Жұлдыздық сәт

35

Сабақтың тақырыбы: Жұлдыздық сәт

 Сабақтың мақсаттары:

Оқушылардың аспан сферасына деген қызушылығын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыра түсіп,оларды жауапкешілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа баулу

Сабақтың әдісі: Ойын

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық дайындық, көңіл – күйіне назар аудару, зейінін сабаққа аудару

Енді оқушылар екі топқа бөлініп бүгінгі біздің кешіміз жеті турдан тұрады

  1. Таныстыру
  2. Сұрақтар
  3. Тест
  4. Қатесін тап
  5. Сөзжұмбақ
  6. Жұмбақ
  7. Капитандар сайысы

 

  1. Таныстыру

Әр команда өзін таныстырады 1 топ Зодиак , 2 топ Зинет командасы

  1. Сұрақтар
  2. Шоқжұлдыз дегеніміз не?
  3. Аспан сферасы дегеніміз не?
  4. Бұрыштық қашықтық дегеніміз не?
  5. Дүние полюстері дегеніміз не?
  6. Еңістік дегеніміз не?
  7. Талтүстік сызық дегеніміз не?
  8. Аспан экваторының жазықтығы дегеніміз не?

 

  1. Тест
  2. Жетіқарақшының астрономиялық атауы қалай?

А) Үлкен Аю                 В) Орион                   С) Арыстан

  1. Тура көтерілуінің белгіленуін көрсет

А)α                              В)δ                               С)h

  1. Еңістіктің белгіленуін көрсет

А)α                              В)δ                               С)А

  1. Аспанның нақты шекарасы анықталған бір бөлігі не деп аталады?

А)   Шоқжұлдыз                            В) Жетіқарақшы                     С) Жұлдыз

  1. Аспанда неше шоқжұлдыз белгіленген?

А) 90                             В) 89                             С) 88

  1. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш не деп аталады?

А) Еңістік                   В) Азимут                          С) Жұлдыз

  1. Дүние полюстеріне және шырақ арқылы өтетін үлкен дөңгелек не деп аталады?

А)  Тәуліктік параллель        В)шырақтың еңістік дөңгелегі     С) Аспан экваторы

8.Экваторлық жүйеде қолданылатын екінші координата географиялық бойлыққа ұқсас не деп  аталады?

А) Азимут                    В) Еңістік                        С) Тура көтерілу

  1. Математикалық көкжиек және аспан меридианы жазықтықтарының қиылысуында пайда болатын түзу не деп аталады?

А) Аспан меридианы               В) Талтүстік сызық      С) Эклиптика

  1. Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек не деп аталады?

А)  Тәуліктік параллель          В)   Дүние полюстері              С)   Эклиптика

Жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А А В А С В В С В С

 

  1. Қатесін тап

Задиак командасына

  1. Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шылғынмен  жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайып қалды.

Зинет командасына

  1. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді. Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп судан шығарып жіберді.
  2. Сөзжұмбақтар сайысы

Сұрақтары

  1. Құрамында көміртегі бар жылу шығару үшін жағылатын зат.
  2. Жылудың сұйық немесе газ ағыны  арқылы берілуі
  3. Атмосфералық қысымнан кем немесе артық қысымды өлшейтін құрал
  4. Қысымның өлшем бірлігі
  5. Дененің қаншалықты жұмыс істей алатын қабілетін сипаттайтын шама
  6. Жылуды сипаттайтын лобараториялық жұмыстарда қолданылатын құрал
  7. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
  8. Жылуды ұзақ уақыт сақтайтын тұрмыста қолданатын ыдыс.
  9. Қар, мақта, былғары т.б. ішінде болуы олардың жылу изоляциялық қасиетін жоғарлататын газ.
  10. Температураның өлшем бірлігі
  11. Жылуды ең нашар өткізетін орта , ауасыз бос кеңістік

Жауабы:

 

 

О Т Ы Н
К О Н В Е К Ц И Я
М А Н О М Е Т Р
П А С К А Л Ь
Э Н Е Р Г И Я
К А Л О Р И М Е Т Р
Б А Р О М Е Т Р
Т Е Р М О С
А У А
Г Р А Д У С
В А К У У М

 

  1. Жұмбақтар сайысы
  2. Түнеріп келіп,

 Бұлт егіп кетеді.  (Жаңбыр)

  1. Жүрісі бар, түрі жоқ,

Үні бар да, тілі жоқ.

Ұстатпайтын қашаған,

Жермен бірге жасаған.         (Жел)

  1. Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп.   (Күн)

  1. Үстінде шөлдің,

Шалқыған көлмін  (Сағым)

  1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (Күн)

 

  1. Капитандар сайысы
  2. Кемпірқосақ дегеніміз не? (Жарықтың жеті түске жектелці, жаңбыр призма рөлін атқарады)
  3. Аспан неге көк? (Себебі: Атмосфера күннен келетін жеті спектрдің көгін жақсырақ жұтады)

Қорытындылау

Қай команда жеңгенін айтып, мақтау қағазымен марапаттаймыз.