Студенттер күні мерекесіне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты іс-шараның бағдарламасы.

Студенттер күні мерекесіне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты   іс-шараның бағдарламасы.

Мақсаты : Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

Колледж студенттерінің девизі: «Әрқашан алға ұмтылған, белсенді, елінің патриоты болу!»

Көрнекілігі : «Студенттік өмірдің қызықты кезеңдері» атты фото-презентация.
 

1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі 17-қараша «Студенттер күні» мерекесі құтты болсын! 17- қараша  студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты әдеби музыкалық кешке қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Міне болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақтың дара да дана тұлғасы Абай: «Адамның адамшылығы… жақсы ұрпақтан болады» деген. Олай болса болашақ әр саланың маманы болатын студенттерімізге тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиесін тыңғылықты ету колледж ұстаздарының абыройлы да басты мақсаты болып табылмақ.
1 жүргізуші: Мұғалім болашақты тәрбиелеуші. Ал болашақ дегеніміздің өзі өткен тарихты қорыту емес пе? Ең бірінші ұстаз – біздің өткен тарихымыз. Жаңа ұрпақты тәрбиелеу үшін бұрынғының бар жақсысын жиып, бүгінгімен қабыстырған жөн секілді.                                                                                                                              2 жүргізуші: Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар.

1 жүргізуші: Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.
2 жүргізуші:  Бүгінгі кешімізідің мақсаты: студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
1 жүргізуші: Сіздердің жақсы көңіл күйде болып, демалып қайтуларыңызға біздер зор сенімдеміз.

2-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, кешіміздің қонақтары!

2-жүргізуші:  І- ші курста аузын ашып,қоңырауда сабақтан қашып,лекцияда секіріп,сынақтарда жүгіріп,емтиханда жылап, каникулда қыдырып,апайларға өтірік күліп,колледждің ауасын жұтып,степендиядан лоторея ұтып,жүрген студенттерге жалынды сәлем!

1 жүргізуші: Бүгінгі біздің кешіміз қызықты да, көңілді студенттер күніне арналады!
2-жүргізуші: — Иә, шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
1 жүргізуші: Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!                                            Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.

Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”

 

 

 

 

2-жүргізуші –                                                                                                                                                                         Студенттер, сарылып ой қуғандар,

Қарынды қанағатқа тойдырғандар.
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.

Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.

 

1 жүргізуші:

Сүрінгендер, кей жерде құлағандар,
Қайтадан тапсырам деп жылағандар.
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.

Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер,
Студенттер,
Бақыттылар!!!

Алғашқы құттықтау сөзді директордың оқу-өндірістік орынбасары Бақытжан Мәлікмағзарұлына береміз.

2-жүргізуші – Ендеше біз бүгінгі кешіміздің көңілді шымылдығын ашуға Облыстық деңгейдегі сайыстар- ға қатысып, колледж намысын қорғап жүрген, бірнеше мәрте Жайдарман сайыстарының жүлдегері  «Колледж құрамасының»  мүшесі ІІІ курс студенті, Амангелдиев Мерейді «Бол жанымда» әнімен ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші:
— Біздің өткізіліп отырған қызықты кешіміз ол әрине студенттер жайлы. Яғни «Қызықты көңіл,студенттік өмір!» Шынымен де студенттік өмір қызықсыз болмайды,қызығымен шыжығы мол болады!
2-жүргізуші : Ендеше колледждің  «Жайдарман  құрамасын»  көңілді әзілдерімен ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші: Біздер студент атанып,жаңа ортаға келгелі жаңа достар таптық. «Солдат әскерде өмірді көреді, студент жастықты көреді» демекші, олардың арасында жастық шақтың қызығын бөлісіп жүрген құпия достар да баршылық.

2-жүргізуші:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл,
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.

1-жүргізуші:
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық-ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.

2-жүргізуші:
О, жастық-ай, мойымас тау-тасыңа,
Омыртқаңды үзеді ол,
Дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы,
Ортақ оның малтасы, қалтасы да…
 

 

 

 

 

1-жүргізуші:                                                                                                                                                                                                   Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Екі жыл, он ай  масайрап ойнағандар.
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.
2-жүргізуші:

Лайланып кетсе де дағы тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап
Қалың томнан,
Бас алмайды енді олар күні бойы.

1-жүргізуші:Біздің колледждегі түрлі мамандықты игеріп, белгілі бір маман иесі атанып, болашақта өз ойын, арманын іске асыру мұндағы  әрбір студенттің  алдына қойған мақсаты.

