренуге, зерттеуге деген қызығушылықты ояту үшін шығармашылық  іздестіру, білімділік, талап, талпыныс керек.

Осындай мақсатпен ізденіс жасайтын сынып оқушыларының жұмыс нәтижесін қазіргі тәрбие сағатында көре аласыздар.

Жүргізуші:    Туған жер,

Сағындым ғой, қайран далам,

Ұлың ба сен туралы ойланбаған.

Көзіме оттай ыстық басылады,

Қыратың ат ойнатып, сайрандаған.,- деп ақын жырлағандай, «Туған өлкем-неткен көркем» атты 8-сынып оқушыларының шығармашылық тәрбие сағатын бастаймыз.

Шығармашылық жұмыстардың мақсаты: «Өз әрекетін ұйымдастыра алу қабілетін дамыту».

Ұранымыз: Адамның еркі мен еңбегі

Тудырар небір кереметтерді

Шығармашылық топ жетекшілері:    1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

Ізденуші топтар:

  1. Тарихи тұлғалар.
  2. Халық мұрасы.
  3. Шешеннің тілі.
  4. Сөнбес жұлдыздар.

Осы ізденуші топтардың сан ғасырлар меңдеп жатса да, ұрпақтан-ұрпаққа тамыр тартып, олардың әрқайсысымен бірге өмір сүретін- олардың туған жері. Ол-асыл мұра, баға жетпес қазына. Өйткені жер тарихы-ел тарихы, адам тарихы, ұрпақ шежіресі.Бұның бәрін жіпке тізгендей етіп,бүгінгі ұрпаққа жеткізу қиын болғанымен, қажет жұмыс.Оның көпшілігі тоқтаусыз жүйіткіген уақыт алып,ұмыттырса, небір сыр-шаңның астында қалса, сындарлы оқиғалар халықтың жадында жатталады.Уақыт ағысы шайса да тоздыра алмайтын тарихи шежірелер бар.Солар ғана уақыт қаһарына төтеп беріп, сансыз ұрпақтар санасында өмір сүреді.Сан ғасырларды жастанып жатқан Ақтоғай өңірінің бүгінгі ұрпаққа жетіп отырған жері мен елінің тарихын білу де, мына бөлімдер бойынша:

І. Атамекен ———————————1-топ

ІІ.Шахар————————————2-топ

ІІІ. Шежіре———————————3-топ

  1. IV. Менің Қазақстаным——————4-топ

 

Өздерінің шығармашылық жұмыстарын бастайды.

 

Түсініктеме.

І.Тарихи тұлғалар. Еліміздің елдігін сақтаған, жерін жауынан қорғаған Ақтоғайдың мақтанышы Жалаңтөс батыр,Алашорданың бастаушылары қазақ халқының жеке мемлекет болуына үлес қосқан елімізден шыққан Үш арыс, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Қазбек, Нүркеннің өшпес даңқтары батырлық, ержүректігінің ізін басар жас талапкер ұл-қыздарымыз деректер арқылы материалдарды жинақтап шығармашылық жұмыс батырлық, ерлік тақырыбында «Өмірде ерлікке әрқашан орын бар» монументін мүсіндеу арқылы жасау.

     ІІ. Халық мұрасы. «Қызыларай таулары», «Сарқырамалар», «Бегазы қорымы» телебейнелер арқылы, Қазақстан тарихы 6-сынып оқулығындағы тарихи орындардың бірі қола дәуіріндегі «Қазақстанның байырғы ғимараттары» атты жинаққа енген шамамен V-VII ғасырдағы Бегазы-Дәндібай мәдениет орталығының ерекшелігі, тарихынан мағлұматтармен танысу арқылы, тарихи ескерткіш мұра екендігін дәлелдейтін «Табиғаты арайлы-туған өлкем» тақырыбына экологиялық қорғау жұмысы табиғатты бейнелеу арқылы жеткізу.

 

    ІІІ. Шешеннің тілі.Аузы дуалы,шоқтығы биік әрі шешен, әрі шежіре төрелік айта білетін зор қасиеттіліктері бойына дарыған, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыздың алтын қазынасы шешендік өнердің арқа атақтысы Қараменде би, Сана би, ақын Жидебай би, Нарманбет ақындарымыз ақиқаттың ақ-қарасын салыстыра, кем-кетігін сынап өткен тарихи адамдар туралы деректер жинақтарымен таныса отырып, шығармашылық жұмыс «Ақтоғай әділ сөзді билер мен ақындар мекені» тақырыбына эссе жасау.

  1. Сөнбес жұлдыздар.Ақтоғай өңірі әрі әнмен жердің қыдыры дарыған өнер жұлдыздарының тұсауын кесіп, қанат бітірген аймақ. Мысалы қазақ бұлбұлы- Күләш, ақын-сазгер Әсет, асқақ үнді Манарбек, шертпе күй шеберлері Аққыз, Мағауия сияқты өнер тарландары.Халқы ежелден сауыққа бейім, ән-күйге еліктеген мідениеті жоғары, еңбектеген баласынан, еңкейген қартына дейін, өнерге көкірегі ашық екендігін «Өнер-өмір жалғасы» атты монтажды концерт дайындап көрсету.

 

Шығармашылық жұмысқа дайындық. М.Хамзин күйлері ойнап тұрады.

Қорғау.

    Жүргізуші:         Туған жер мен өзіңмен өзектестім

Қиналғанда дем беріп көмектестің

Табанымда туған жер табы қалып

Топырағыңнан нәр алып өзіңде өстім, -дей отырып ендігі сөзді шығармашылық іздендіру топтарына береміз.

Жүргізуші: Балауса өлең бақ сынап, орталарыңызда сиясы кеппеген, жүректен шыққан ән шумағының тұсауы кесілмек.Назар қойып тыңдаңыздар.

Ақтоғай: К.Байсейтова

Сарытерек: Ж.Кеңесбаев

Жамшы: Н.Әбдіров

Түсініктеме:Өлең шумақтары  «Балауса» шығармашылық  орталығының  «Ұшқын» газетіне  жарияланады

  Жүргізуші:           Туған жердің болашағы біз жастармыз,

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз,

Қасиетті, киелі туған жерім

Келешекте үмітіңді біз ақтармыз,-деп шығармашылық іздендіру жұмысы тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Белсене қатысқандарыңызға рахмет!

Жүргізуші:      Туған жер алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Мәңгі де, бақи есімде-, деп ақын жырлағандай, туған өлкеміз Ақтоғайға арналған, сөзі Абзал Бөкеновтікі, әні жергілікті композитор Дәртай Сәдуақасовтың «Ақтоғай-алтын бесігім» атты әнді қорытынды ретінде орындайық.