Ана тілім – ажарым, асыл мұрам

166

 

Ана тілім – ажарым, асыл  мұрам

Мақсаты: Оқушыларды өз халқын, туған жерін сүюге,

қастерлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп

оқуға,  машықтандырып жетілдіру.

Көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер.

                          Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар, білімді шәкірттер!

1-жүргізуші: Салтанат кешін бастайық!

2-жүргізуші: Қош келіпсіз бәріңіз!

1-оқушы: Келе жатқан мәңгіден дара салтым,

Мақтанышым, елдігім, парасатым.

Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім,

Өміріме өң беріп жарасатын.

2-оқушы: Тілден өткен інжуді іздемеген,

Көрмеген ел қаймығып түзде неден.

Бас кеспек болғанымен , тіл кеспек жоқ,

Тірлігімнен тілімді үзбе деген.

3-оқушы: Аман өтіп қиямет өткелдерден

Жығылмадым не дауыл , өткел желден.

Жаз бағындай жадырап шуағын төк,

Жарқын дәурен өмірлі көктемдерден.

4-оқушы: Аман жетті көне күн алыстардан,

Алыс қалған ғасырдан, ғарыштардан.

Баба санап сырласып, сүйем сені,

Бір өзіңмен  мың жылдар табысты арман.

1-жүргізуші: Деп ақындар жырлағандай  халқымыздың өшпес

асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар қасиетті тіл мен өнеріне арналған  «ана тілім ажарым, асыл мұрам» атты әдеби кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»

Заңы1989 жылы 22 қыркүйекте, Жоғары кеңестің сессиясында қабылданған болатын.

Бүгінде сол Заңымызға 20 жыл толып отыр.

1-жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат , бақ  ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

2-жүргізуші: Ана тілім- ана күтім, арым менің,

Сәулетім сая бағым, сәнім менің.

Аспаным өзіңменен арайланып,

Нұрланып атар ылғи таңым менің.

  • жүргізуші: Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Онсыз адам – мәңгүрт.
  • Жүргізуші: Ұлттық тіл- әр халықтың өзіндік ой санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім – түйсігін, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық – аты бар да заты жоқ тобыр.

1-жүргізуші:  Ана тілім- ұраным,

                        Ана тілім- құралым.

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

2-жүргізуші: Ана тілім- елдігім,

Ана тілім- ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

 

1-оқушы: Әлдилеп көзді ілдірген,

Марқайта мәз ғып күлдірген.

Үйретіп өмір сырларын,

Ананың тіллін бүлдірген.

Аяулы тілім, ардақтым,

Шырыным, шекер бал тәттім.

Қазақтың талай қыранын

Көтеріп көкте самғаттың.

 

2-оқушы: Тілі боп қазақ келгенсің,

Дей алмас ешкім сөнгенсің.

Жамиғат жұртың сау болса,

Әлі де талай ерлерсің.

Тура бір жолдан таймаған,

Шешендер өтті сайраған.

Жауына жарқ етіп бұл,

Қаймықпас тілді қайраған.

3-оқушы: Сөз айтам саған адам деп,

Қазаққа кеткен Абай кеп.

Алдырып басын жауына,

Тіл тартпай кетті Махамбет.

Үш зәулім қатар биігім,

Тартасың ойға иірім.

Төрт арыс тартты қазаққа,

Заманы берген күйігін.

 

4-оқушы: Жау беті қайтып Жамбылдан,

Ерліктің жолы жанғырған.

Аралап өтіп әлемді,

Әуезов тілі таң қылған.

Бабалар жолын таппасам,

Інжуін жырдың тақпасам.

Қазақтың дана тілінде,

Торайғыровша ақпасам.

 

5- оқушы: Толғанып ойлап жатпасам,

Ащы шындықтан татпасам.

Ұмтылған әрбір жарыққа,

Көбелекше күйііп, от басам.

Сақтадың қазақ елдігін,

Білінбей саған кемдігім.

Қараймын бүгін әлемге,

Мәртебем өсіп мен бүгін.

 

6- оқушы: Қазақ тілім құндыздайын құбылған,

Құлагерсің озып келіп жығылған.

Сайратам деп жүргенде сазымды,

Талайлардың аузына тас тығылған.

 

Өз тіліммен  айтамын деп мұңымды,

Өз тіліммен жұбатам деп  ұлымды.

