«Заң бәрімізге ортақ». (10-11 сыныптар арасындағы интеллектуалдық шоу)

115

                                            «Заң бәрімізге ортақ» сайысы.

Сайыстың білімділік мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Сайыстың дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Сайыстың тәрбиелік мақсаты:

Конституция, т.б. құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сұрақ-жауап, иллюстрациялық тәсіл, шешендік сайыс.

Адам. Қоғам. Құқық. Тарих. Әдебиет.

Көрнекіліктері: Қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді басылымдар, кітаптар, буклет, заңдар жинағы.

  1. Ұйымдастыру – екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.

Сайыс барысы: Кіріспе сөзді мұғалім бастайды.

Топтар мен таныстыру.

І топ. 10 – сыныбы «Тұлпар» тобы.

ІІ топ. 11 – сыныбы «Қыран» тобы

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Сайыс жоспары:

1-кезең: Әрбір топ басшысы – топ аты, топ ұраны және топ эмблемасымен таныстырып өтеді.

2-кезең: Ойлан, тап!                                                                                                                                         3-кезең: Құпия ұяшықтар                                                                                                                                                                                                                                                                           4-кезең: Мақал-сөздің мәйегі.                                                                                                                               5-кезең: Кім, жылдам?                                                                                                                                                  6-кезең: «Өз құқығыңды біл кезеңі».

Ойын шарты: Топ басшылары келіп жеребе алып сайысқа түседі.

І — кезең. Сайысымыздың алғашқы бөлімі – әр топ, топ атын, топ ұраны және топ эмблемасымен таныстырып өтеді.

Жоғарғы ұпай – 10 ұпай.

                                          ІІ.Ойлан, тап!

Оқушыларға тақтада берілген сандарды таңдау ұсынылады. Әр санда әріп жасырылған. Сол берілген әріптен басталатын сөздер мен сұрақтарға жауап беру қажет.

 

Берілетін сандар:

1-Б;  2-С;  3-Д;  4-Т;  5-М;  6-К.

«Б» жауапты сұрақтар:

  1. Адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы? (Бақыт).
  2. Өмір жайлаған жер қыртысы? (Биосфера).
  3. Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас? (Бәсеке).
  4. Уақыт өткен сайын елдегі және дүниежүзіндегі даму үдерістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын қоғамдағы саяси белсенді адамдардың ұйымы? (Саяси партиялар).
  5. Парламенттің жоғарғы палатасы? (Сенат).

«Д» жауапты сұрақтар:

  1. Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі?(Диаспора).
  2. Жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығы? (Дарын).
  3. Халық билігі? (Демократия).
  4. Ресми жарияланған бағдарламалық мәлімдеме? (Декларация).
  5. Заңды елемей, мемлекетті күшпен басқару? (Диктатура).

«Т» жауапты сұрақтар:

  1. Белгілі бір әлеуметтік ортаның құндылықтарын тасушы индивид? (Тұлға).
  2. Адамдар қауымының рудан жоғары сатысы? (Тайпа).
  3. Ата-анасы және балалары бар отбасы? (Толық отбасы).
  4. Қазақ құқық жүйесіне өзгеріс еңгізген хан? (Тәуке хан).
  5. Демократияға қарама-қарсы саяси жүйе? (Тоталитаризм).

«М» жауапты сұрақтар:

  1. Тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі? (Мотив).
  2. Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт? (Мемлекет).
  3. Айналадағы нағыздықты жаңартуға бағытталған адамның шығармашылық еңбегінің нәтижесі? (Мәдениет).
  4. Билік мұраға қалдырылатын мемлекеттік басқару формасы? (Монархия).
  5. Бір әйел мен бір ер адамның некелік одағы? (Моногамды отбасы).

«К» жауапты сұрақтар:

  1. Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен құралдардың жиынтығы? (Капитал).
  2. Ата-анасымен балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы? (Кеңейтілген отбасы).
  3. Тәуелсіздіктерін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттер одағы? (Конфедерация).
  4. Аумағы жағынан әлемде екінші орынды иеленетін мемлекет? (Канада)
  5. Заңдардың ішіндегі ең негізгісі? (Конституция).

ІІІ. Құпия ұяшықтар.

Мұндағы ұяшықтардағы жасырын сұрақтарға жауап беру.Әр топқа 6 сұрақтан берілген.. (10,20,30, 40).

Қазақстан тарихы
10
30
10
30
40
20
40
20
Құқық

 

 

 

                                            

Адам және қоғам
20
40
30
10

 

 

 

 

                                                   Қазақстан тарихы.

10-ұяшық: «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағы қай жылы қабылданды?  XV  ғасырдың  соңы, XVI ғасырдың басы 1511-1518жж.

20-ұяшық: Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай жылдары қабылданды?

30-ұяшық: «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағы қай жылы қабылданды? 1598-1628 жж.

40-ұяшық: Қазақ халқындағы даулы мәселелерге не жатады? Жер, құн, мал, жесір.

                                                          Құқық.

10-ұяшық: Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерін қалай атайды? (әлеуметтік нормалар).

20-ұяшық: Халық ұғымына сипаттама бер (белгілі бір географиялық ортадатұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы).

30-ұяшық: Құқық дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі).

40-ұяшық: Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында адам құқықтарын сипатына қарай қандай үш топқа бөледі? (адамның табиғи және тумысынан жазылған құқықтары, азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар).

 

 

Адам және қоғам.

10-ұяшық: Адам дегеніміз кім? (жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі).

20-ұяшық: «Қоғам» сөзінің анықтамасы? (материалдық  дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады).