2-жүргізуші: Сол мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз жақсы білім мен тәрбие алып, болашақта еліміздің игілігіне жарап, ата-анамыздың үмітін ақтасақ, міне, сол басты мақсаттар болмақ.

1-жүргізуші:Олай болса, ауданымыздағы колледж студенті атанып жүрген әрбір оқушының өзіндік «стимулы» ретінде студенттік билет табыстау рәсімін бастайық.

2-жүргізуші: Студенттік билет табыстау рәсімін жасау үшін тәрбие ісінің орынбасары Есендосова Гүлжан Мағзомқызына сөз береміз.

1-жүргізуші:

Сазды сәлем. Алдарыңызда «Жүрегіме бағынбаймын» әнімен ІІ курс студенті Исатаева Жанаргүлді шақырамыз. Айтулы студенттер мерекесінің тарихын біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз артық болмас. Олай болса, Гүлназ студенттер мерекесінің тарихымен достарымызды таныстыра кеткеніміз жөн болар.

2-жүргізуші:
Иә. 1946 жылы 17 –қарашада Дүниежүзілік студенттер конгресі өтті. Прага қаласында ұйымдастырылған шара патриот студенттерге арналған еді. Чехтардан бастау алған айтулы күн ойын-тойсыз, көңілді кешсіз өтпейтін. Бірақ кейін тарихы қанды оқиғамен байланысты болып кетті. 1939 жылы 28-қазанда Чехословакияны фашисттер басып алған болатын. Сол кезде Чехословакия мемлекетіндегі білім күнінің бір мерекесін атап өтпекке прагалық студенттер мен олардың оқытушылары шеруге шығады. Басқыншылар шеруді таратады, сөйтіп атыс басталып кетеді.                                                                                                                                                                             1-жүргізуші: Медицина факультетінің студенті патриот Ян Оплетал  сол көтерілісте қаза тапқан болатын.             Ян Оплеталдың қазасынан кейін 15-қарашада студенттер қайта көтеріледі. Сол кезде ондаған шерушілер тұтқынға түседі. 17-қарашада гестапошылар мен эсэсшылар таңертең жатахананы қоршап алады. 1200-ден астам студентті тұтқындап, Заксенхаузен концлагеріне қамайды. Студенттер қозғалысының белсенділері мен тоғыз студентті Рузина ауданындағы түрмеде дарға асады. Гитлердің бұйрығымен чехиялық жоғары оқу орындары соғыс біткенше жабылады.Осылайша Чехия мемлекетінде сол кезде қайғалы жағдай орын алды.

2-жүргізуші: Міне, достар,студенттік мерекенің осындай  өзіндік себептермен арты қайғылы оқиғаға ұласып, ұмытылмай, Чехия елінің патриот студенттерінің арқасында кейіннен «Студенттер күні» атаулы  мереке болып тойлануы тарихта үлкен із қалдырған екен.

1-жүргізуші: Сазды салем. «Мерекем» әнімен Жұмағалиев Нұржанды қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: 
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой.

1-жүргізуші:
Кешіміздің ендігі кезегін ортамыздың шырайын келтіріп отырған аяулы да құрметті ұстаздарымызға және бүгінгі кешке келген қонақтарымызға  арнағымыз келіп тұр.

 

 

2-жүргізуші: 

— Ұстаздар, сіздерде біздей болдыңыздар, ендеше сіздерді сол студенттік кездерге саяхаттауға шақырамыз! ( Ұстаздар ортаға шақырылады)
Алдын ала дайындалған конверттерді алады. (Ойын шарты түсіндіріліп кетеді)

Ситуациялық жағдайлар.
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз? (                                         )

№2 тапсырма.
Жатақхана. Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз. 3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз? (                              )

№3 тапсырма.
Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз. Куратор ағайың орыс. Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз? (                                        )

1-жүргізуші:
— Ойынға қатысқан барлық ойыншыларға рахмет.
2-жүргізуші: Сазды салем.
1-жүргізуші: «Студент  болу – жас адамға бақытты  болу  деген  сөзбен  тең» — деп  Тұманбай Молдаға-лиев айтқандай , бүгінгі  мерекелерініз  құтты  болсын , жас  даурен  жас  достар !

2-жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты «студенттер» бақыттылар!

2-жүргізуші: Бүгінгі өткен 17-қараша студенттер күніне арналған  «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты кешіміз өз мәресіне жетті деп ойлаймын.                                                                                                                           1-жүргізуші: Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер!                                                                                                                                             2-жүргізуші: Осы кеште ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кешімізге келген қонақтарға көп-көп рахмет!

1-жүргізуші:
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау саламат болыңыздар!

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш студенттерге арналған би кешімен жалғасын табады.