Қырандардың қанаттары қиылып,

Тұрарлардың сақал- шашы жұлынды.

 

7-оқушы: Азаттықтың алғаш таңы атқанда,

Бесігінен белі шықпай жатқанда.

Қазағымның қамын жеген қаршыға,

Сәкендерім түсіп кетті қақпанға.

Толғанып тұр жерім, суым, тоғайым,

Тоғайымның бұлбұлы боп қонайын…

 

8-оқушы: Қазақ тілім қатқан талай қалтырап,

Қайта тудың  жан сарайың жарқырап.

Жеттің бізге жер тарпыған тұлпардай,

Алты қырдың әр жағынан арқырап.

Осы қарқын қарқын-ай,

Дейтіндер кім табаныңды жалтырат.

Біз кімдердің суын іштік сұранып,

Біз кімдердің нанын жедік тартып ап.

 

9- оқушы: Аруақты ддаусы болып естілдің,

Өз қолыммен көмгенімді көп білдім.

Аштықта да ала жіптен аттама

Егініне түскен жоқпыз ешкімнің.

Өз ұлыңмен, мен өгейдің емеспін,

Сүтін ішіп, рыздығын жеп өстім,

Біден кейін тірілетін жоқ ешкім.

 

10-оқушы: Сондықтан да ояналық бәріміз,

Ояналық жасымыз да, кәріміз.

Жанымызға жылдар салған жарадан,

Жазылуға сонда келер әліміз.

Қазақ тілі- жүректегі қанымыз,

Қазақ тілі- ауыздағы нәріміз!

Қиындасып жабылмаған есіктей,

Ұйымдасып болған жоқпыз әлі біз.

Қазақ тілі- қара орманы әр үйдің,

Қара уызға, ақ уызға жаримыз.

Ана тілі- анасының ақ сүті,

Емшек тілеп шырылдаған сәбидің.

 

11-оқушы: Жан беремін ақиқат, шындық үшін,

Тіл бере гөр алмастай жарқылдаған.

Туылғам жоқ өмірге құлдық үшін,

Жүрек бергін күрестен тартынбаған.

Жүрегіме жылу бер жалындаған,

Қазағымды арылтам қайғы –мұңнан

Ала көрме шабытты арындаған

Қалдырсаң да  бар бақыт-байлығыңнан.

 

12- оқушы: Ана тілі біздің туған анамыз!

Анамыздай сынап, бағып қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз?

Өзіміздің сондай болақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

«Анасынан  безген ұл » деп қараңыз.

13-оқушы: Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілін, ардақты

Ақ сүтіндей анамның

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең беруді.

 

14- оқушы: Ана тілім- дана тілім , айбарлым,

Сырың терең,  тұнығындай қайнардың.

Ана тілім- қасиеттім, қастерлім,

Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын.

Көңілімде күдіктер бар әр қилы,

Жан қарыған аязындай ақпанның.

Санамызға сан сұрақты туғызды,

Сенің шұбарланып бара жатқаның.

 

15-оқушы:Бір өзіңде сан ғасырдың жемісі,

Ана тілім- тірлігімнің айғағы.

Бұл тілімнің кеңейеді өрісі,

Тік тұрғанда Қазақстан байрағы.

Түркі тілдес тілдердің тәңірісің,

Ана тіл қазағымның тамырысың.

Гүлденерсің әлі де, түрленерсің,

Сенің мәңгі екеніңді бәрі білсін!

 

 

16- оқушы: Дұрыс сөйле , шала қазақ атанба,

Өз тіліңде кеткен сөйлеп атаң да.

Қадірлей біл тілің менен дініңді,

Саған берер, менің осы батам да.

Өзге ұлттан кем санама өзіңді,

Қай кезде де бол шыдамды, төзімді.

Жүрсең дағы қай қиырда, қай жерде,

Сақта есіңе, менің осы сөзімді.

Қадірлесең жерді мынау киелі,

Оның саған шарапаты тиеді.

Ел, жер Қабанбайдай қанаттан,

Сонда ғана халық сені сүйеді.

2-жүргізуші: «Білмеймін тілім барда мен қайғыны»

Атты көркем сөз оқу.

17- оқушы: Тілімнің биік самғар қанатымын,

Ана тіл сенерім де, нанатыным.

Жақ ашсам көмейімнен құйылатын,

Асылымын- ардақтаған ана тілім.