30-ұяшық: Әлеуметтік топтасулар арасындағынемесе адамдар арасындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар қалай аталады? (Қоғамдық қатынастар).

40-ұяшық: Адам мәселесімен айналысатын ғылым салалары? (антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия, физиология, психология).

 

 

 

 

ІV. Мақал – сөздің мәйегі.

Бұл кезеңде топтарға сөздер беріледі. Сөздерді мақал арқылы жеткізу керек. Әр мақалға 5-ұпайдан беріледі.

Тұлпар тобына:    куә, ар, заң, ұры.

Қыран тобына:     жала, дау, әділ, айғақ.

Мақалдар:

  1. «Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі куә табар».
  2. «Ар алтынмен өлшенбейді. Жігіттің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы».
  3. «Заңның құрығы бәрінен ұзын».
  4. «Ұрының арты қуыс. Ұрлық түбі – қорлық».
  5. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсін, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің».
  6. «Би екеу болса, дау-төртеу. Дау мұраты-біту».
  7. «Әділ істің – арты игі».
  8. «Тақыр жерге су төксең, тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң, айғақ болар».
  9. Кім, жылдам?

Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты он сұрақ қойылады. Сұрақтар тест түрінде беріледі. Әрбір дұрыс жауап-1 ұпаймен есептеледі.

І топ сұрақтары:

  1. Конституция сөзінің аудармасы қалай?

А) «constitutio» — құрылым, өкілім;+

Б) құрылым, өкілім;

В) құрылым;

  1. Қазақстан Республикасы құрылымы жағынан қандай мемлекет?

А) Егеменді

Б)Унитарлы +

В)Аграрлы

  1. Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында Конституция қанша рет қабылданды?

А) 2 рет. 1995ж, 1998 ж;

Б) 1 рет, 1993 ж.

В) 2 рет, 1993 ж, 1995 ж. +

  1. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы?

А) 16 – 18 жас;

Б) 16 – 14 жас; +

В) 15 – 18 жас;

  1. Қазақстан Республикасында ресми түрде қолданылатын тіл?

А) қазақ тілі;

Б) орыс тілі; +

В) ағылшын тілі;

  1. ҚР Конституциясына қай жылы, қай айда өзгертулер еңгізілді?

А)1995 ж 30 тамыз;

Б) 2005ж 20 мамыр;

В)2007ж 21 мамыр; +

  1. ҚР-ның «Мемлекеттік рәміздері туралы» заң қай жылы қабылданды?

А) 1991ж 16 желтоқсан

Б) 1992ж 4 маусым +

В) 1997 ж 10 желтоқсан

  1. «Сындарлы он жыл» кітабының авторы кім?

А) М.Шаханов

Б) Н.Назарбаев +

В) Ә.Кекілбаев

  1. 22 қыркүйекте ҚР-да қандай мереке тойланды?

А)Республика күні

Б) ҚР халықтарының тілдер күні +

В) нашақорлыққа қарсы күрес күні;

  1. Ата заң не үшін қызмет етеді?

А) әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға +

Б) дауыс беру құқығын сақтайды;

В) нашақорлыққа қарсы күрес күні;

ІІ топ сұрақтары:

  1. ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?

А) 9 бөлім 99 баптан

Б) 9 бөлім 98 баптан +

В) 9 бөлім 95 баптан

  1. Адам және адамзат туралы заңнама ҚР-сы Конституциясының нешінші бөлімін қамтиды?

А) ІІ бөлім +

Б) І бөлім

В) ІІІ бөлім

  1. ҚР-ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы?

А)Парламент +

Б)Президент

В)Конституциялық кеңес

  1. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?

А)Парламент тексергеннен кейін

Б) Президент қол қойғанннан кейін +

В) Үкімет қол қойғаннан кейін

  1. ҚР Егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты аса маңызды құжаттарды атап көрсетіңіз?

А) Егемендік туралы Декларация, тәуелсіздік туралы Конституциялық заң, Конституция; +

Б) Егемендік туралы Декларация

В)  Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң

  1. Адамның құқығы туралы жалпыға бірдей Декларация қашан қабылданды?

А) 1948 ж 10 желтоқсан +

Б) 1945 ж 8 желтоқсан

В) 1940 ж қараша

  1. Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады?

А) президентке

Б) жоғарғы сотқа

В) заңға +

  1. Қазақстан халықтарының ассамблеясы қашан құрылды?

А) 1995 ж. 1 наурыз

Б) 1995 ж. 10 ақпан +

В) 1994 ж. 1 наурыз

  1. Сенаттың неше депутатын президент тағайындайды?

А) 10

Б) 15

В) 7 +

  1. ҚР Президенттігіне кандидат қай тілді білуі керек?

А) мемлекеттік тілді +

Б) ағылшын тілін

В) орыс тілін

  1. «Өз құқығыңды біл кезеңі».

Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. ҚР төлқұжатты неше жасқа толғанда беріледі? 16 жас
  2. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (Бала туған кезінен басталады).
  3. ҚР-дағы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (10 тарау, 53 бап).
  4. Қай жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы балалар құқығы туралы конвенция қабылдады? (1989 жылы 20 қараша).
  5. ҚР-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж, 8 тамыз).
  6. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? (18)
  7. Әр адамның жеке басының куәландыратын құжат қандай? (Төл құжат)
  8. Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмір сүру құқығы).
  9. Бала құқықтары туралы конвенцияға қосылуға ниет білдірмей отырған қай елдер? (АҚШ пен Сомали)
  10. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап).

Қорытынды:  Әділ қазылар алқасы әр топтың бағасын беріп, марапаттайды.