Сөйлесең қопамай ма сөзің таңды,

Байлайды терең ойға, сезем тілді.

Жүректен қазақпын деп сөйлемесең,

Аяққа жыққаның ғой өз ұлтыңды.

Шешендік қынабынан суырған тіл,

Апшысын қас дұшпанның қуырған тіл.

 

18- оқушы: Ақ ниет ақыл ойдың тұжырымы,

Анамның ақ сүтімен жуылған тіл.

Қашаннан сөзім-әуен, сазым- өткір,

Тіл – тірлік, қазағымның жаны деп біл.

Күнде-күн арамызда күрмелмесін,

Әйтеке, Төле би тіл, Қазыбек тіл.

Ана тілім талайларды ақын етті,

Алддаспан Махамбетті батыр етті.

Көтерген төбесіне  ана тілін,

Көтерем мен төбеме Ахметті.

Білмеймін тілім барда мен қайғыны,

Білмейді тілім барда ел қайғыны.

Қазақша миллион ақын жырласа да,

Тілімнің таусылмайды ең байлығы.

— Жүргізуші: Өзі ақын, өзіер, өзі көсем,

Таба алам  ба Махамбетті мен іздесем.

Оның ойы найзағай жарқылындай,

Оның жаны жұлдызбен егіз десем.

Кім бар менің сөзімді жан демейтін,

Ол бір күн ғойкөгіне өрлемейтін

Ала алмадым алысыпосынау шыңды,

Сала алмадым  Махамның мен де кейпін,- деп ақын жырлағандай халықтың еркіндігі  мен бостандығы үшін күрескен, «қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеген»

Патриот ақын Махамбет жырын тыңдап көрейікші.

Махамбеттің термесі «Мен едім».

19-оқушы: Халқым менің, алтын- кенім қазынасы сан қатпар,

Әр сөзінде қолдың басы қорғасындай салмақ бар.

Ақ қағазға түспесе де, көкейлерде сақталған,

Ғылым бүтінкөне көздер кеуделерін  ақтарған.

20- оқушы: Асыл сөзі аман жеткен сани ғасырға  тозбастан,

                     Аруақты  бабаларға бағышталар боз қасқам.

Аталардан қалған мұра- сарқылмайтын қазынам,

Киесі мен қасиетін қастерлейді әз ұлан.

21- оқушы: Дос адамға бары бүгін ырыс болып бұйырған,

Қас адамға әділ үкім қылыш болып құйылған.

«Бірін-бірі өжет» дейді өсер елдің асылы,

Елім менің- кенім менің сөзі жарқыл қағатын.

Қанатымен ұшып құстар, құйрығымен қонатын,

Дана мақал-өлеңіме дайын тұрған тармақтар,

Әр сөзінің астарында саф алтындай салмақ бар!

22- оқушы: Жылжыған жылдар көшімен,

Жете алмай саған кешігем

Тербетіп мені, туған жер,

Өсірген алтын бесік ең.

Өлеңмен боп, жыр боп есілім,

Қатарға жүйрік қосып ең.

Төрт көзің түгел түзде боп, Анамдай алдан тосып ең.

23- оқушы: Туғанда мені тың түлеп,

Жаңарған дала дүркіреп.

Кейуана көктем сүйеді,

Салмалы беттен үлбіреп.

Көзіме нұр боп басылдың,

Жолыма жыл боп  шашылдың.

Бағасыз қалай өтермін,

«Туған жер» деген асылдың.

24- оқушы: Мейірімі мол балаға,

Бар әлемде анаға,

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп,

Данамыздың үні деп.

Хормен:  Ана тілін сүйеміз.

25-оқушы: Ақ сүтінен жаралған,

                     Ақ сүтінен нәр алған

Анаға елдің тілі деп,

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп

Хормен: Ана тілін сүйеміз.

«Ананың тілі»  хормен орындалады.

Мұғалім: Біздің «Ана тілім –асылым, асыл мұрам» атты сынып сағатымыз аяқталып келеді. Тіл- әр ұлттың қайталанбас  байлығы. Тіл бар жерде  ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін, осы тілі арқылы бүкіл әлемге  танытпақпыз, тіл арқылы басқа да салт- дәстүрлер ді, әдет- ғұрыптарды, тарихын, мәдениетін, әдебиетін үйренеміз. Сондықтан әр азамат өз ұлтының қамқоршысы, жаршысы, қорғаны болары сөзсіз.